Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы»

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы»

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізу:

2-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

1) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы - еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық басасын қамтитын ақпараттық жүйе»;

4-тармақ алынып тасталсын.

11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Еңбек ресурстарының болжамы:

қысқа мерзімді кезеңге арналған – есепті тоқсаннан кейінгі әр айдың 20-күнінен кешіктірмей;

орта мерзімді кезеңге арналған – есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей;

ұзақ мерзімді кезеңге арналған – әр үш жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей Жүйеге орналастыруға жатады.

  1. Қысқа мерзімді кезеңге арналған Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесі "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жұмыс берушілердің ақпараты негізінде «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталымен интеграциялау арқылы кейіннен талдау және өңдеумен келесі теңдеудің көмегімен қалыптастырылады:

 

 

        мұнда, – Xt кезеңіндегі болжамды жұмыспен қамту;

 

– модель параметрлері;

– авторегрессиялық бөлігінің тәртіптері, айырманың алынуы, жылжымалы орта мәннің бөлігі;

тәртібінің уақыттық қатар айырмасының операторы (бірінші тәртіптің айырмасын d рет бірізді алу – алдымен уақыттық қатардан, кейіннен бірінші тәртіптен алынған айырмалардан, кейіннен екінші тәртіптен және т.б.);

– ақ шуыл.

19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесінің нәтижелерін мемлекеттік органдар:

1) техникалық жеке кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру;

2)бағыттар бөлінісінде мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру үшін ұсыныстар әзірлеу кезінде;

3) республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу;

4) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау;

5) бюджет, жастар, көші-қон, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту саясатын әзірлеп, іске асыру кезінде.

  1. Еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастырудың нәтижелері «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін;

3) бұйрықтың осы тармағында көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А. А. Сарбасовқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

 

Аты-жөні

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»                                 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі         

«КЕЛІСІЛДІ»     

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі           

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық банкі      

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі           

«КЕЛІСІЛДІ»     

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігі           

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі           

«КЕЛІСІЛДІ»     

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 

«КЕЛІСІЛДІ»     

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі           

«КЕЛІСІЛДІ»     

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


                                                                    

Дата публикации
01 марта 2022