«Биіктікте жұмыс істеу кезінде еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 41-9) тармақшасына сәйкес «Биіктікте жұмыс істеу кезінде еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы әзірленді.
Аталған бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Занының нормаларына сәйкес келтіру болып табылады.
2022 жылдың 3 ақпанында бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына жария талқылану үшін орналастырылған. 2022 жылдың 17 ақпанына дейін өзекті (орналастыру мерзімі 10 жұмыс күні).