«Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 41-3) тармақшасына сәйкес «Еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы әзірленді.
Аталған бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 16-бабының 41-3) тармақшасына сәйкес келтіру болып табылады.
2022 жылғы 1 ақпанда бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында көпшіліктің талқылауы үшін орналастырылған.