Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минитрінің
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасына
ПРЕСС-РЕЛИЗ
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрықтың жобасы) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 26) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының жай-күйі туралы статистикалық деректерді жинау, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу мақсатында әзірленген.
Бұйрықтың жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 3 қаңтардағы № 101-VII ҚРЗ Заңына сәйкес келтіруге бағытталған.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
2022 жылғы 25 ақпанда бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және ЕХӘҚМ ресми сайтында орналастырылған.