Жұмыстар мен жұмысшы
кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығын
(61-шығарылым) бекіту туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
|
Б. Нұрымбетов |
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 102 |
|
бұйрығына қосымша |
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (61-шығарылым)
1-тарау. Кіріспе
ағаштан, капо-тамырдан және қабықтан көркем бұйым жасау өндірісі;
зергерлік-филигран өндірісі;
көркем бұйымдар жасау өндірісі (жалпы кәсіптері);
қырлау өндірісі;
металдан көркемөнер бұйымдарын өндіру;
миниатюралы кескінделген папье-машеден жасалған көркем бұйымдар жасау өндірісі;
мүсіндеу өндірісі;
сүйек және мүйізден жасалатын көркем бұйымдар жасау өндірісі;
тастан көркемөнер бұйымдарын өндіру;
тері және былғарыдан көркем бұйымдар жасау өндірісі;
халықтық қолөнер кәсіпшілігі бұйымдарын жасау өндірісі;
янтарьдан жасалған көркем бұйымдар жасау өндірісі бойынша жұмыстарды қамтиды.
2-тарау. Ағаштан, капо-тамырдан және қабықтан көркем бұйым жасау өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
Параграф 1. Ағаш және ағаш қабығын кесуші, 2-разряд
қарапайым сюжеттік-оюлық суреттерді ағаш қабығына қолмен кесу;
негізгі сызықтарды белгілеу, сурет және қарапайым композицияларға контур жасау.
ағаш қабығын көркемдеп кесу жолдары, қарапайым сурет контурларын жағу жолдары;
ағаш қабығының сапасы және түсі бойынша жарамдылығы;
жергілікті көркемөнер дәстүрлері.
1) бурачоктар;
2) қораптар;
3) кузовкалар;
4) қобдишалар – кесу.
Параграф 2. Ағаш және ағаш қабығын кесуші, 3-разряд
жергілікті қол өнер дәстүрін сипаттайтын орташа күрделіктегі сюжеттік-оюлық суреттерді кесу және оюлық композициялар жасау;
қарапайым суреттерді қолмен ағаш бойынша контурлық және көлемді түрде кесу;
түстерді аралау, грифельді кесу, булавкаларды жайластыру;
түстерді жөндеу.
орташа күрделіктегі суреттерді ағаш қабығына және қарапайым суреттерді ағашқа көркемдеп кесу жолдары;
көлемді тегіс рельефті кесу жолдары;
ою элементтері;
ағаш және ағаш қабығының қасиеттері мен жыныстары;
қолданылатын құрал-сайман.
1) «Жаңғақ ұстаған тиін», «Ағаштағы тоқылдақ», «Шоқып тұрған тауықтар», «Жемсауыттың жанындағы құстар» - көркемдеп кесу;
2) түрлі формадағы қасықтар – кесу;
3) ағаш қабығынан солонкалар – көркемдеп кесу;
4) ашық түсті, ашық көгілдір, ашық сары раушан гүлдері – көркемдеп кесу және сырлау.
Параграф 3. Ағаш және ағаш қабығын кесуші, 4-разряд
халық оюлары дәстүрінің элементтерін енгізе отырып күрделі сюжеттік-оюлық суреттерді қолмен ағаш қабығында кесу;
орташа күрделіктегі көлемді суреттерді ағашқа қолмен тереңдетіп ойып, бөренелі ойып кесу.
ағаш қабығы бойынша күрделі суреттерді және ағаш бойынша орташа күрделіктегі суреттерді көркемдеп кесу жолдары;
ағаш қабығына күрделі суреттердің контурларын салу жолдары;
ағаш қабығының көрінбейтін кемшіліктерін айқындау, түстерді жасауға арналған ағаш сұрыптары, суреттің мақсатына қарай түстерді кесу әдістері.
кесу:
1) «Айға ұшу», «Биші аю» тәрізді скульптуралық бұйымдар;
2) тауықтар, көкектер, үкілер;
3) пианиноның беткі рамасы;
4) ағаш қабығынан жасалған туесоктар;
5) пико жиынтығынсыз түрік және вена суреттерінің түстері, қара көгілдір, қара сары, ашық түсті шөп.
Параграф 4. Ағаш және ағаш қабығын кесуші, 5-разряд
адам, жануар, құс фигураларының бейнесін және түрлі сәулет мотивтерін енгізе отырып ерекше күрделі сюжеттік-оюлық композицияларды ағаш қабығында қолмен кесу;
күрделі суреттерді рельефте толық орындай отырып олардың дөңгелектелген және таңдамалы фонымен ағашта қолмен тереңдетіп, тегіс рельефті кесу;
элементтерін тондай отырып көлемді кесу;
фигураларды кесу, басылған суреті бар қалқан алу, түстерін кесу немесе аралау, фигураларды ескі түстерге қою немесе оларды жаңасымен ауыстыру.
ағаш қабығы бойынша ерекше күрделі суреттер мен ағаш бойынша күрделі суреттерді көркемдеп кесу жолдары;
ұлттық оюларды салу негіздері;
тегіс рельефті және өтпелі кесіндіні орындау тәсілдері;
композициялық шешімдердің құрылуы;
инкрустация негіздері, ағаштан түрлі кесілген жоғары көркемдік бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.
1) аптечкалар – ажурлы кесу;
2) «Арбада отырған аю», «Телефондағы аю», «Қолында бөшкесі бар аю», «Аю ағаш июде» тәрізді скульптуралық бұйымдар – көлемді көркемдеп ою;
3) кистяницалар – кудриндік кесу;
4) қуыршақтың жиһазы, пеналдар – рельефті кесу;
5) вена, украинның қара гүлдері, сымды пик жиынтығы бар түрік суреттерінің түстері – кесу;
6) қобдишалар – геометриялық кесу, тондау, жылтырату.
Параграф 5. Ағаш және ағаш қабығын кесуші, 6-разряд
ағашта ерекше күрделі оюлық және тақырыптық композицияларды, толық скульптуралық, барельефті орындаумен таңдалған фонмен көлемді, тегіс рельефті және өтпелі қолмен кесу;
геометриялық ұсақ кесу, инкрустациямен кесудің үйлесуі;
ескі орыс оюы дәстүрінде кесу;
манераларды суреттен көшірілген жазық бет бойынша жайластыру.
ерекше күрделі суреттерді ағашта көркемдеп кесу жолдары;
сурет салу, скульптура және пластикалық анатомияның композициялық шешімдерінің негіздері;
күрделі инкрустациялау – интарсия негіздері.
1) «Генерал Топтыгин», «Ит ерткен шаңғышы қыз», «Қайықтағы тасымалдаушы», «Қармағы бар балықшы», «Орыс үштігі» тәрізді скульптуралық бұйымдар – көркемдеп ою;
2) қобдишалар мен ларецтер – бұрынғы орыс оюы.
Параграф 6. Ағаш күйдіруші, 2-разряд
ағаштан жасалған бұйымдардағы қарапайым суреттерді электрлі инемен, электросығымдағыштың қыздырылған штампысымен трафарет бойынша күйдіру;
трафарет жасау және суретті ұнтақтау тәсілімен бұйымның бетіне аудару.
қарапайым суреттерді ағаш бетіне күйдіру трафареттер жасау жолдары;
суретті бұйымның үстіне ұнтақтау арқылы аудару тәсілдері.
күйдіру:
1) аралау материалдарынан бөрене;
2) «Әріптер» жинағы.
Параграф 7. Ағаш күйдіруші, 3-разряд
ағаштан жасалған бұйымдарда орташа күрделіктегі суреттерді электрлі инемен, электросығымдағыштың қыздырылған штампысымен трафарет бойынша күйдіру;
суретті даяр үлгіден калькаға аудару.
орташа күрделіктегі суреттерді ағаш бетіне күйдіру жолдары;
күйдіру аппаратының, электросығымдағыштың жұмыс принципі;
сурет күйдірілетін жартылай фабрикаттардың сапасына қойылатын талаптар.
күйдіру:
1) табиғи ою салынатын токарлық бұйымдар;
2) геометриялық суреті бар қораптар;
3) балар кубиктері.
Параграф 8. Ағаш күйдіруші, 4-разряд
бұйымдардағы күрделі суреттерді трафарет бойынша күйдіру;
негізгі сызықтарды белгілеу, сурет контурларын бұйымдарға салу.
күрделі суреттерді ағаш бетіне күйдіру жолдары, күйдіру аппаратының құрылымы мен пайдалану қағидалары;
сурет композициясы негіздері мен оюлы композицияларды құру заңдылықтары.
1) пейзаж бейнеленген ілінетін панно;
2) сәулет ескерткіштерінің суреті бар қобдишалар– күйдіру.
Параграф 9. Ағаш күйдіруші, 5-разряд
бұйымдардағы ерекше күрделі суреттерді трафарет бойынша электр инемен күйдіру;
күйдіру аппаратының жұмысын реттеу.
ерекше күрделі суреттерді ағаш бетіне күйдіру жолдары;
ағаштың көрінбейтін кемшіліктері;
ағаштан жасалған бұйымдардың сапалы талаптары;
күйдіру аппаратын реттеу тәсілдері.
1) пейзаж бейнеленген құмыралар;
2) портреттер бейнелеген панно – күйдіру.
Параграф 10. Ағаштан және папье-машеден жасалған көркемөнер бұйымдарын өңдеуші, 3-разряд
сызбалар мен эскиздер бойынша ағаштан қарапайым көркемөнер бұйымдарын монтаждау үшін қарапайым жартылай фабрикаттар мен ұсақ бөлшектерді өңдеу;
түрлі ағаш жыныстарын жанып алуға дайындау:
қабығын аршу, дайындама қалыңдығын талап етілетін мөлшерге дейін жеткізу;
бағалы ағаш жыныстарынан жасалған көркемөнер бұйымдарды ағаш текстурасын сақтай және оған түрлі реңк бере отырып арнайы химиялық құраммен өңдеу;
станоктардың жұмысын реттеу.
станоктың қызметі, қолдану принципі мен реттеу қағидалары;
қарапайым жартылай фабрикаттар мен ұсақ бөлшектерді жанып алу және токарлық өңдеу үшін ағашты дайындау технологиясы, ағаш жыныстары мен қасиеттері;
бағалы ағаш жыныстарынан жасалған көркемөнер бұйымдарын өңдеу технологиясы;
ағаштан жасалған көркемөнер бұйымдарын өңдеуде қолданылатын ерітінді құрамы.
1) скульптура дайындамалары – токарлық өңдеу;
2) матрешкалар – токарлық өңдеу;
3) жіңішке таяқ, таяқ сабау – қолмен және станокта өңдеу.
Параграф 11. Ағаштан және папье-машеден жасалған көркемөнер бұйымдарын өңдеуші, 4-разряд
үлгі және эскиздер бойынша ағаштан және папье-машеден жасалған орташа күрделіктегі жартылай фабрикаттарды, бөлшектер мен көркемөнер бұйымдарын токарьлық өңдеу;
токарьлық станокта капотамырдан жасалған бұйымдарды жанап алу;
станоктарды баптау.
ағаш және папье-машеден жасалған жартылай фабрикаттар мен көркемөнер бұйымдарын токарлық өңдеу технологиясы;
токарьлық станоктың құрылымы мен пайдаланылуы;
ағаштан және папье-машеден жасалған көркемөнер бұйымдарының техникалық шарттары.
1) бөшкелер және жартылай бөшкелер, конусты және тік формадағы жбандар – токарьлық өңдеу;
2) шағын мөлшердегі құмыралар, моншақтар – жанып алу;
3) түтіктер, мундштуктар – жанып алу;
4) үлкен қобдишалар – токарьлық өңдеу.
Параграф 12. Ағаштан және папье-машеден жасалған көркемөнер бұйымдарын өңдеуші, 5-разряд
үлгі және эскиздер бойынша ағаштан және папье-машеден жасалған күрделі жартылай фабрикаттарды, бөлшектер мен көркемөнер бұйымдарын токарьлық өңдеу;
көркемөнер бұйымдарын жасау үшін дайындамаларға мен болванкаларға ағаш таңдау, белгілеу, пішу;
саңылаулар тесу және бұйымды жинау.
токарьлық станоктардың кинематикалық схемасы, кесетін аспапты орнату, бекіту және қайрау тәсілдері;
ағаштан және папье-машеден жасалған күрделі жартылай фабрикаттарды, бөлшектер мен көркемөнер бұйымдарын токарьлық өңдеу технологиясы.
1) сувенирлік кадушкалар;
2) жануарлардың фигуралары;
3) қобдишалар – жонып алу.
Параграф 13. Ағаштан және папье-машеден жасалған көркемөнер бұйымдарын өңдеуші, 6-разряд
жеке композициялар бойынша ағаштан және папье-машеден жасалған ерекше күрделі көрмелік және бірегей көркемөнер бұйымдарын токарьлық өңдеу;
сувенирлік мақсаттағы көркемөнер бұйымдарын анилин бояуымен және спиртті лакпен түрлі түстерге тондау және жылтырату.
ағаштан және папье-машеден жасалған бірегей көркемөнер бұйымдарын токарьлық өңдеу технологиясы;
түрлі бағалы жыныстағы ағашты кептіру шектері;
ағаш кемшіліктері мен оларды жою, тондау және жылтырату жолдары;
бояулар мен лактарды қолдану және араластыру тәсілдері.
1) ірі құмыралар – жонып алу;
2) декоративтік паннолар – жонып алу;
3) жонылған сувенирлер – тондау, жылтырату;
4) шыны аяқтар – жонып алу.
Параграф 14. Ағашқа көркем сурет салатын суретші, 3-разряд
ағаштан жасалған көркемөнер бұйымдарына қарапайым хохлома суретінің түрлерін салу;
жиектерін жиектеу, түбі мен қақпағын бояу;
бояу жасау;
қарапайым табиғи ою суреті бойынша ағаштан Городецкий, полх-майдан суретін салу;
қарапайым оюдағы бұйымдарды күйдіре отырып Загорск суретін салу;
қарапайым токарлық фигураларды үлгілер бойынша салу және күйдіру.
күйдіріп хохлама, городецкий және полх-майдан оюын және загорск суретін салу жолдары мен ерекшеліктері;
бояу сапасы мен қасиеті;
бояу жасау тәсілдері;
сурет салуда қолданылатын еріткіштер мен лактардың қасиеті;
қылқалам нөмірлері мен олардың сапасы.
1) қасықтар – сурет салу;
2) пеналдар – сурет салу, жиектеу;
3) солонкалар – жиектеу, түбін бояу.
Параграф 15. Ағашқа көркем сурет салатын суретші, 4-разряд
ағаштан жасалған көркемөнер бұйымдарына орташа күрделіктегі хохлома суретінің барлық түрін жеке суреттер бойынша салу, алдын салынған суреттерді еркін қайталау;
құс және жануарларды орташа күрделіктегі табиғи оюмен бұйымдардың Городецкий суреті;
ағаштан жасалған бұйымдарға полх-майдан суреті, гуашьпен, анилин және май бояулармен көркем суреттеу;
орташа күрделіктегі табиғи және геометриялық ою суреттерінің үлгілері бойынша күйдіре отырып Загорск суретін салу.
күйдіріп хохлама, городецкий және полх-майдан оюын және загорск суретін салу жолдары мен ерекшеліктері;
гуашь, анилин және май бояулармен сурет салу техникасы;
күйдіргеннен кейін сурет салу жолдары;
темпер және акварель бояуларды пайдалану қағидалары.
1) турау тақтасы;
2) жерге қоятын ыдыстар;
3) нан салғыштар – сурет салу.
Параграф 16. Ағашқа көркем сурет салатын суретші, 5-разряд
ағаштан жасалған көркемөнер бұйымдарына хохлома суретінің барлық түрін жеке суреттер және композициялар бойынша салу;
жаппай өнімге, аз сериямен шығарылатын жаңа бұйымдарға тікелей сурет салу кезеңінде оюларды шығармашылық байыту;
жаңа формалармен сурет салу;
күрделі оюды ағаштан жасалған городецкий, полх-майдан оюын және загорск бойынша сурет салу;
инкрустацияны аяқтау үшін гуашьпен және акварельмен сюжеттік миниатюралық инкрустациялауды жетілдіру.
хохлама, городецкий және полх-майдан оюын және загорск суретін салу жолдары мен ерекшеліктері;
композиция негіздері, күрделі токарлық формаларда бұйымдарды күйдіру және сурет салу жолдары;
түстерді үйлестіру жолдары.
1) декоративтік құмыралар – сурет салу;
2) ұсақ бұйымдар жиынтықтары – сурет салу;
3) матрешкалар – сурет салу және күйдіру;
4) жиһаз – сурет салу;
5) қобдишалар – күйдіру және сурет салу.
Параграф 17. Ағашқа көркем сурет салатын суретші, 6-разряд
ерекше күрделі суреттің барлық түрін сурет салу кезінде тікелей оюларды байыту жөніндегі шығармашылық танытып жеке композициялар бойынша бірегей, тапсырыспен және сыйлыққа арналған бұйымдарға сурет салу.
хохлама, городецкий және полх-майдан оюын және загорск ерекше күрделі сурет салу жолдары;
сурет салу негіздері, ағаш текстурасын пейзаждарда қолдану, түс композициясын жасау жолдары.
1) көрмелік және бірегей құмыралар – сурет салу;
2) декоративтік ілетін панно – сурет салу, күйдіру;
3) сәулет өнері ескерткіштері салынған қобдишалар – күйдіру, текстуралық сурет, тондау.
Параграф 18. Көркемөнер бұйымдарына арналған өсімдік материалдарын дайындаушы, 3-разряд
ағаштан көркемөнер бұйымдарын жасауға арналған ағаш қабығын және бағалы жыныстарды дайындау;
қайың ағашының қабығын аршу, қабығынан, түктен, тамшылардан паразит өсінділерден тазарту;
ағаш қабығын сапасына, өлшеміне қарай сұрыптау және оны бумаларға түю;
қолмен және станокта унцукульды бұйымдар жасауға арналған бағалы жынысты ағашты аралау;
алдын ала қыздыру жолымен дайындамаларды түзету.
ағаш қабығын дайындау қағидалары, ағашты қолмен және машинамен аралау жолдары;
ағаш қабығын,сабанды дайындау, жинау, сақтау және пайдаланудың техникалық шарттары;
ағаштың жыныстары мен қасиеттері, сувенирлі бұйымдар жасауға жарамдылығы;
қыздыру жолымен дайындамаларды түзету тәсілдері;
станоктар мен құрылғылардың құрылымы, оларды реттеу қағидалары.
Параграф 19. Көркемөнер бұйымдарына арналған өсімдік материалдарын дайындаушы, 4-разряд
кряж және плашка дайындау;
сурет бойынша қажетті құрылымды және әдемі ағаш қабығы мен капо тамырды алу үшін берілген мөлшері бойынша қолмен немесе арнайы станокта плаха және дайындаманы бөлу;
станоктарды баптау.
кряж және плашкаларды дайындау қағидалары;
станоктарды таптау қағидалары;
бағалы жыныстардың және капо тамырдың құрылымы, оларды аралау қағидалары.
Параграф 20. Ағаштан көркемөнер бұйымдарын фанерлеуші,
4-разряд
қарапайым және орташа күрделіктегі көркемөнер бұйымдарының бетін қолмен және станоктарда ағаштың түрлі жыныстарын шпонымен фанерлеу;
жартылай фабрикаттар мен бұйымдардың бетін фанерлеуге дайындау;
аспапты дайындау және қайрау.
қарапайым және орташа күрделіктегі көркемөнер бұйымдарын фанерлеу жолдары;
шпонның түрлі жыныстарының сапасы мен қасиеті;
қолданылатын жабдықтың қызметі мен қолдану принципі.
1) қалқан бөлшектер;
2) корпустық бұйымдар – фанерлеу.
Параграф 21. Ағаштан көркемөнер бұйымдарын фанерлеуші, 5-разряд
күрделі көркемөнер бұйымдарының бетін қолмен және станоктарда ағаштың түрлі жыныстарын шпонымен фанерлеу;
түрлі құрылғыларды пайдалана отырып технологиялық кезектілікті сақтау;
декоративтік эффекті алу үшін түсі және текстурасына қарай түрлі жыныстағы шпонды іріктеу.
күрделі көркемөнер бұйымдарын фанерлеу жолдары;
шпон жасауда қолданылатын ағаштың жыныстары мен сұрыбы;
фанерлеудегі шпонның шекті ылғалдығы;
фанерлегеннен кейін бұйымдарды ұстау уақыты мен температуралық режимі, желім қасиеті мен жасау тәсілдері.
1) ларецтер, қобдишалар;
2) мозаикалы панно – фанерлеу.
Параграф 22. Ағаштан жасалған көркемөнер бұйымдарын сырлаушы,
2-разряд
олифа, алюминий ұнтақ жұқа жағылған ағаштан жасалған көркемөнер бұйымдарын қолмен немесе станокпен сырлау.
ағаштан көркемөнер бұйымдарына алюминий ұнтақ жағу жолдары;
бұйымдарға бекіту тәсілдері;
алюминий ұнтақ жағылған бұйымдарды кептіру жолдары мен кептіру мерзімі, бұйымдарды өңдеу технологиясы;
қолданылатын материалдардың химиялық қасиеті.
Параграф 23. Ағаш қабығынан жасалған бұйымдарды желімдеуші,
2-разряд
ағаш қабығынан жасалған бұйымдарды қолмен желімдеу;
суреті бар ағаш қабығының сыртқы жағына желім жағу;
ағаш қабығын фольгаға және фольгалы ағаш қабығын көркемөнер бұйымына жапсыру.
ағаш қабығын фольгаға және фольгалы ағаш қабығын көркемөнер бұйымына желімдеу жолдары;
желімдердің қасиеті мен сапасы;
ағаш қабығынан жасалған бұйымдарды жасау технологиялық процесі мен олардың техникалық шарттары.
Параграф 24. Ағаш қабығын пішуші, 2-разряд
ағаш қабығының кедір-бұдырын зімпара қағазбен тазалап, көркемөнер бұйымдарына шаблон бойынша қолмен пішу;
жиегін үлгі және сурет бойынша сызу;
көркемөнер бұйымдарына суретті ағаш қабығын монтаждау;
берілген мөлшер бойынша фольга қию және оны бояу.
қалдығы аз ағаш қабығын қолмен пішу, сурет бойынша жиегін белгілеу жолдары;
зімпара терісі нөмірлері;
жасалатын көркемөнер бұйымдарының мөлшері;
ағаш қабығының сапасына қойылатын техникалық талаптар.
Параграф 25. Капо тамырды булаушы, 4-разряд
тиісті реңк бере отырып қоспаларды құрту мақсатында капо тамырды булау камерасында булау;
камерадағы булау процесін, бу қысымын қадағалау;
камераға салу және түсіру.
булау камерасының құрылымы мен оны күту қағидалары;
капо тамырды булау және кептіру технологиялық процесі;
капо тамырды белгілі бір реңкке дейін булау режимі, камерадағы қысымды реттеу жолдары;
кептіру камерасын толтыру қағидалары мен жолдары.
Параграф 26. Хохлома суретін салу бұйымдарын шыңдаушы,
4-разряд
ағаштан жасалған хохлома суреті бар көркемөнер бұйымдарын электр пештерде шынықтыру;
көркемөнер бұйымдарын электр пештеріне оларды оңтайлы орналастыра отырып салу;
пештен өнімді түсіру;
электр пештерінде температура режимін және шынықтыру уақытын қадағалау.
электр пештерінің құрылымы;
бұйымдарды шыңдаудың технологиялық берілген режимі бойынша температурасын реттеу;
лак бояу материалдарын бұйымдарға жағылған қалыңдығына қарай шыңдау уақыты;
жылтыр өлшегішті пайдалану қағидалары;
пленканың қаттылығын айқындау тәсілдері;
шығарылатын өнімнің техникалық шарттары;
электр техника негіздері;
лак, бояу, еріткіштердің химиялық қасиеті мен консистенциялары;
электр пештерінде шыңдауда температуралық төзімділігі.
Параграф 27. Декоративтік ағаш жынысын сұрыптаушы, 4-разряд
капо тамыр және түрлі декоративтік ағаш жыныстарын сұрыптау және қабылдау;
ағашты одан түрлі көркемөнер бұйымдарын жасауына байланысты жынысы, сұрыбы және мөлшері бойынша бөлу;
фанераға бөлу үшін түрлі текстурадағы жоғары сапалы ағашты бөлу;
ағаш және капо тамыр кемшіліктерін және оларды көркемөнер бұйымдарына пайдалану мүмкіндігін айқындау.
декоративтік ағаш жыныстарының сапасы, сұрыптылығы;
декоративтік ағаш жыныстары мен капо тамырды аралау, сұрыптау, қалау, сақтау қағидалары мен жарамдылығын айқындау;
ағаш пен капо тамырдың түрлі декоративтік жыныстарынан жасалатын көркемөнер бұйымдарының түр-түрі.
3-тарау. Зергерлік-филигран өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
Параграф 1. Білезік зергері, 1-разряд
білезікті жасау алдын дайындық операцияларын орындау;
дәнекерлегеннен кейін сымды майсыздандыру, алу, бұйымдарды жинақталған күйінде шаю;
ағарту құрамын әзірлеу.
даярлық операцияларын орындаудың технологиялық кезектілігі және тәсілдері;
майсыздандыру және шаю жолдары, ағартатын құрамды дайындау тәсілдері.
Параграф 2. Білезік зергері, 2-разряд
түсті металдан қарапайым білезіктердің штампыланған бөлшектерінің тораптарын құрастыру;
штампыланған бөлшектерді өңдеу;
дәнекерлеу бөлшектерін дайындау;
бөлшектер мен тораптарды дәнекерлеу;
бөлшектер мен тораптарды дәнекерлегеннен кейін ағарту, шаю және кептіру.
штампыланған бөлшектерді өңдеу және тораптарды құрастыру технологиясы;
ағарту қағидалары;
білезік бөлшектерін өңдеу және тораптарды құрастыруда қолданылатын аспап, жабдық және құрылғылар;
түсті металдардың физикалық-химиялық қасиеті.
Параграф 3. Білезік зергері, 3-разряд
түсті металдан қарапайым білезіктерді құрастыру;
штампыланған бөлшектерді өңдеу және тораптарды дәнекерлеу;
глидерлік, звенолық және өзге де білезіктерді монтаждау;
штампыланған бөлшектен жасалған шнепперлі шарнирде үрленген тегіс білезік жасау;
арнайы кесетін аспапты қайрау, түзету және термоөңдеу.
білезік құрастыру технологиясы;
қатты дәнекермен дәнекерлеу тәсілдері, қайрау геометриясы, кесетін аспапты түзету және термоөңдеу, дәнекерлеу қызметі мен оларды сызбалардағы шартты белгіленуі;
бағалы металдың барынша аз шығын болуын қамтамасыз ететін өңдеу жолдары мен тәсілдері;
түрлі кесілген сымды созғылау тәсілдері.
түсті металдан жасалған тоқылған, шарнирлі, эластикалық созылғыш білезіктер.
Параграф 4. Білезік зергері, 4-разряд
орташа күрделіктегі түсті және бағалы металдан қарапайым білезіктерді құрастыру;
звенолық білезіктерді, құлақты, тігін және шнепперлі бортты шынжырларды жасау.
білезік құрастыру технологиясы;
дәнекерлеуде жік сапасына дәнекердің әсері;
білезіктерді құрастыру кезінде қолданылатын фасонды бейіндердің түрлері;
бағалы металдардың физикалық-химиялық қасиеті.
Параграф 5. Білезік зергері, 5-разряд
күрделі түсті металдан қарапайым білезіктерді құрастыру;
ерекше күрделі білезіктер үшін бағалы металдан жасалған штампыланған бөлшектерді өңдеу;
үлгі және сурет бойынша жекелеген бөлшектерді қолмен жетілдіріп штампыланған бөлшектен бағалы және жартылай бағалы тасы бар күрделі білезіктер жасау;
жекелеген тораптары мен бөлшектерін ауыстырып білезіктерді реставрациялау;
бағалы металдан звенолық дәнекерленген шынжырлы қолмен жасау.
құрастырмалы білезіктерді және күрделі фасондағы шынжырларды қолмен жасау технологиясы;
бағалы металдар үшін сынама бойынша легирлік ау есептеу әдістері;
білезіктің бетінде өңдеу жұмыстарының түрлері;
дәнекерлеудің барлық түрімен білезіктерді жөндеу және реставрациялау әдістері.
ажурлы среднигі бар алтын білезіктер – құрастыру.
Параграф 6. Білезік зергері, 6-разряд
ерекше күрделі жоғары көркемөнер білезіктерін құрастыру;
жоғары көркемөнер білезіктеріне сурет салу және олар бойынша модель жасау;
бөлшектердің өлшемін өз бетінше анықтай отырып білезіктерді үлгі және сурет бойынша және бағалы және құрамалы металл жұмысын орындау технологиясын дербес орындау;
асыл тастары бар жоғары көркемдік білезіктер жасау.
жоғары көркемдік білезіктерді суреттер және сызбалар бойынша жасау ерекшеліктері;
сызбаны оқу қағидалары.
Параграф 7. Зергер, 1-разряд
бұйымдарды құрастырудан алдын дайындық операцияларын орындау. дәнекерлегеннен кейін сымды майсыздандыру, алу, жинақталған күйде бұйымдарды шаю;
ағарту құрамын әзірлеу;
мөлшері 0,5 сантиметрден жоғары дөңгелек және сопақ формадағы шыныдан, өңдеу тасынан және корундыдан жасалған қондырғыларды кейіннен қылтанақтарын алып тастай отырып түсті металл және күміс зергерлік бұйымдардың штампыланған крапанды касталарға бекіту;
түсті металл және күмістен жасалған ыдыс зергерлік бұйымдарын егеулеу, қырналау және қолмен жылтырату.
даярлық операцияларын орындау технологиялық кезектілігі мен тәсілдері;
майсыздандыру және шаю жолдары;
ағарту құрамын әзірлеу тәсілдері;
крапанды қондырғыны бекіту жолдары;
аспапты бекітуде қолдану жолдары;
қондырғыларды қырлау түрлері;
корундының физикалық-химиялық қасиеті;
ыдыс тобы бұйымдарын және қолданылатын аспаптарды қолмен өңдеудің технологиялық процесі мен тәсілдері.
жылтырату және қырналау:
1) шанышқылар;
2) десерт, асхана, шәй қасықтары.
Параграф 8. Зергер, 2-разряд
түсті және бағалы металдан жасалған қарапайым зергерлік және көркемөнер бұйымдарды монтаждау, жасау, жөндеу, тегістеу, жылтырату, қырналау, егеулеу;
бөлшектерді түзету және іріктеу;
дәнекерлеуге арналған бұрғыны шыңдау;
бұрғылы дәнекер қоспасын құрастыру;
бұйымдарды, бөлшектер мен тораптарды дәнекерлеуге дайындау, дәнекерлеу, дәнекерлейтін жерге апару, дәнекерлегеннен кейін ию, түзету, ортасын дәлдеу, қиыстыру, күйдіру, ағарту, шаю және кептіру;
қарапайым құрылғыларды пайдаланып саңылауларды бұрғылау;
звеноларды құлақтарға біріктіру;
аспапты қайрау және толтыру;
бұйымдарды контактілі (нүктелі) пісіру;
мөлшері 0,5 сантиметрге дейінгі дөңгелек және сопақ формадағы шыны, өңдеу тасы және корунды қондырғыларын түсті метал және күмістен жасалған зергерлік бұйымдардың штампыланған және құйылған крапан касталарына бекіту;
желімнің көмегімен ұсақ қондырғыларды бекіту.
дайындық жұмыстарын, бұйымдарды монтаждау технологиясы;
дәнекерлеу қоспасының құрамы;
монтаждау операцияларын, желім бекітпелерін орындау жолдары;
ағарту қағидалары;
күйдіру режимдері;
құрылғылар мен аспаптар, контактілі пісіру аппаратының, жылтырату және тегістеу станоктарын пайдалану қағидалары мен құрылымы;
қолданылатын материалдардың негізгі қасиеті;
бағалы және түсті металдарды маркалары және сынау;
аспапты қайрау және түзету тәсілдері;
түсті және бағалы металдардың физикалық-химиялық қасиеті.
1) белгілер, медальдар, ордендер – бөлшектерін бекіте отырып монтаждау;
2) үш бөлшекке дейін және бір қондырғылы сақиналар, брошьтар, сырғалар, рюмкалар, солонкалар – жасау, монтаждау.
Параграф 9. Зергер, 3-разряд
түсті және бағалы металдан жасалған орташа күрделіктегі зергер және көркемөнер бұйымдарын монтаждау, жасау, жөндеу, тегістеу;
мыс-мырыш құймалар мен сымдардан, күміс және алтын дәнекерден дайындамалар;
зергерлік бұйымдардың бөлшектері мен қондырғыларын, байланған бұрышы бар, екіжақты фаскалы және «кабошон» формалы тастарды тегістеу, жылтырату және жетілдіру;
түрлі құрылғыларды пайдалана отырып саңылау тесу және бұрғылау;
даяр үлгі бойынша суретті салу үшін қарапайым формадағы бөлшектерді жасау;
қарапайым фасондағы ширатылған бауларды өру;
звено, винт және шайбалардың негізін егеулеу;
ранттарды, шарнирлер мен пластиналарды дәнекерлеу;
ажурлы ширатпа бұйымына қағаздан немесе модельден сурет бойынша даяр бөлшектерді дәнекерлеу;
50 шаршы сантиметрге дейінгі филиграньды ойылатын бұйымдарға жапсырмалы филиграньды дәнекерлеу;
металды химиялық өңдеу және патиндеу;
композициялардың ойылмаған суреті бар түсті және бағалы металдан жасалған зергерлік және көркемөнер бұйымдарын қарайту;
арнайы кесетін аспапты қайрау, түзету және термоөңдеу;
шыныдан, өңделген тастан жасалған қондырғыларды, тік бұрышты, төрт бұрышты, сопақша формадағы корундыны крапанды және бос кастаға бекіту;
желім арқылы ірі қондырғыны бекіту;
диаметрі 0,25 миллиметрден асатын сымнан якорь және панцирь тәрізді өрілген шынжырды өруге арналған шынжыр өретін автоматтарға қызмет көрсету;
күрделі емес формадағы бұйымдар мен бөлшектердегі күрделі емес табиғи және геометриялық оюлар ою;
бағалы металл сүйменін балқыту.
қатты дәнекерлермен дәнекерлеу тәсілдері;
дәнекерлердің қызметі және олардың сызбадағы шарты белгілері;
кесетін аспапты қайрау, түзету және термоөңдеу геометриясы;
бағалы металдың барынша аз шығынын қамтамасыз ететін өңдеу жолдары мен тәсілдері;
түрлі кесілген сымдарды созғылау тәсілдері;
оправаны пассовкалау және қиыстыру жолдары;
бекіту кезінде ақау түрлері мен себептері, оның алдын алу және түзету әдістері;
саңылауларды бұрғылау және тесуде түрлі құрылғыларды қолдану тәсілдері;
түсті және бағалы металдардан жасалған бұйымдарды термиялық өңдеу қағидалары;
муфта пештерінің құрылымы;
ширатпа және филигрань дәнекерлеу технологиясы;
бөлшектерді балқыту жолдары;
өңдеу әдістері;
сурет негіздері;
шынжыр жасау технологиясы;
шынжырмен байланатын автоматтардың құрылымы, оларды жұмыс процесінде баптау әдістері;
тез тозатын бөлшектерді ауыстыру тәсілі мен шынжыр тізбегін жіберу және формалау, шынжыр төсемін өру және тізбектердің қиысу сапасын бақылау әдістері;
бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі мен қолдану шарттары;
тез тозатын бөлшектердің материалы мен негізгі қасиеттері, бағалы металдармен жұмыс істеуде – бағалы металдарды есептеу, сақтау, өңдеу және тапсыру жөніндегі нұсқаулықтар.
монтаждау, жасау және жөндеу:
1) өрілген, шарнирлі, эластикалық-созғыланған білезіктер;
2) запонкалар;
3) филиграньды сақиналар;
4) бөлшектері бес және бірнеше қондырғылы асыл тастан тұратын сақиналар, брошьтар;
5) фасонды звено, глидер, розеткамен біріктірілген бір үлгілі дөңгелек, сопақша, фасондық құлақшалардан жасалған шынжырлар.
Параграф 10. Зергер, 4-разряд
түсті және бағалы метадан күрделі зергерлік және көркемөнер бұйымдарын монтаждау, жасау, жөндеу, тегістеу, жылтырату және қырналау;
іші бос бұйымдар жасау;
берілген химиялық құрамды сақтай отырып ломды балқыту;
металды білікпен, кескін біліктермен өңдеу;
бормашинаның көмегімен бұйымдарды өңдеу;
калибрмен жинақтау сапасын тексеру;
күміс бұйымдарды реставрациялау;
орташа күрделіктегі ширатпалы бөлшектер мен ажурлы филиграньды бұйымдар мен шаблондар жасау және жинақтау;
ажурлы филиграньды жинақтарды дәнекерлеу;
зерньді балқыту;
бұйымның формасы бойынша бұйымға модельден сурет аудару;
ойылған суреті бар түсті және бағалы металдан жасалған зергерлік және көркемөнер бұйымдарын қарайту;
бұйымдарды гальваникалық қаптау;
бұйымдарды эмальмен қаптау;
бұйымдарды нақыштау;
бағалы металдан жасалған зергерлік бұйым касталарын тегіс өңдей отырып крапанды және бос өңдей отырып бағалы және жартылай бағалы тас қондырғыларын бекіту;
оюлы бөлшектер мен қондырғылардан монтаждалған бұйымдарда құрама касталармен оправаларға бекіту;
диаметрі 0,25 миллиметрден кем сымнан «якорь», «панцирь» «екі жақты спираль», «бостон», «кордлы», «ирекше», «француз өрмесі», «екі жақты панцирлы», «шырша» тәрізді етіп шынжыр өретін автоматтарда өру;
автоматтарды баптау, бөлшектеу және құрастыру.
жартылай бағалы және бағалы тастардың физикалық-механикалық қасиеті;
құнды және жартылай құнды тастарды қырау түрлері:
сырғалық жұп тастарды іріктеуге қойылатын талаптар;
қондырғыларды бекіту мастикаларының құрамы мен әзірлеу тәсілдері;
зергерлік бұйымдардың күрделі бөлшектері мен тораптарын қиыстыру тәсілдері;
бекітудің түрлі үлгісіне арналған қондырғыларға ілдірік қиыстыру тәсілдері;
бор машинамен бұйымдарды өңдеу жолдары;
жинақтауда калибрлерді қолдану қағидалары;
кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлері;
бөлшектерді арасында монтаждай отырып филиграньды бұйымдарды дәнекерлеу жолдары;
түйірді балқыту тәсілдері;
дәнекер сапасын сыртқы түріне қарай айқындау әдістері;
фигураларды құрастыру есептерін орындау қағидалары;
қарайтылған күмісті қырналау және тегістеу жолдары;
күміс бұйымдарды жаңарту тәсілдері;
қызмет көрсетілетін жабдықтың кинематикалық тәсілдері;
звено тораптары мен формалау бөлшектерін позициялау дәлдігіне шынжыр байлайтын автоматтардың жұмысын тексеру тәсілдері.
құрастыру, жасау және жөндеу:
1) жапсырмалы филиграньды розеткалы ажурлы филиграньды вазалар, брошьтар, құмыралар;
2) бос бөлшектер мен бұйымдар;
3) сырға және брошь құлыптары;
4) бос ілінетін жартылай асыл тастардан жапсырмалары бар алтын сақиналар – оправаны жапсырмаларға қиыстыру;
5) «жіп» корнерлер;
6) түрлі үлгідегі дөңгелек құлақтары бар шынжырлар (лента тәрізді шынжыр) спираль формалы құлақшалар мен жұптап дәнекерленген шынжырлар.
Параграф 11. Зергер, 5-разряд
жеке, ұсақ және орта сериялы өндірілетін суретшінің макеті, мүсіні, суреті және эскизі бойынша жоғары көркемдік зергерлік бұйым үлгілерін әзірлеу және жөндеу;
асыл тасты бағалы металдан қолмен жасалған ерекше күрделі зергерлік бұйымдарын монтаждау және жөндеу;
бұйым элементтері мөлшерін айқындау және оны әзірлеу жұмыстарын орындау технологиясы;
монтаждау, бекіту, жылтырату жұмыстарын орындау мақсатында үлгі дайындамаларын құрылымдық, технологиялық талаптарды ескере отырып белгілеу;
құрылымдық элементтердің дәлдік деңгейі техникалық құжаттамасына сәйкес құю моделін әзірлеу;
7 бірліктегі төзімдіктегі материалдан «Моос» шкаласы (қаттылықтың минералогиялық шкаласы) бойынша қолмен тас кесетін бұйымдар жасау;
қарапайым және орташа күрделіктегі мозаикалы панно жасау;
50 шаршы сантиметрден асатын филиграньды ойылған бұйымдарға жапсырмалы филиграньды дәнекерлеу;
мөлдір эмальға қарапайым және орташа күрделіктегі оюларды таңдау;
күрделі формадағы ширатпалы бөлшектер мен ажурлы филиграньды бұйымдарды немесе шаблондарды әзірлеу және таңдау;
түсті және бағалы металдан жасалған зергерлік және көркемөнер бұйымдарының бетіне сызба бойынша түрлі фасонда ойылған оюлар салу;
қарайтылғаннан кейін және дейін нақыштау;
жартылай асыл және асыл тастарды гризантпен бос кастаға бекіту;
бағалы металдан жасалған жоғары көркемдік антиквар бұйымдарды реставрациялау;
үш жақты кордылы, құрама зәкір, құрама панцирь, шарик, үш жақты панцирь, венециандық тәрізді шынжырларды шынжыр өретін автоматтарда өру;
бағалы металдан жасалған зергерлік бұйым касталарын тегіс өңдей отырып клапанды және бос өңдей отырып бағалы және жартылай бағалы тас қондырғыларын бекіту;
химиялық құрамды есептеу;
техникалық талаптарға сәйкес бағалы метал Ломын балқыту.
бағалы және түсті металдар мен тастарды көркемдеп өңдеудің барлық түрі;
декоративті қолданбалы өнердің негізгі стильдік ерекшеліктері;
құю, филигранды, нақыштау, эмальдау, тас кесу ісінің, сүйектен жасалған бұйымдарды инкрустацияланған металмен нақыштаудың ерекшеліктері;
сызбаларды оқу қағидалары;
нақыштау жұмысы құрал-саймандарын жасау әдістері;
карат өлшегішті, карат және талдама таразыларын пайдалану қағидалары.
1) күрделі ширатпалы оюы және эмаль звенолық декоративтік білезіктер;
2) ортасы ажурланған алтын білезіктер;
3) екі жақты розеткалы ажурлы филиграньды ілмек – жасау және жөндеу;
4) ажурлы жиекпен және ажурлап дәнекерлеген жартылай асыл тастардан жасалған жапсырмалары бар күміс брошьтар;
5) гауһары бар алтын сақиналар – монтаждау және жөндеу;
6) пластинка және финифтянды көркем суреттелген декоративтік ыдыстар;
7) екі жақты розеткалы ажурлы филиграньды брошьтар;
8) ұсақ бөлшектерден тұратын ширатпалы оюлы коникалық түбі бар сферикалық формадағы құмыралар – жинақтау және дәнекерлеу.
Параграф 12. Зергер, 6-разряд
суретшілердің жобалары және жеке композициялар бойынша бірегей зергерлік бұйымдарды әзірлеу және жөндеу;
күрделі егелген суреті бар бұйымдарды орындау;
күрделі формадағы және конфигурациялы үлгілер мен модельдермен жұмыс істеу үшін арнайы аспаптарды, құрылғылар мен керек-жарақтарды әзірлеу;
«Моос» шкаласы (қаттылықтың минералогиялық шкаласы) бойынша 7 бірліктен асатын төзімділіктегі материалдан тас кесетін бұйымдарды қолмен жасау;
күрделі мозаикалы панно жасау;
жеке сызбалары, суретті мен композициялары бойынша нақыштау және ою;
күрделі көркемдік композициялы оюлы штампылар жасау;
арнайы құрылғылар арқылы түрлі үлгідегі касталарға жартылай бағалы және бағалы тастарды бекіту;
бағалы тастан жасалған жоғары көркемдік бұйымдардағы жапсырмалар мен асыл тастарды бекіту;
асыл тастарды іріктей отырып бос касталарға бекіту;
түрлі декоративтік бөлшектерді механикалық түрде бекіте отырып ажурлы суреттерді егеулеу, штифтілеу, тегістеу, сығымдау;
эмальмен оюлау;
рельефті жапсырмалы және оюлы көлемді ажурлық филиграньды бұйымдар жасау;
мөлдір эмальмен сурет салу және күрделі ширатпалы оюлар жасау;
ажурлы филиграньды жекелеген бөлшектерді модельге дәл сәйкестеп қиыстыру;
арасындағы операцияларды жүзеге асыра отырып жоғары рельефті бірегей көркемөнер бұйымдарын, алтын филиграньды бұйымдарды дәнекерлеу;
эмаль жіберу;
жоғары көркемдік және бірегей бұйымдарды реставрациялау;
оюлы суреттерді қалпына келтіру;
шынжыр төсемін қызыл, сары, жасыл, ақ түстермен алтын балқымаларын өру, шпрингельді құлып корпусын бір уақытта автоматта дәнекерлей отырып жасау;
лазерлі пісіру құрылғыларында зергерлік бұйымдарды пісіру.
ерекше күрделі ажурлы, фигуралы, фаденді, кармезинді оправаларды жасау жолдары, мастикалық мүсіндеу тәсілдері;
флорентиялық және орыс мозаикасын жасау ерекшеліктері;
көркем сурет, графика, сұңғат өнері негіздері;
классикалық және заманауи зергерлік өнер және зергерлік сәннің негізгі үрдістері;
шпрингельді автоматта дәнекерлеу режимдері мен тәсілдері;
зергер шынжырларын лазерьмен дәнекерлеу құрылғыларының жұмысын баптау әдістері мен режимдері.
1) ажурлы жиектелген және ажурлы дәнекерленген асыл тасты ұсақ жапсырмалары бар асыл немесе жартылай асыл тастардан жасалған ірі жапсырмалы брошьтар;
2) ширатпалы оюлы тәрелке тәрізді қабырғаға ілетін әшекейлер;
3) тақырыптық сипаттағы бейнелі ерекше күрделі формадағы күмістен жасалған туалет аспаптары – жасау және жөндеу;
4) эмаль жағу үшін суретті күміс құмыралар;
5) асыл тастары бар алтын колье – таңбалау;
6) ұсақ зерньді және ұсақ эмаль жапсырмалары бар филиграньды брошьтар;
7) жанжақты жапсырмалы бөлшектері бар ажурлы филиграньды ларецтер;
8) ширатпалы көлемді декоративтік жануарлар мен адамдардың фигуралары.
ұлттық дәстүрді, классикалық және заманауи зергерлік өнер мен зергерлік сән үрдістерін ескере отырып ерекше күрделі және бірегей зергерлік бұйымдарды жасаған және көркемдік кеңесте мақұлданған жеке шығармашылық әзірлемелер болған кезде кәсіп «Зергер-модельер» деп аталуы керек – 7-разряд.
Параграф 13. Зергер бекітуші, 1-разряд
мөлшері 0,5 сантиметрден асатын дөңгелек және сопақ формалы корундыдан жасалған қондырғыларды кейіннен қылтанақтарын тазалай отырып түсті металдан жасалған зергерлік бұйымдардың штампыланған крапанды касталарға бекіту.
қондырғыларды крапанды бекіту жолдары, аспапты бекітуде қолданылатын бекіту қағидалары;
қондырғыларды қырлау түрлері, корунды және түсті металдардың физикалық-механикалық қасиеті.
Параграф 14. Зергер бекітуші, 2-разряд
мөлшері 0,2-0,5 сантиметр дөңгелек және сопақ формалы корундыдан, өңдеу тасынан, шыны қондырғыдан жасалған қондырғыларды түсті металдан және күмістен жасалған зергерлік бұйымдардың штампыланған крапанды касталарға бекіту;
желім арқылы ұсақ қондырғыларды бекіту.
желіммен бекіту жолдары, бекіту жөніндегі құрылғыларды ұсақ жөндеу қағидалары;
әйнектің, өңдеу тасы мен күмістің физикалық-механикалық қасиеті;
бекіту дұрыстығын және сапасын айқындау әдістері.
Параграф 15. Зергер бекітуші, 3-разряд
тік бұрышты, төрт бұрышты және сопақша формадағы шыныдан, өңдеу тасынан және корундыдан жасалған қондырғыларды крапандау және бос касталарға бекіту;
желім арқылы ірі қондырғыларды бекіту.
оправаны пассалау және қондырғыға ұяшықты қиыстыру жолдары;
ақау түрлері мен себептері және олардың алдын алу және түзету шаралары.
Параграф 16. Зергер бекітуші, 4-разряд
бағалы металдан жасалған зергерлік бұйымдардың тегіс өңделген кастасына жартылай бағалы және асыл тастан жасалған қондырғыларды крапандау және касталарға бекіту;
жөнделген жекелеген ою бөлшектері мен қондырғылардағы құрамалы касталы оправаларға қондырғыларды бекіту;
күмістен және алтыннан реставрацияланатын бұйымдарға қондырғыларды бекіту.
жартылай бағалы, асыл тастардың, бағалы металдардың физикалық-химиялық қасиеті;
жартылай бағалы және асыл тастарды қырлау түрлері;
ас тастарын таңдау талаптары, бекіту аспаптары мен құрылғыларын жасауда қолданылатын болатты термиялық өңдеудің қарапайым мәліметтері;
қондырғыларды бекіту мастикаларының құрамы мен жасау тәсілдері.
Параграф 17. Зергер бекітуші, 5-разряд
жартылай бағалы және асыл тастарды гризантты бос кастаға бекіту;
бағалы металдан жеке жасалған бұйымдардағы корнер қондырғыларын кейіннен тегіс фасканы және гризантты оюмен өңдеп бекіту;
асыл тастан жасалған реставрацияланатын бұйымдардағы тастарды бекіту.
ұсақ тастарды қиыстыру және оларды кейіннен корнермен оюлы өңдей отырып бекіту жолдары;
арнайы бекіту аспабын толтыру тәсілдері;
карат өлшегіш, карат және талдамалық таразыны пайдалану қағидалары.
Параграф 18. Зергер бекітуші, 6-разряд
жартылай бағалы және бағалы тастарды түрлі үлгідегі бос кастаға арнайы құрылғылардың көмегімен бекіту;
күрделі өңделетін бағалы металдардан жасалған көркемдігі жоғары бұйымдарға қойындылардың барлық түрін бекіту;
эмаль, қарайтылған күміс, ширатпа, оймалы фигуралы және ажурлы кастылар мен оправаларды жеке қиыстырып және жоғары көркемдеп өңдей отырып дұрыс емес формадағы асыл тастарды және түрлі көркем қойындыларды бекіту;
асыл тастарды іріктеп бос касталарға бекіту;
асыл тас корнерлерін жеке шығарылған бұйымдарға кейіннен өңдей отырып бекіту, тегіс фаскалау, гризантты ою, оюлау, кастаны қаптау.
жартылай бағалы және бағалы тастарды арнайы құрылғыларды бекіту әдістері;
бұйымдардың күрделі суреттері бойынша түрлі комбинациядағы тастарды мөлшері және түсі бойынша іріктей отырып бекіту жолдары;
піл сүйегінен, көркем суретті эмальды қондырғыларды бекіту тәсілдері;
асыл металдан жасалған бұйымдарды көркем өңдеу әдістері;
жартылай асыл тастан асыл тасқа қырлау технологиялық процесінің негіздері;
асыл тастардың сапасын айқындау әдістері;
түстерді үйлестіру заңдылықтары мен сурет негіздері.
Параграф 19. Зергер монтаждаушы, 1-разряд
түсті металдан және күмістен жасалған ыдыс тобындағы қарапайым зергерлік бұйымдарды егеулеу, қырналау және қолмен жылтырату.
ыдыс тобы бұйымдары мен қолданылатын аспапты өңдеу технологиялық процесі мен қолмен өңдеу тәсілдері;
түсті және бағалы металдардың физикалық-механикалық қасиеті.
десерт, асхана, шәй шанышқылары, қасықтары – егеулеу және қолмен жылтырату.
Параграф 20. Зергер монтаждаушы, 2-разряд
түсті металдан және күмістен жасалған қарапайым зергерлік бұйымдарды монтаждау;
қарапайым құрылғыларды пайдалана отырып саңылау тесу;
бұйымдарды, бөлшектер мен тораптарды дәнекерлеуге дайындау, дәнекерлеу, дәнекерленетін жерлерді толтыру, ию, түзету, ортасын дәлдеу, қиыстыру, ағарту, звеноларды «құлақтармен» біріктіру;
аспапты қайрау және салу;
контактілі дәнекерлеуді қолдану;
орден, медальдарды, белгілерді бекіте отырып құрастыру.
бұйымдарды құрастыру технологиясы мен монтаждау операцияларын орындау жолдары;
аспаптарды қайрау және тиеу тәсілдері;
ағарту қағидалары;
контактілі дәнекерлеу аппаратының құрылғысы мен пайдалану қағидалары;
түсті және бағалы металдардың негізгі қасиеттері.
1) белгілер, медаль, ордендер – түйрегіштерін қою және сығымдау, гайкаларын винттерге бұрау, аралық звенодағы негіздерді түйреу, муар таспа колодкаларын қаптау және орау;
2) бір қондырғылы күміс сақиналар, рюмкалар, солонкалар – монтаждау.
Параграф 21. Зергер монтаждаушы, 3-разряд
түсті және бағалы металдан жасалған орташа күрделіктегі зергерлік бұйымдарды монтаждау;
түрлі құрылғыларды пайдаланып саңылауларды түйреу және тесу;
звено негіздерін, винттерді, шайбаларды егеулеу;
ранттарды, гарнирлер ен құлып пластиналарын дәнекерлеу.
саңылауларды бұрғылау және тесуге арналған түрлі құрылғыларды пайдалану тәсілдері;
күрделендірілген тораптар мен бөлшектерді егеулеу және дәнекерлеу жолдары;
түсті және бағалы металдан жасалған бұйымдарды термиялық өңдеу қағидалары;
муфталық пештердің құрылымы мен пайдалану қағидалары.
жартылай бағалы тастан жасалған үш-бес бірнеше қондырғысы бар түсті және бағалы металдан жасалған брошьтар, сақина, сырғалар – монтаждау.
Параграф 22. Зергер монтаждаушы, 4-разряд
түсті және бағалы металдан жасалған күрделі зергерлік бұйымдарды монтаждау;
жіп корнерлер, құлыптар, сырға корнерлерін, шомпольды брошь құлыптарын, бос бөлшектер мен бұйымдар жасау;
бормашина арқылы бұйымды өңдеу;
күрделі калибрмен жинақтау сапасын тексеру;
күміс бұйымдарды реставрациялау.
зергерлік бұйымдарының күрделі бөлшектер мен тораптар жасау әдістері;
түрлі үлгідегі бекіту оправкаларын қиыстыру тәсілдері;
күрделі калибрлерді пайдалану қағидалары мен жинақтауда берілетін шектеу көлемі, күміс бұйымдарды реставрациялау тәсілдері.
1) түсті металдан жасалған білезіктер – монтаждау;
2) бос бекітілген жартылай бағалы тастан жасалған қондырғылы алтын сақиналар – оправасын қондырғыға қиыстыру.
Параграф 23. Зергер монтаждаушы, 5-разряд
асыл тасты бағалы металдан қолмен жасалған ерекше күрделі зергерлік бұйымдарды монтаждау. өңдеу және жартылай асыл тастарды бекітуге алдын ала белгілей отырып үлгі, құйма және сурет бойынша қарапайым және орташа күрделіктегі ажурлы зергерлік және көркемөнер бұйымдарын жасау;
ерекше күрделі бұйымдарды монтаждауда сурет бойынша қарапайым ою жасау;
бағалы металдан жасалған көркем антиквар бұйымдарды реставрациялау;
дәнекерлеу түтіктері арқылы дәнекерлеу.
ажурлы оюларды егеулеу жолдары;
қондырғыларды бекітетін жерлерді белгілеу тәсілдері;
ою жолдары.
1) ажурлы жиекті және ажурлы дәнекерленген жартылай асыл тастан жасалған күміс қондырғысы бар брошьтар;
2) гауһар тасты алтын сақиналар – монтаждау.
Параграф 24. Зергер монтаждаушы, 6-разряд
үлгі, мүсін және сурет бойынша жоғары көркемдік бұйымдарды қолмен монтаждау және жасау;
жартылай асыл және асыл тастарды бекіту үшін күрделі ажурлы оюларды белгілеу және егеулеу;
түрлі декоративтік бөлшектерді механикалық түрде бекіткіштері бар күрделі ажурлы суреттерді егеулеу:
штифтеу, тегістеу, сығымдау;
эмальды шамалау.
түсті және бағалы металдарды көркем өңдеу түрлері;
нақыштау, эмальдау және филигрань өндіру технологиясының негіздері;
асыл тастардың сипаттамалары мен прейскурантқа сәйкес олардың сапасына, формасына және мөлшеріне қойылатын талаптар;
тас бекіту тәсілдері;
суреттен мастикалық мүсіндеу жолдары;
декоративтік және қолданбалы өнердің негізгі стильдік ерекшеліктері.
1) эмаль жағу үшін суреті бар күміс құмыралар;
2) асыл тасты алтын сақиналар – монтаждау.
Параграф 25. Зергер оюшы, 5-разряд
түсті және бағалы металдан жасалған зергерлік және көркемөнер бұйымдарының бетіне сызба бойынша түрлі үлгідегі ойылған оюларды басу;
қарайтылғаннан кейін және дейін ою.
ою жұмыстары технологиясы, ою түрлері;
«ТУТТА», «МАРХАРА», «МОСКОВ» және өзге де үлгідегі ою салу қағидалары;
металмен инкрустирленген сүйектен жасалған ойылған бұйымдардың ерекшеліктері;
өлшеу және кесетін аспаптарды пайдалану қағидалары;
ою жұмыстарына арналған құралдарды жасау әдістері;
түсті және бағалы металдардың физикалық-механикалық қасиеті.
Параграф 26. Зергер оюшы, 6-разряд
жеке сызбалар, суреттер, композициялар бойынша бұйымдарды тереңдетіп ою;
күрделі көркемөнер композиция оюлары бар штампылар жасау.
терең ою тәсілдері, қырту жолдары.
Параграф 27. Зергер филиграньшы, 2-разряд
дайындық жұмыстарын орындау:
ірі филиграньды және кескінді контур бөлшектерін түзету және жинақтау;
филиграньды дәнекерлеу қоспасын жасау;
филиграньды жиынтықты дәнекерлеуге дайындау.
дайындық жұмыстары технологиясы;
филиграньды дәнекерлеу қоспасының құрамы;
филиграньды бұйымдар жасалатын металдардың негізгі қасиеті;
бағалы және түсті металл сынамалары мен маркалары;
қолданылатын материалдардың сым, дәнекер, желімдеу заттарының негізгі қасиеттері;
филиграньды бұйымдарды жасауда қолданылатын құрылғылар мен аспаптар.
Параграф 28. Зергер филиграньшы, 3-разряд
даяр үлгі бойынша сурет толтыруға арналған қарапайым формадағы бөлшектердің ширатпаларын жасау;
үш-төрт жолақты қарапайым фасондағы ширатылған бауды, струнцалды өру;
қағаздағы немесе бұйымдағы немесе қағаздағы модельдегі сурет бойынша даяр бөлшектерді балқыту;
жапсырмалы филиграньды 50 шаршы сантиметрге дейінгі филиграньды оюлы бұйымдарға дәнекерлеу;
бұйымдарды өңдеу.
филиграньды ширатпа және дәнекерлеу технологиясы;
бөлшектерді балқыту жолдары;
өңдеу әдістері;
түсті және бағалы металдардың физикалық-механикалық қасиеті;
филмграньды және ширатпаны дәнекерлеу құрамы мен қасиеті;
сурет негіздері.
Параграф 29. Зергер филиграньшы, 4-разряд
орташа күрделіктегі ширатпалы бөлшектер мен ажурлы филиграньды бұйымдарды немесе шаблонға жиынтық жасау;
филиграньды жиынтық ажурларын дәнекерлеу;
зерньді балқыту;
бұйым формасы бойынша бұйымға модель суретін аудару.
аралық бөлшектерді монтаждау арқылы филиграньды бұйымдарды дәнекерлеу жолдары;
зерньді балқыту тәсілдері;
филиграньды және ширатпаны дәнекерлеуге арналған дәнекердің сапасын сыртқы белгілері бойынша айқындау әдістері;
фигуралары мен ұңғыларды жасау есептерін орындау қағидалары.
жапсырмалы филиграньды розеткалы ажурлы филиграньды брошьтар, құмыралар – филиграньды ою жиынтығы мен дәнекерлеу.
Параграф 30. Зергер филиграньшы, 5-разряд
күрделі формадағы ширатпалы бөлшектер мен ажурлы филигрань бұйымдары мен шаблондар жасау және жиынтықтау;
мөлдір эмальді орташа күрделіктегі ширатпалы оюлар жиынтығы;
50 шаршы сантиметрден асатын филиграньды оюлы бұйымдардың жапсырмалы филиграньды дәнекерлеу.
күрделі жанжақты ширатпалы филиграньды бұйымдар жасау жөніндегі операцияларды орындау жолдары;
мөлдір эмаль толтырылған ширатпалы ою бұйымдарын жасау ерекшеліктері.
1) финифтянды көркем суретті пластинкадан жасалған ажурлы филиграньды қондырғылы декоративтік табақтар;
2) екі жақты розеткаларды дәнекерлей отырып ажурлы филиграньды брошьтар;
3) ұсақ бөлшектерден тұратын ширатпалы оюды коникалық формадағы сферикалық құмыралар – ширатпалы филиграньды оюларды жинау және дәнекерлеу.
Параграф 31. Зергер филиграньшы, 6-разряд
рельефті бөлшектермен нақышталған жапсырмалы ерекше күрделі жоғары көркемдік және бірегей бұйымдар жасау;
рельефті жапсырмалы, оюлы, өрнек-филиграньды көлемді бұйымдар жасау;
филиграньды касталарды дайындау;
нақышталған рельеф бойынша ширатпа жинау;
мөлдір эмальды күрделі оюларды жинау және сурет салу;
модельге сәйкес күрделі ажурлы филиграньды жекелеген бөліктерді қиыстыру;
ажурлы жоғары рельефті бірегей көркемөнер бұйымдарын, алтын филиграньды бұйымдарды аралық операцияларын жүзеге асыра отырып дәнекерлеу;
эмаль жіберу;
жоғары көркемдік бұйымдарды реставрациялау;
жетіспейтін бөлшектерді жасай отырып үлгі формалары бойынша бұйымдардың жекелеген филиграньды бұйымдар мен бөлшектерін нақыштау.
ширатпа жұмыстардың барлық түрлері және ширатпалы жартылай фабрикаттардың фасондары;
эмальдың термиялық қасиеті;
металл балқыту температурасы және түсі бойынша филиграньды бұйымдарды дәнекерлеуді таңдау қағидалары;
реставрациялық жұмыс негіздері.
1) ұсақ зерньді және ұсақ эмаль жапсырмалары бар филиграньды брошьтар;
2) жанжақты жапсырмалы бөлшектері бар ажурлы филиграньды ларецтер;
3) жануарлар мен адамдардың көлемді фигуралары – дәнекерлеу.
Параграф 32. Зергер шынжыршы, 3-разряд
фасондық звеньямен, глидермен, розеткамен сәйкестендіріп бір үлгілі дөңгелек, сопақ және фасондық құлақтан жасалған түсті металлдан қарапайым шынжыр жасау.
қарапайым шынжыр жасау технологиясы;
түсті металдың физикалық-механикалық қасиеті;
аспапты жұмысқа дайындау және қолдану қағидалары.
Параграф 33. Зергер шынжыршы, 4-разряд
спиральды, сондай-ақ спираль тәрізді («цеп-ленточка») формадағы және жұптап дәнекерленген құлақтарды біліктей отырып бірнеше түрлі үлгідегі құлақтан тұратын орташа күрделіктегі түсті және бағалы металл шынжырлар жасау.
орташа күрделіктегі шынжыр әзірлеу технологиясы;
біліктеу әдістері;
бағалы металдардың физикалық-химиялық қасиеті.
Параграф 34. Зергер шынжыршы, 5-разряд
ажыратылған және иілген дөңгелек құлақтан тұратын («жіп») күрделі түсті және бағалы металл («шынжыр-лента») шынжырлар жасау.
ажыратылған және иілген дөңгелек құлақтан күрделі шынжыр жасау технологиясы.
Параграф 35. Зергер шынжыршы, 6-разряд
түсті және бағалы металдан түрлі кескіндегі фасонды құлақтан ерекше күрделі шынжыр жасау.
ерекше күрделі шынжыр, карабин және шпрингель жасау технологиясы.
Параграф 36. Зергерлік және көркемөнер бұйымдарын қарайтушы,
3-разряд
қарапайым композициядағы ойылған суретті түсті және бағалы металдан жасалған зергерлік және көркемөнер бұйымдарын алдын ала күйдіріп және күкірт қышқылы ерітіндісінде ағартып қарайтылған күміс балқытпасымен қабаттау арқылы қарайту.
қарайту тәсілдері;
қарайтылатын бұйымдарды дайындау жолдары;
қарайтылған күміс балқымасын бұйымға жағу операцияларының кезектілігі;
флюс рецептурасы;
қарайтылған күміс балқымасын балқытудың температуралық режимі.
1) запонкалар, жүзіктер;
2) салфеткалық сақиналар, ас және шәй қасықтары.
Параграф 37. Зергерлік және көркемөнер бұйымдарын қарайтушы,
4-разряд
орташа күрделіктегі және күрделі композициядағы ойылған суретті түсті және бағалы металдан жасалған зергерлік және көркемөнер бұйымдарын қарайту.
қарайтылған күмісті қырналау және тегістеу жолдары, түсті және бағалы металдардың физикалық-химиялық қасиеті.
1) десерт жиынтықтары;
2) ұстаған асты, кофе ішетін шыныаяқтарды қарайту.
Параграф 38. Зергерлік және көркемөнер бұйымдарын қарайтушы,
5-разряд
ерекше күрделі композициядағы ойылған суретті түсті және бағалы металдан жасалған бірегей және көрмелік зергерлік және көркемөнер бұйымдарын қарайту;
антиквар зергерлік бұйымдарды реставрациялау.
бірегей бұйымдарды қарайту жолдары;
қарайтылған күміс балқымасы ингредиенттерінің физикалық-химиялық қасиеті.
1) фигуралы құмыралар;
2) қобдишаларды қарайту.
Параграф 39. Зергерлік және көркемөнер бұйымдарының бөлшектері мен материалдарын дайындаушы, 2-разряд
түсті металдар мен күмістен жасалған шынжырдың сақинасын кесетін арнайы станоктарда спираль дайындау, ширатпаны ширату және шырмауын тарату, сымды катушкаға орау;
бағалы және түсті металдан жасалған тегіс немесе дөңгелек сыммен тығыздалған және біліктелген таспаны арнайы өру станогында өру;
сымды күйдіру және бояу.
сымды ширатуға дайындау тәсілдері, ширату, өру жолдары, ағартатын құрамдардың рецептурасын;
өретін және ширататын станоктардың құрылымы, оларды пайдалану және реттеу қағидалары;
түсті металдар мен күмістің физикалық қасиеті.
Параграф 40. Зергерлік және көркемөнер бұйымдарының бөлшектері мен материалдарын дайындаушы, 3-разряд
арнайы станокта, сығымдағыштар мен диірмендерде мыс-мырыш, күміс және алтын дәнекер жолақтар мен сымнан жасалған құймаларды дайындау;
уатылған дәнекерді елеу;
сымды созғылау;
түсті металдан жасалған білезіктер төсемін өру;
арнайы станокта таспаны кесу, тығыздау, біліктеу;
түсті және бағалы металдан жасалған білезіктердің өрілген таспасына сурет салу;
сығымдағыштарды, станоктар мен диірмендерді баптау.
түрлі дәнекерлерді дайындау, уату және ұсақтау жолдары, сым, төсем және таспа жасау технологиясы;
таспаға сурет салу тәсілдері;
түсті және бағалы металдардан жасалған бұйымдар жасауда қолданылатын дәнекерлердің маркалары мен құрамы;
дәнекерлерді ұсақтау деңгейі және күйдіру температурасы, төсем өруге арналған сым және таспаны кесу, созбалау және біліктеу станоктарын пайдалану және баптау қағидалары.
1) алтын шынжыр – сымды созғылау, сақинасын кесу;
2) сақина шинкалары – қолмен жасау.
Параграф 41. Зергерлік және көркемөнер бұйымдарының бөлшектері мен материалдарын дайындаушы, 4-разряд
түсті және бағалы металдан жасалған бөлшектерді дайындау;
бағалы металл білезіктердің төсемдерін өру;
ширатпаларды ширату, өру, біліктеу, тарату.
ширатпа дайындамалары мен бөлшектерін штампылау технологиясы;
ширатпа спиралі, штампылау сығымдағыштарын және ширатпа дайындамасы жабдықтарының құрылымы мен пайдалану қағидалары.
Параграф 42. Зергерлік және көркемөнер бұйымдарының қондырғыларын жапсырушы, 1-разряд
кичке түсті әйнектен жасалған қарапайым формадағы қондырғыны желімдеу және қайта желімдеу;
кичтердегі қондырғылардың ортасын дәлдеу және ауытқуын болдырмау.
әйнек қондырғыларды жапсыру және қайта жапсыру жолдары;
желім және мастика рецептурасын, оларды әзірлеу тәсілдері;
әйнек, желім және мастикаға қыздырудың әсері, электр қыздырғыш және газ аспаптарын пайдалану қағидалары.
Параграф 43. Зергерлік және көркемөнер бұйымдарының қондырғыларын жапсырушы, 2-разряд
жартылай асыл және асыл тас қондырғыларын, сондай-ақ түсті әйнектен жасалған күрделі формадағы қондырғыларды кичке, кассета шпилькаларына және гуттаперчті құрылғыларға жапсыру және қайта жапсыру;
түрлі алмастарды оправкаларға орнату және жапсыру;
алмастарды өлшеу.
тастан жасалған қондырғыларды жапсыру және қайта жапсыру технологиясы;
қырлы станок жартылай автоматтың құрылымы;
алмастарды оправкаларға орнату және жапсыру құралдары;
жартылай асыл және асыл тастардың физикалық-химиялық қасиеті;
оларды қыздыру режимі, жартылай асыл және асыл тастарды қырлау формалары.
Параграф 44. Зергерлік және көркемөнер бұйымдарының қондырғыларын қырлаушы, 1-разряд
түсті әйнектен жасалған қарапайым формадағы қондырғыларды қырлау станоктарында және қолмен қырлау;
абразивтік дөңгелек және сумен салқындатуды пайдаланып шыныдан жасалған қарапайым формадағы қондырғылардың дайындамаларын қайрау.
түсті әйнектен жасалған дайындамаларды қырлау технологиясы мен қайрау, қырланған бір шпиндельді станоктың құрылымы мен пайдалану қағидалары;
абразивтік дөңгелекті және сумен салқындатуды пайдалану қағидалары;
қарапайым өлшеу аспаптарын пайдалану қағидалары;
түсті шынының физикалық-механикалық қасиеті.
Параграф 45. Зергерлік және көркемөнер бұйымдарының қондырғыларын қырлаушы, 2-разряд
түсті әйнектен жасалған қарапайым формадағы қондырғыларды бір шпиндельді қырлау станоктарында және қолмен коронкалардың сыналарын және павильонды бөле отырып қырлау;
абразивтік дөңгелек және сумен салқындатуды пайдаланып шыныдан жасалған күрделі формадағы қондырғылардың дайындамаларын қайрау.
жартылай асыл тастардан жасалған қондырғылардың дайындамаларын қайрау технологиясы;
жартылай асыл тастардың физикалық-механикалық қасиеті.
Параграф 46. Зергерлік және көркемөнер бұйымдарының қондырғыларын қырлаушы, 3-разряд
түсті әйнектен жасалған орташа күрделіктегі формадағы қондырғыларды абразивтік материалдарды пайдалана отырып қалайы дөңгелектегі коронка сыналарын бөле отырып қырлау;
алмас құралдарды пайдаланып жартылай асыл тастан жасалған түрлі формадағы қондырғылардың дайындамаларын қайрау;
бұрғылау станоктарында түсті әйнектен және жартылай асыл тастан жасалған көлемді зергерлік және көркемөнер бұйымдарындағы саңылауларды белгілеу және бұрғылау.
абразивтік паста және ұнтақты пайдаланып қалайы дөңгелектердегі әйнек қондырғыларды қырлау технологиясы;
түсті әйнек және тастан жасалған бұйымдардағы саңылауларды бұрғылау жолдары;
барлық үлгідегі механикалық және қолмен істейтін қайрау және бұрғылау станоктарын пайдалану қағидалары;
квадранттың құрылымы мен пайдалану қағидалары;
алмас планшайбаларын, абразивтік пасталар мен ұнтақтарды пайдалану жолдары;
абразивті үнемді пайдалану тәсілдері;
жартылай асыл тастардың сапасын бағалау негіздері.
Параграф 47. Зергерлік және көркемөнер бұйымдарының қондырғыларын қырлаушы, 4-разряд
арнайы құрылғыларды пайдалана отырып қырлау бір шпиндельді станоктарда түсті әйнектен жасалған күрделі формадағы және жартылай бағалы тастардан және табиғи әрі синтетикалық асыл тастардан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі формадағы қондырмаларды қырлау;
жартылай бағалы тастардан жасалған қондырғылардың дайындамаларындағы рундистіні және конусты қайрау;
жартылай бағалы тастан жасалған қарапайым формадағы қондырғыларды реставрациялау.
жартылай бағалы тастан жасалған қондырғыларды қырлау технологиясы;
жартылай бағалы тастардың оптикалық қасиеті;
оларға түсті дақтардың орналасу қағидалары;
барынша жалтырату үшін жартылай бағалы тастан жасалған дайындамаларға қырды орналастыруын есептеу әдістері және қағидалары;
жартылай бағалы тастарды қырлаудағы шығын нормалары;
түйіршек абразивтерді жасау қағидалары және қасиеті;
даяр тастардың техникалық шарттары мен нормалары.
Параграф 48. Зергерлік және көркемөнер бұйымдарының қондырғыларын қырлаушы, 5-разряд
жартылай бағалы және табиғи әрі синтетикалық асыл тастардан жасалған күрделі формадағы қондырмаларды қырлау;
жартылай бағалы және асыл тастардан жасалған күрделі формадағы қондырғыларды реставрациялау.
жартылай және асыл тастан жасалған күрделі формадағы қондырғыларды қырлау технологиясы;
бағалы тастардың оптикалық қасиеті, жартылай бағалы және асыл тастардың түс ерекшеліктері мен кемшіліктері.
Параграф 49. Зергерлік және көркемөнер бұйымдарының қондырғыларын қырлаушы, 6-разряд
жартылай бағалы және табиғи әрі синтетикалық асыл тастардан жасалған күрделі ғажайып формадағы қондырмаларды қырлау;
зергерлік бұйымдардың сызбалары немесе үлгілері бойынша қырлаудың күрделі түрлері;
жартылай бағалы және асыл тастардан жасалған күрделі формадағы қондырғыларды реставрациялау.
жартылай және асыл тастан жасалған күрделі формадағы қондырғыларды қырлау технологиясы, оптикалық қасиеттер;
жартылай бағалы және асыл тастардың түс ерекшеліктері мен кемшіліктері.
Параграф 50. Қарайтылған күміс дайындаушы, 5-разряд
түсті және бағалы металдан жасалған ойылған суреті бар зергерлік және көркемөнер бұйымдарының бетіне жағу үшін күмісті қарайтуға дайындау;
күмісті және балқытуға қажетті компоненттерді дайындау және қарайтылған күмісті электр пештерінде немесе ашық пештерде арнайы шамдармен тиглдарда балқыту;
қалыпқа құйманы құю;
қарайтылған күмісті арнайы станок диірмендерде уату.
қарайтылған күмісті дайындау және балқыту қағидалары;
уату станоктарына салу режимі, қарайтылған күмістің құрамына кіретін ингредиенттердің температурасы мен физикалық-химиялық қасиеті;
қарайтылған күмістің даярлығын және сапасын айқындау әдістері;
қарайтылған күмісті дайындау және балқытуда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары.
Параграф 51. Қарайтылған күмісті егеулеуші, 3-разряд
түсті және табиғи әрі синтетикалық асыл тастардан жасалған қарапайым конфигурациялы зергерлік және көркемөнер бұйымдарындағы қарайтылған күміс балқымасы қабатын егеулеу;
ойылған суреттің контуры шыққанға дейін қарайтылған күміс балқымасының қатты қабатын рашпиль, шиферлік брусоктар мен ағаш көмірді қолдана отырып алу.
қарапайым конфигурациялы қарайтылған күмістен жасалған зергерлік және көркемөнер бұйымдарын егеулеу жолдары;
бұйымдарды қарайту технологиясы, түсті және бағалы металдардың физикалық-химиялық қасиеті.
1) десерт, шәй қасықтар;
2) стопкалардың қарайтылған қабатын егеулеу.
Параграф 52. Қарайтылған күмісті егеулеуші, 4-разряд
түсті және асыл тастардан жасалған орташа күрделіктегі конфигурациялы зергерлік және көркемөнер бұйымдарындағы қарайтылған күміс балқымасы қабатын егеулеу.
орташа конфигурациялы қарайтылған күмістен жасалған зергерлік және көркемөнер бұйымдарын егеулеу жолдары.
1) брошьтар, запонкалар;
2) ұстағанның астындағы қарайтылған қабатын егеулеу.
Параграф 53. Қарайтылған күмісті егеулеуші, 5-разряд
түсті және асыл тастардан жасалған күрделі конфигурациялы зергерлік және көркемөнер бұйымдарындағы қарайтылған күміс балқымасы қабатын егеулеу.
күрделі конфигурациялы қарайтылған күмістен жасалған зергерлік және көркемөнер бұйымдарын егеулеу жолдары.
құмыралар, кубоктардың қарайтылған қабатын егеулеу.
Параграф 54. Тас іріктеуші, 3-разряд
өңделетін, жартылай бағалы және асыл тастарды егеулеуден алдын сурет, түсі;
физикалық-химиялық қасиеттері бойынша іріктеу;
тастан жасалған зергерлік және көркемөнер бұйымдарын жасауға арналған пластиналарды іріктеу;
егеулеуден алдын пластиналарды белгілеу;
зергерлік және көркемөнер бұйымдарының даяр қондырғыларын мөлшері және салмағы бойынша жұптап іріктеу.
тастар мен пластиналарды іріктеу қағидалары;
пластиналарды белгілеу жолдары, түрлі тастарға қойылатын техникалық талаптар, тастардың физикалық-механикалық және құрылымдық қасиеттері;
минерал кесектерін егеулеу және қондырғыларды қырлау процесі;
тастың табиғи суретін және барынша аз қалдық қалдыра отырып егеулеу қағидалары;
тас өңдеу шектері.
Параграф 55. Тас іріктеуші, 4-разряд
тастарды бетінің сапасына, көлеміне, түсі мен суретіне қарай оларды егейтін жерге апару үшін қазылған жерінде немесе дайындау орнында іріктеу;
жеткізушіден тастарды қабылдау алдын іріктеу және сұрыптау;
табиғи суреті мен түс гаммасын анықтау;
бұйымның формасына сәйкес берілген мөлшер бойынша қондырғыларға тегістелген пластиналарды белгілеу;
зергерлік және көркемөнер бұйымдарының даяр қондырғыларын тастың түсіне және суретіне қарай іріктеу.
жартылай бағалы және асыл тастардың түрлері, оларды айқындау тәсілдері;
табиғи тастарды синтетикалық тастардың айыру,
тастың оптикалық қасиеті;
қырлау теориясы негіздері.
Параграф 56. Филигранды негіз жасаушы, 3-разряд
түсті және бағалы металдардан көлемі 0,2 сантиметрден асатын филигрань негізі мен элементтерін суреті, сызбасы және шаблоны бойынша қолмен жасау;
зергерлік және көркемөнер бұйымдарының бетіндегі филигрань элементтерін жинақтау, дайындау және желімдеу.
көлемі 0,2 сантиметрден асатын филигрань негіздері мен элементтерін жасау жолдары;
ширатылған және филиграньды сым кескіндері, түсті және бағалы металдардың физикалық-механикалық қасиеті.
Параграф 57. Филигранды негіз жасаушы, 4-разряд
түсті және бағалы металдардан көлемі 0,2 сантиметрге дейінгі ажурлы филигрань негізі мен элементтерін суреті, сызбасы және шаблоны бойынша қолмен жасау;
көп қабатты филиграньды барельефті дәнекерлей отырып түрлі формадағы ширатылған бөлшек бұйымдарын жинақтау.
көлемі 0,2 сантиметрге дейінгі филигрань негіздері мен элементтерін жасау ерекшеліктері, композиция және сурет жасау негіздері.
Параграф 58. Эмаль бойынша көркем суретші, 3-разряд
арнайы аспаптар мен материалдарды пайдаланып 3-5 түстегі қарапайым фото дайындамалар мен графикалық суреттердің эмаль бетіне үлгі бойынша көркем сурет салу;
қарапайым контурлы суреттердің ағарған пластинкалы эмаль бетіне даяр үлгіні салу.
қағаздан эмаль бетке контурлы суреттерді аудару және қылқаламмен финифтянды бояу жағу әдістері;
3-5 түске бояу техникасы, бояуды кетіру тәсілдері, финифтянды бояудың құрамы және химиялық қасиеті;
салынған суреті бар пластиналарды муфта пештерінде күйдіру режимі;
қарапайым трафареттерді әзірлеу жолдары мен оларды қолдану тәсілдері.
Параграф 59. Эмаль бойынша көркем суретші, 4-разряд
арнайы аспаптар мен материалдарды пайдаланып 6-8 түстегі фото дайындамалар мен графикалық суреттердің эмаль бетіне үлгі бойынша көркем сурет салу.
6-8 түске бояу техникасы;
түс гаммасы мен түс үйлестірудің негізгі заңдылықтары;
балқыту температурасына байланысты бояу жағу кезектілігі;
финифтянды бояудың түсін және балқыту температурасын нөмірлері бойынша айқындау, табиғи формадағы элементтердің құрылуы және оюлы композициялардың түзілу заңдары;
жануарлар мен адамдардың пластикалық анатомия негіздері;
перспективасы негізгі заңдары мен көлеңкелеу;
финифтянды суреті бар бұйымдарды күйдіру қағидалары.
1) силуэтті сәулет ескерткіштерінің бейнесін;
2) жануарлардың, құс, табиғи формадағы бейнелерді үлгіден эмаль пластинкаға салу.
Параграф 60. Эмаль бойынша көркем суретші, 5-разряд
6-8 түстегі финифтянды бояумен күрделі фотодайындамалар мен графикалық суреттердің эмаль бетіне үлгі бойынша көркем сурет салу;
күрделі композициядағы эмальға үлгі бойынша көркемдеп сурет салу.
сегізден жоғары түске бояу техникасы;
жартылай тондай отырып түстерді үйлестіру заңдары;
күрделі тематикалық композицияларды, көлемді формаларды сурет салу құралдарымен салу қағидалары.
1) күрделі сәулет имараттары мен пейзаждардың бейнесін;
2) жануарлардың және адамдардың күрделі композицияларын үлгіден эмаль пластинкаға салу.
Параграф 61. Эмаль бойынша көркем суретші, 6-разряд
суретті өз бетінше варьирлей отырып, жоғары көркемөнер, көрмелік бұйымдарға ерекше күрделіктегі суреттерді үлгілер, модельдер және эмаль бетін эскиздары бойынша салу.
көркем сурет салу заңдылықтары мен көп фигуралы композицияларды әзірлеу жолдары.
Параграф 62. Эмаль бойынша фотобаспашы, 1-разряд
зергерлік және көркемөнер бұйымдары мен қондырғылардың эмаль бетіне контактілі әдіспен кейіннен муфта пештерінде күйдіре отырып жарық сезгіш эмульсия мен керамикалық бояуды пайдалана отырып графикалық бір тонды сурет салу.
сурет салу жолдары;
жарық сезгіш эмульсияның құрамы мен химиялық қасиеті, оны әзірлеу қағидалары;
муфта пешінде күйдіру режимі, оның құрылымы мен пайдалану қағидалары.
Параграф 63. Эмаль бойынша фотобаспашы, 2-разряд
зергерлік және көркемөнер бұйымдары мен қондырғылардың эмаль бетіне контактілі әдіспен кейіннен муфта пештерінде күйдіре отырып жарық сезгіш эмульсия мен керамикалық бояуды пайдалана отырып графикалық көп тонды сурет салу;
миниатюралар әзірлеу.
жарық көзінде экспонирлеу және сурет салу процестерін реттеу режимдері;
керамикалық бояулардың құрамы, химиялық қасиеті;
оларды эмальмен араластыру, күйдіру ерекшеліктері мен күйдіргеннен кейін олардың өзгеру сипаты, көп тонды сурет эмалын күйдіруде муфта пешінің жұмысын реттеу қағидалары.
Параграф 64. Эмальдаушы, 2-разряд
0,3 сантиметрден асатын ішкі мөлшердегі оюы бар штампыланған бұйымдарға бір түсті эмаль жағу;
эмаль жағылған бұйымдарды ыстықтай кептіруге дайындау;
бір түсті финифтянды бояумен күйдіргеннен кейін оюды көркемдеу.
бір түсті эмальды жағу, кептіру, ысқылау жолдары:
эмальдың жарамдылығын және эмал жағатын метал бетті дайындау сапасын айқындау әдістері;
эмальдың термиялық қасиеті;
бояу қырнағыш және араластырғышты пайдалану қағидалары.
Параграф 65. Эмальдаушы, 3-разряд
0,2-0,3 сантиметр ішкі мөлшердегі оюы бар штампыланған және ширатылған бұйымдарға бір-екі түсті эмаль жағу;
қалғалағыш және қалқанды эмальды бұйымға үш ретке дейін арасында кептіру және күйдіруді ескере отырып бірнеше қабат эмаль жағу;
үш түске дейін финифтянды бояумен күйдіргеннен кейін оюды көркемдеп салу.
көп түсті эмальды жағу жолдары, эмальды оларды балқыту температурасын және тотық пленкасының пайда болу шарттарын ескере отырып жағу кезектілігі.
Параграф 66. Эмальдаушы, 4-разряд
0,2 сантиметрге дейінгі ішкі мөлшердегі оюы бар штампыланған, ширатылған, басылған және филиграньды бұйымдарға төрт-бес түсті эмаль жағу;
кептіру және күйдіру режимін бақылау;
төрт түске дейін финифтянды бояумен күйдіргеннен кейін оюды көркемдеп салу;
балқыту температурасы әртүрлі үш түстегі, оның ішінде екеуі мөлдір түстегі эмаль жағу.
түрлі балқыту температурасындағы эмальды жағу жолдары;
эмальданған бұйымдарды кептіру және күйдіру қағидалары;
температураға байланысты эмаль түстерінің өзгеру заңдылықтары.
Параграф 67. Эмальдаушы, 5-разряд
алты-жеті жартылай тонды эмаль жағу;
эмаль жағылған бұйымдарды күйдіру және төрт түстен асатын финифтянды бояумен одан әрі бояу;
эмаль тонға балқытылатын металл қосымшалары бар бұйымдарды орындау;
үш түсті балқытудың түрлі температурасында және мөлдір болып келетін эмальданатын учаскемен қатар рельеф бұйымдарға бес түске дейін эмаль жағу.
түсті үйлестіру және оюлы графикалық құру заңдылықтары;
дәнекерлеу және ажурлы ширатпа орындау әдістері;
кептіру және ыстықтай күйдіруде эмальдың қасиеті.
Параграф 68. Эмальдаушы, 6-разряд
лессирлеу арқылы түспен және жарық көлеңкесімен рельефті бейне беретін ширатпалы бөлгішпен ойылған оюға жоғары көркемдік бұйымдарға эмаль жағу;
күрделі тақырыптық сурет немесе ойылған, рельефті және контррельефті бейнелер бойынша көп қабатты мөлдір эмаль жағу;
мөлдір эмальды бұйымдарды орындау. күрделі филиграньды оюларды жан-жақты рельефті бөлшектермен дәнекерлеу.
лессирлеу жолдары, графикалық және барельефті скульптуралық бейнелерді, жануарлар мен адамдардың пластикалық анатомиясын жасау негіздері;
портреттік бейнелеу жөніндегі эмаль жағу заңдылықтары.
4-тарау. Көркем бұйымдар жасау өндірісі (жалпы кәсіптер) жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
Параграф 1. Бағалы металдарды регенераторлаушы, 2-разряд
бұлаулардағы қышқыл арқылы шаятын суды сүзгілеу;
берілген рецептура бойынша жылтырату пастасының қоспа компоненттерін өлшеу және түрлі құрылымдағы плиталарда пісіру;
қосалқы материалдардың қалдықтарын-құрамында бағалы және түсті метал бар қоқыс және шлифті жинау;
шлиф және кризді күйдіру және уату.
бұлаулардағы шаятын суды өңдеу және сүзгілеу және құрамында бағалы тастары бар қалдықтарды жинау;
араластыру нұсқаулықтары, кризді шлифтен айыру, уату тазалығы.
Параграф 2. Бағалы металдарды регенераторлаушы, 3-разряд
ион алмастыру құрылғысында, бағалы металдардан тұратын шаю суын және өңдеу ерітіндісін сүзгілеу;
желдеткіш құбырлары мен тұндырғыштарды тазалау;
құрамында бағалы металы бар ион алмастыру шайырларын өңдеу;
тұнған су және шайырды булау, кептіру;
өңделетін материалдардан бағалы металдарды шығару;
ерекше улы заттары бар ерітінділерді бейтараптандыру және оларды ион алмастыру құрылғыларында өңдеу;
өңделген шлифтерді барботирлеу, сүзгілеу, кептіру, елеу, бағалы металдарды шығару мақсатында егеулеулерді өңдеу.
құрамында бағалы тастары бар шаю ерітіндісін ион алмастыру құрылғысында өңдеу және сүзгілеу нұсқаулығы;
шаю және крацтау суларын және шайырды бейтараптандырудың технологиялық процесі;
желдеткіш және тұндыру жүйесінің тәсімдері мен жұмыс принципі;
ион алмастыру құрылғысы мен механикалық елек құрылғысы және пайдалану қағидалары;
қолданылатын қышқыл және сілтілердің қасиеті және оларды бейтараптандыру қағидалары;
ерекше улы заттармен, қышқыл және сілтілермен жұмыс істегенде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары;
ерітінділерден алтынды қалпына келтіру және күмісті тұндыру әдістері;
қышқыл және тұнбаларды тұндырылған металдың сыртқы түріне қарай айыру.
Параграф 3. Дайындамалар мен көркемөнер бұйымдарын кептіруші,
2-разряд
ағаштың түрлі жыныстарынан, папье-машеден, металдан жасалған жартылай фабрикаттардан жасалған кесетін материалдарды, бөлшек дайындамаларын электр кептіргіш камераларда көркемдеп жазба жасау үшін бетін кезең-кезеңімен дайындай отырып кептіру;
кептіру процесін қадағалау, белгіленген режимді сақтау;
камераларға салу және босату.
электр кептіргіш камералардың қызметі мен қолдану принципі;
стеллаждардағы бұйымдарды орналастыру және оларды түсіру жолдары;
оларды пайдалану және күту қағидалары;
бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану қағидалары.
Параграф 4. Дайындамалар мен көркемөнер бұйымдарын кептіруші,
3-разряд
көркем суретті лакталған эмаль жағылған көркемөнер бұйымдарының бөлшектерін, жартылай фабрикаттарын электр кептіргіш камераларда кептіру;
камералардағы бұйымдарды орналастыру;
температуралық режимдер кестесіне сәйкес режимді ұстау;
температурасын өлшеу;
синтетикалық эмальдарды кептірудегі барлық қосалқы жұмыстарды орындау;
бұйымдардың кебуін кезең-кезеңмен тексеру.
кептіру жабдықтарының және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен пайдалану қағидалары;
көркем суретті түрлі лакталған бұйымдарды кептірудің температуралық режимдері;
эмаль түрлері;
физикалық-химиялық қасиеттері;
кептірудің сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 5. Инкрустатор, 3-разряд
қарапайым суреттер бойынша ағаштан, металдан, сүйектен жасалған бұйымдарды ағаштың құнды жыныстарымен, сабанмен, перламутрмен, металмен, сүйекпен, мүйізбен, пластмассамен инкрустациялау;
даяр үлгі және сурет бойынша инкрустациялау материалын таңдау;
кесетін аспапты қайрау және түзеу.
қарапайым суреттер бойынша түсті фанерамен, сабанмен, перламутрмен, янтарьмен, металмен, сүйекпен, мүйізбен, пластмассамен инкрустациялау тәсілдері;
түсті және қымбат металлдармен ою жолдары;
инкрустациялауда қолданылатын материалдардың қасиеті мен сапасы;
кесетін аспаппен ағашты өңдеу технологиясы;
түсті және желілік перспектива заңдылықтары.
музыкалық аспаптардың дектері – панцирьді инкурстациялау және кесу.
Параграф 6. Инкрустатор, 4-разряд
орташа күрделіктегі суреттер бойынша ағаштан, металдан, сүйектен жасалған бұйымдарды ағаштың құнды жыныстарымен, сабанмен, перламутрмен, металмен, сүйекпен, мүйізбен, пластмассамен инкрустациялау;
орташа күрделіктегі геометриялық және өсімдік оюларын қолмен кесу және олардың сыртына сурет бойынша жабыстыру;
шаблон жасау.
орташа күрделіктегі суреттер бойынша түрлі материалдармен инкрустациялау тәсілдері;
түсті және қымбат металлдармен ою жолдары;
ағаш жыныстары, қасиеті және кемшіліктері;
аспаптар мен оларды қолдану шарттары;
қайрау қағидалары, арнайы желіммен жұмыс істеу қағидалары.
1) ағаштан жасалған панноны;
2) базарлықты инкрустациялау.
Параграф 7. Инкрустатор, 5-разряд
күрделі суреттер бойынша ағаштан, металдан, сүйектен – ағаштың құнды жыныстарымен жасалған бұйымдарды, сабанмен, перламутрмен, металмен, сүйекпен, мүйізбен, пластмассамен инкрустациялау;
бұйымдардағы суреттерді белгілеу, сурет бойынша янтарь, пластмасса, сабан, ағаш, сүйек, мүйіз, қалайыдан сымды, күміс және алтынды арнайы құрылғыларда созғылау тәсілімен дайындау;
бұйымдарды жылтырату және түпкілікті өңдеу.
күрделі суреттер бойынша түрлі материалдармен инкрустациялау тәсілдері;
суреттерді белгілеу тәсілдері мен трафареттер мен шаблондар жасау, инкрустациялау техникасында көркемөнер композициясын жасау тәсілдері;
инкрустациялау материалдарын дайындау және олардың физикалық қасиеттері мен сапасы.
1) түсті панноның беткі рамалары;
2) әшекей бұйымдарды инкрустациялау.
Параграф 8. Инкрустатор, 6-разряд
ерекше күрделі суреттер бойынша ағаштан, металдан, сүйектен – ағаштан жасалған жоғары көркемөнер және бірегей құнды жыныстарымен, сабанмен, перламутрмен, металмен, сүйекпен, мүйізбен, пластмассамен инкрустациялау, сондай-ақ құнды және түсті металдармен қалайы, күміс және алтынмен ою;
жоғары дәлдікте және таза өңдеп барлық ықтимал стильді шрифтерді каллиграфиялық орындау;
түрлі тереңдікте қазып металл және сүйек бұйымдарға арнайы құрылғылармен сурет салу, ағашқа кесінділер жасау;
қалайы, күміс, алтын сым дайындау.
ерекше күрделі суреттер бойынша алтынмен, күміспен және қалайымен ағаш, қара металл, сүйектен жасалған көркемөнер бұйымдарға инкрустациялау тәсілдері;
сымды созғылау тәсілдері;
сүйек және мүйізді ою және тегістеу қағидалары;
бұйымдардағы суретті белгілеу және аудару жолдары;
қазба өрнегін жасау тәсілдері;
сұңғат өнері негіздері;
оюдың түр-түрі, түс білу және пластикалық анатомия негіздері.
1) көркемөнер және зергерлік бұйымдар – янтармен инкрустациялау, мозаика жасау;
2) бірегей сыналар – сурет салу;
3) сүйек және металл қораптар – күміс және алтынмен сурет салу.
Параграф 9. Көркем полотноның кенебі пен картонын сылаушы,
1-разряд
кенеп пен картонды сылау алдында дайындық жұмыстарын жүргізу;
ыдыс пен керек-жарақты дайындау;
шикізат пен материалды жеткізу;
кенепті жазу;
этикеткаларды жабыстыру және оларды таңбалау.
кенепті жазу, этикеткаларды жабыстыру және оларды таңбалау тәсілдері, ыдыс пен керек-жарақтың мақсаты.
Параграф 10. Көркем полотноның кенебі пен картонын сылаушы,
2-разряд
картонды сылақ қабатын жағуға дайындау;
картонды ілгіштерге ілу және эмульсиялық картонды құндақтарға орналастыру;
дайын картонды алу және қабаттарды түзету және толық кептіру үшін қатарлап жазу;
кенептегі жіптің бос ұшын кесу және торапты теріс сығып шығару;
пемза мен пеноқыш қол арамен аралау;
пемза мен пеноқышты зімпара шеңбермен қайрау;
картонды орау қағазына орау.
эмульсиялық картонды құндақтарға орналастыру және май картонды ілгіштерге ілу тәсілдері;
пемза мен пеноқышты аралау және қайрау кезіндегі жұмыстың тәсілдері;
жіпті кесу кезінде құралды пайдалану қағидалары;
картонның кебу дәрежесі мен оның орауын анықтау тәсілдері.
Параграф 11. Көркем полотноның кенебі пен картонын сылаушы,
3-разряд
кенепті сылақ қабатын жағуға дайындау;
кенепті пемзамен және пеноқышпен өңдеу;
кенептің шаңын, костриктері мен пемзаның қалдықтарын шаңсорғышпен сору;
кенептің артикуліне байланысты түктің көтерілу дәрежесін анықтау;
дайын сыланған кенебін алу, оны өзекке илеу;
бір бетін ғана эмульсиямен қаптай отырып, қағаздың екінші бетін желімдей отырып картон жасау;
электр бұрғының көмегімен картоннан саңылау бұрғылау.
эмульсиялы құрамның рецептурасы мен оны дайындау технологиясы;
сылақ қабатының кезектілігі мен жағу температурасы;
кенепті пемзалау және оның бетіндегі шаңды тазалау, оны кебу және оралу дәрежесін айқындау тәсілдері;
картонның екінші бетіне қағаз жабыстыру тәсілдері;
картонның сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 12. Көркем полотноның кенебі пен картонын сылаушы,
4-разряд
сылақты кенеп пен картонға жағудың кезектілігі;
кенепті рамаға және кергішке керу, кенепті өлшем бойынша кесу және картонға жабыстыру үшін қолмен жазу;
кенепті картонға жабыстыру;
кенепті бобинаға немесе түптеу картонына орамаға орау.
жартылай майлы, казеин, құмды-желімді сылаққа арналған сылақ құрамының рецептурасы мен дайындау технологиясы;
сылау қабатын қолмен жағу технологиясы;
кенепті біркелкі керу тәсілдері, қолданылатын құралдарды пайдалану қағидалары;
кенептің артикулі, кенепті картонға жазу және жабыстыру қағидалары.
Параграф 13. Көркем полотноның кенебі пен картонын сылаушы,
5-разряд
сылақты кенеп пен картонға механикаландырылған желіде жағудың кезектілігі;
кенепті панорама мен диорамаларға арналған кергіштерде сылау;
торға кенеппен шекара қою;
картонды май сылақпен мелкография тәсілімен сылау;
сылақты кенеп пен картонға механикаландырылған желіде жағу технологиясы;
илем машинасы рамасының құрылысы және май сылақты жағуға арналған машиналар, мелкография тәсілімен сылау тәсілдері;
мелкографияға арналған станоктың құрылысы мен оны пайдалану қағидалары;
сылақтың, кенеп пен картонның сапасын анықтау бойынша техникалық шарттар;
кенепті кептіру және ұстау режимі.
Параграф 14. Көркемөнер бұйымдарын бақылаушы, 2-разряд
түсті металдардан, пластмассадан, ағаш, тас, сүйек, папье-маше, шыны және өзге де материалдардан жасалған қарапайым көркемөнер бұйымдары мен бөлшектердің сапасын сыртына қарай және қарапайым бақылау-өлшеу аспаптарын (шаблондарды, калибрлерді, қапсырғыштарды) пайдаланып бақылау;
жай дайындамаларды немесе бөлшектерді жекелеген операцияларда, сондай-ақ шикізат және материалдарды қабылдау;
жай бөлшектерді металмен қаптағаннан кейін бақылау;
нұсқаулық бойынша іріктеу нәтижелерін есепке алу және жазу.
жай көркемөнер бұйымдарын, бөлшектерді, дайындамаларды қабылдау қағидалары мен сапасын бақылау тәсілдері;
қабылданатын бұйымдар мен бақылау объектілерінің нұсқаулықтары мен техникалық талаптары;
жарамды және іріктелген бақылау объектілерін таңбалау қағидалары;
жаппай өнімді қабылдауға арналған қажетті арнайы бақылау-өлшеу аспабының және құрылғыларының құрылымы мен қолданылуы;
ақау түрлері;
іріктеу нәтижелерін жазудың негізгі түрлері.
1) папье-машеден жасалған домино бөшкелері, қораптары – сапасын тексеру, лакпен қаптау;
2) төс белгілер, плакеткалар – метал жағу сапасын бақылау;
3) янтарь және пластмассадан жасалған тегіс, көлемді бұйымдар – бұйымдардың жарығын, дақтарын, күйген жерлерін, тегіс жылтырамаған жерлерін тексеру;
4) тастан жасалған күлсалғыштар, лоткалар, қораптар – өңдеу сапасын бақылау;
5) тегіс шпилькалар, сүйек және мүйізден жасалған түймелер – сапасын бақылау.
Параграф 15. Көркемөнер бұйымдарын бақылаушы, 3-разряд
орташа күрделіктегі көркемөнер бұйымдарының, жекелеген тораптар мен бөлшектердің сапасын бақылау-өлшеу аспаптармен бақылау;
біркелкі және қорғау қабатын жағуды бақылау;
жылтырату технологиялық процесінің орындалуын жаққанға дейін және кейін бақылау;
гауһар тас өндірісіндегі қосалқы материалдардың сапасын бақылау.
орташа күрделіктегі көркемөнер бұйымдарының сапасын бақылау тәсілдері;
қолданылатын бөлшектер мен бұйымдардың техникалық шарттары;
технологиялық процесс негіздері;
бөлшектер мен бұйымдарды өңдеудегі шектеулер жүйесі;
сызбалар жасау мен техникалық шарттар бойынша дәлдігін тексеру.
1) сүйек және мүйізден жасалған брошьтар, моншақтар, запонкалар, инесалғыштар, ілмектер – бұйымдардың геометриялық параметрлерін, өңдеу сапасын бақылау;
2) бұрышы байланған, екіжақты фаскалы, «кабюшон» формалы тастан жасалған зергерлік бұйым қосымшалары – өңдеу сапасын бақылау;
3) геометриялық бұрандалы ағаштан жасалған сөрелер, скамейкалар, қобдишалар – геометриялық параметрлерін, бұранда сапасын, үндестілігін, лактың тегіс жағылуын, қоқыстың болмауын бақылау;
4) көркем жазбалы металдан және папье-машеден жасалған қобдишалар – геометриялық параметрлерін, лак қабатының, жазба сапасын, корпус бойынша мөлшері, түс гаммасы бойынша сәйкестігін бақылау.
Параграф 16. Көркемөнер бұйымдарын бақылаушы, 4-разряд
күрделі көркемөнер бұйымдарының, бөлшектердің, тораптардың, құймалардың сапасын бақылау;
күрделі және жауапты бөлшектер мен тораптарды термиялық өңдеу түрлерін бақылау;
кондиционды емес өнімнің жарнамалық актілерін ресімдеу;
операциядан кейін жартылай фабрикаттардың сапасын үлкейту лупалары, штангенциркуль, индикатор, сағат проекторы арқылы көзбен бақылау;
карат таразыларында өлшеу;
аралау операциясында жартылай фабрикаттардың сапасын бақылау.
күрделі көркемөнер бұйымдарының сапасын бақылау тәсілдері;
қабылданатын бөлшектер, бұйымдар мен жинақтау жұмыстарының техникалық шарттары;
бақылау объектілерін техникалық қабылдау және сынау, бақылау-өлшеу аспаптары, құрылғылары мен аспаптарын пайдаланып техникалық шарттар, сызбалар және нұсқаулықтар бойынша құжаттарды ресімдеу қағидалары;
бақылау-өлшеу аспаптарын, сынау аппаратурасын теңшеу қағидалары;
жинақтау және бөлшектеу сызбаларын оқу, кристаллография негіздері;
алмасты физикалық-химиялық және механикалық қасиеті;
алмастан жасалған жартылай фабрикаттардың техникалық шарттары;
алмас және гауһар тастардың көтерме баға прейскуранттары;
алмастан жасалған жартылай фабрикаттардың технологиялық процесі мен технологиялық карталары;
алмастан жасалған жартылай фабрикаттар жасауда қолданылатын құралдар мен технологиялық керек-жарақтар.
1) рельеф бұрандалы табақтар, құмыралар, панно, шөміштер – бұранда, лак қабатының сапасын бақылау;
2) декоративтік құмыралар, қораптар, көркемделген жиһаз жинақтары, ағаштан жасалған түрлі мөлшердегі матрешкалар, күрделі және папье-машедан жасалған қобдишалар – геометриялық мөлшерлерді, көркемдеген ою, тораптардың және өңдеу сапасын тексеру;
3) күрделі конфигурациялы кубиктер мен құмыралар – жекелеген тораптарды құрастыру және қиыстыру сапасын, жалпы бұйымдардың суретшінің эскизі бойынша сәйкестігін бақылау;
4) күрделі көркем бұрандалы опа салғыштар, пышақтар, мундштуктар, сүйек, мүйіз және металдан жасалған құрамалы бұйымдар – өңдеу сапасын, құрамалы бұйымдардың сапасын бақылау.
Параграф 17. Көркемөнер бұйымдарын бақылаушы, 5-разряд
суретшінің эскизіне, эталонға немесе даяр үлгіге сәйкес бұйымдарды құю үшін ерекше күрделі көркемөнер бұйымдарының, бөлшектердің, штампылардың, нығыздауыш формалардың, модельдердің, кокильдердің сапасын бақылау;
жұмыс орындарындағы технологиялық шарттар мен операциялардың дұрыс орындалуын тексеру;
арнайы бақылау-өлшеу аспабы мен күрделі құралдарды пайдаланып мемлекеттік стандарт бойынша дәлдік және өңдеу түлеріне сәйкес өңдеу тазалығын айқындау;
үлкейту лупасының көмегімен жартылай фабрикаттарды алмастан үлкен формалардағы гауһарға өңдеу сапасын тексеру;
бұрыш өлшегіштердің, өлшеу лупаларының, штангенциркульдің көмегімен жартылай фабрикаттардың алмастан гауһарға геометриялық параметрлерін өлшеу;
бақылау объектісіне қойылатын техникалық шарттар мен талаптар;
қабылданатын бұйымдарды жасау және құрастыру технологиялық процесі;
түрлі күрделіктегі сызбаларды оқу, технологиялық карталарды, анықтамалықтарды, кестелерді пайдалану қағидалары;
бақылау объектілерін техникалық қабылдау және сынау жөніндегі құжаттаманы жасау және ресімдеу;
карат, талдамалық таразылардың құрылымы.
1) декоративтік табақтар – өңдеу сапасын бақылау;
2) тастан жасалған фигуралық құмыралар, кубоктар, қатты тастан жасалған мозаикалық қабырғаға ілетін панно – өңдеу сапасын бақылау;
3) көрме матрешкалары, ағаштан жасалған қобдишалар – геометриялық параметрлерін, ою, өңдеу сапасын бақылау;
4) сүйек және мүйізден жасалған скульптуралар – өңдеу сапасын бақылау.
Параграф 18. Көркемөнер бұйымдарын жылтыратушы, 1-разряд
жұмсақ жынысты тастардан, металдан жасалған қарапайым көркемөнер бұйымдарын, зергерлік бұйымдарын қолмен және жылтырату және тегістеу машиналарында жылтырату және тегістеу;
жылтыратылған бұйымдарды шаю және кептіру;
өңдеу тастарынан жасалған бөлшектер мен дайындамаларды таңдау, оларды желімнен және мастикадан тазарту және желімдеу;
жылтырату пасталары мен мастикаларын даяр рецептілер бойынша құрастыру және жасау.
қарапайым көркемөнер бұйымдарын қолмен және станоктарда тегістеу және жылтырату жолдары;
тастың жұмсақ жыныстарының қасиеті;
жылтырату материалы мен оның қасиеті.
белгілер, сақиналар, портсигаралар, стопкалар – тегістеу, жылтырату.
Параграф 19. Көркемөнер бұйымдарын жылтыратушы, 2-разряд
тастан, ағаштан, папье-машеден жасалған орташа күрделіктегі көркемөнер бұйымдарын, зергерлік бұйымдарын және түсті және асыл металдан жасалған ыдыс тобындағы бұйымдарды қолмен және жылтырату және тегістеу машиналарында абризивті қолмен және автоматты түрде жіберіп түрлі пасталарды пайдалана отырып жылтырату және тегістеу;
технологиялық карта бойынша өңдеудің технологиялық кезектілігін бекіту.
орташа күрделіктегі көркемөнер бұйымдарын қолмен және станоктарда тегістеу және жылтырату жолдары;
түрлі үлгідегі жылтырату және тегістеу станоктарының құрылымы;
тегістеу және жылтыратуда қолданылатын құрылғылар мен аспаптардың қызметі және қолданылуы.
1) папье-машеден жасалған бочаталар, опа салғыштар;
2) тегіс брошьтар, сақиналар;
3) өңдеу тасынан жасалған қоспалар;
4) ағаштан жасалған қобдишалар – тегістеу және жылтырату.
Параграф 20. Көркемөнер бұйымдарын жылтыратушы, 3-разряд
тастан, ағаштан, папье-машеден, сүйектен және мүйізден жасалған күрделі көркемөнер бұйымдарын, зергерлік бұйымдарын және түсті және асыл металдан жасалған ыдыс тобындағы бұйымдарды қолмен және жылтырату және тегістеу машиналарында жылтырату және тегістеу;
бөлшектер мен қосымшаларды зергерлік бұйымдарға, бұрыштары байланған, екіжақты фаскалы және «кабошон» формалы тастарды қолмен тегістеу, жылтырату және жетілдіру;
станокты баптау.
күрделі көркемөнер бұйымдарын тегістеу және жылтырату жолдары;
жылтырату және тегістеу станоктарының жұмыс істеу принциптері мен баптау қағидалары;
өңделетін материалдардың қасиеті.
1) папье-машеден жасалған баулдар, қобдишалар;
2) жартылай асыл тастардан жасалған брошьтар, сақиналар, сырғалар;
3) сүйектен жасалған түймелер;
4) күрделі суреті бар табақтар
5) тарақ тәрізді мүйізді пластиналар;
6) мрамордан жасалған жазба құралдар;
7) контурлы және тегіс рельефті кесілген ағаштан жасалған шкафтар, аптечкалар, тәрелкелер – тегістеу және жылтырату.
Параграф 21. Көркемөнер бұйымдарын жылтыратушы, 4-разряд
тастан, ағаштан, папье-машеден, сүйектен және мүйізден жасалған ерекше күрделі көркемөнер бұйымдарын, зергерлік бұйымдарын және түсті және асыл металдан жасалған ыдыс тобындағы бұйымдарды қолмен және жылтырату және тегістеу машиналарында түрлі құрылғылар мен материалдарды пайдаланып жылтырату және тегістеу;
жекелеген бөлшектерді талап етілетін мөлшерге дейін, материалдардың декоративтік сапасын барынша анықтай отырып бұрыштар мен суреттерді тегістеу, жылтырату және жетілдіру.
ерекше күрделі көркемөнер бұйымдарын тегістеу және жылтырату жолдары;
әмбебап және арнайы құрылғылардың құрылымы;
бұйымдардың жылтыратылған бетінің сапасына қойылатын техникалық талаптар;
шектеулер мен жетілдіру.
1) білезіктер, кулондар, сырғалар – тегістеу, жылтырату;
2) күрделі кескінді және қырлы қораптар мен қобдишалар – жылтырату;
3) сүйектен жасалған кубиктер – тегістеу, жылтырату;
4) панно, табақтар, құмыралар, шөміштер – жылтырату;
5) сүйектен жасалған скульптуралар – тегістеу және жылтырату.
Параграф 22. Көркемөнер бұйымдарын құюшы, 2-разряд
түсті металдардан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі бөлшектер мен көркемөнер бұйымдарын және олардың қорытпаларын, шойын және болатты кокильге немесе формаларға құю;
балқыту барысын қадағалау;
тигльдер мен пештерді балқытуға дайындау;
шикіқұрамды дайындау және оны салу;
машинадан формаларды немесе құймаларды алу;
формаларды металл құюға дайындау;
сыртын қарап құю арқылы сапасын айқындау.
түсті металдарды, болат және шойынды балқыту және құю технологиялық процесі;
құю пештері мен құрылғыларының қолдану принципі мен пайдалану қағидалары;
қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары, кокильдің қызметі, оны дайындау және құю қағидалары;
даяр құймаларға қойылатын талаптар.
1) құмыралар;
2) көркемөнер композициялары мен скульптураларының құрама бөлшектері;
3) аң фигураларын құю.
Параграф 23. Көркемөнер бұйымдарын құюшы, 3-разряд
түсті металдардан жасалған күрделі бөлшектер мен көркемөнер бұйымдарын және олардың қорытпаларын, шойын және болатты кокильге немесе формаларға құю;
балқытылған модельдер бойынша күміс және алтыннан жасалған күрделі конфигурациялы көркемөнер бұйымдарын құю;
арнайы режим бойынша блоктарды бояу және кептіру;
бояуларды дайындау;
модельді құрамды күйдіру;
магний қорытпасын балқыту.
күрделі көркемөнер, скульптуралық және зергерлік бұйымдарға арналған құнды металдарды балқыту технологиялық процесі;
шикіқұрам материалдарының қасиеті, қызметі және құрамы, олардың металдың қасиетіне және сапасына әсері;
түрлі лигатураларды әзірлеу тәсілдері;
қышқылдағыштар мен флюстар, олардың қасиеті мен металдың сапасына әсері;
құю кезіндегі металл мен балқымалардың температурасы.
1) зергерлік бұйымдарды;
2) статуялар мен бюсттер, скульптура блоктарын құю.
Параграф 24. Көркемөнер бұйымдарын құюшы, 4-разряд
құнды металдардан жасалған балқытылған модельдер бойынша ерекше күрделі конфигурациядағы зергерлік және көркемөнер бұйымдарын құю;
түрлі әдістермен түсті және қара металдар мен балқымалардың бетіндегі жұқа және фигуралы шықпалары бар ерекше күрделі және маңызды, қабырғалары жұқа және іші металл бөлшектерді құю;
арнайы режим бойынша аммиакта және хлорлы аммонийде өңдеу, құю және кептіру;
арнайы құрылғыларға қызмет көрсету;
вакуумдағы металды балқыту және құю.
вакуумдағы металды балқыту және құю технологиялық процесі;
бақылау-өлшеу аппаратураны пайдалану қағидалары;
зергер бұйымдардың блоктарын бояу және оларды арнайы режим бойынша кептіру.
1) барельефтер;
2) жұқа суреті бар зергерлік бұйымдар;
3) көп фигуралы композицияларды құю.
Параграф 25. Көркемөнер бұйымдарын лактаушы, 1-разряд
қарапайым көркемөнер бұйымдарын лактау;
лак жағудан алдын бұйымдарды кептіру.
қарапайым бұйымдардың бетіне лакты біркелкі етіп жағу жолдары, лак жағудан алдын бұйымды кептіру қағидалары мен режимі.
1) лотоктар, күл салғыштарды;
2) тастан жасалған қобдишаларды лактау.
Параграф 26. Көркемөнер бұйымдарын лактаушы, 2-разряд
орташа күрделіктегі көркемөнер бұйымдарын лактау;
арнайы кептіру құрылғыларында кептіру;
түрлі бөлшектерге маржан түс лакты жағу;
эталон бойынша акрелатқа жағу үшін түрлі маржан түстегі лак әзірлеу;
маржан патты оның түсіне қарай мөлшерлеу;
температуралық жағдайларға байланысты еріткіштердің үйлесуі мен мөлшерін өзгертіп отыру.
орташа күрделіктегі бұйымдардың бетіне лак жағу технологиясы;
белгілі бір материал бойынша жағу үшін лак қоспасын әзірлеу, лак әзірлеуде қолданылатын заттардың негізгі қасиеті;
ареометрді ұстау қағидалары.
1) төс белгілерді, белгілерді, медальдар, ордендерді;
2) алқа шариктері жиынтығын;
3) тастан жасалған скульптураларды лактау.
Параграф 27. Көркемөнер бұйымдарын лактаушы, 3-разряд
күрделі конфигурациядағы көркемөнер бұйымдарын лактау;
ішкі бетін миниатюралық суретпен және қызыл бояумен безендіруге дейін папье-машеден жасалған бұйымдардың сыртқы бетін қара лак жағуға, гальваникалық қабат жағуға жатпайтын бұйымдардың бетін ішінара әдісімен лактау;
томпақтан жасалған бұйымдарды бояу, лактау, сырлау, қабаттау;
пульверизатордың көмегімен өзекше формальдегидті эмаль, «УВЛ» лак жағу;
лактың сапасын айқындау;
бояғыштар, лак еріткіштерін әзірлеу.
лактауда қолданылатын күрделі конфигурациядағы бұйымдарды;
құрылғыларды лактау технологиясы;
лакталатын бетке қойылатын талаптар;
қолданылатын бояулар мен еріткіштердің қасиеті;
лак қоспасын әзірлеу және түзету тәсілдері;
кептіргіш шкафтарда кептіру режимдері мен температурасын реттеу қағидалары.
1) томпақ білезіктер;
2) папье-машеден жасалған қораптар, панноларды лактау.
Параграф 28. Көркемөнер бұйымдарын лактаушы, 4-разряд
ерекше күрделі көркемөнер бұйымдарын қолмен және пульверизатор көмегімен жазылған көркемөнер бұйымдарының бетінде жылтыр пленка пайда болғанға дейін лактау;
бояуды бекіту және түс гаммасын сақтау мақсатында ағаштан жасалған бұйымдарға олифа және лакты бірнеше рет жағу;
лактың сапасын айқындау.
ерекше күрделі бұйымдарды лактау технологиясы;
лактау бұйымдарының бетін дайындаудың техникалық талаптары.
1) декоративтік құмыралар;
2) папье-машеден жасалған бұйымдар;
3) опа салғыштар, қобдишалар;
4) ағаштан жасалған сыяпаттар.
Параграф 29. Көркемөнер бұйымдарын нақыштаушы 1-разряд
қарапайым нақыштау аспабын қолданып алюминийден құйылған бөлшектерге қарапайым ою нақыштау;
нақышталатын бұйымдардың: рама, жәшік, қорап, шыны аяқ, обручниктердің астына қоятын ыдыстарды жасау;
жаймалық түсті металдан жасалған сұңғат өнері шығармасының бөлшектерінде дәнекерлеуден қалған жапсарларды тазалау, өңдеуден алдын құйманы тазалау;
дайындамаларды ағарту, өңдеу және шаю, нақыштау үшін дайындамаларды шайырлау, нақышталатын ыдыстарға шайыр құю;
көлемді бұйымдардың астына шайырланған ұяшықтарды дайындау;
пісірілген ақаулы жерлерді өңдеу;
нақышталған жартылай фабрикаттарды оны арасында күйдіріп және ағартып қайта шайырлау.
қарапайым оюлы бөлшектерге нақыштау жолдары;
нақышталатын дайындамаларды дайындау қағидалары;
жапсарларын өңдеу қағидалары;
металдың атаулары, таңбалау және негізгі механикалық қасиеті;
металдардың механикалық қасиетіне байланысты бөлшектерді шайырлау үшін шайырды әзірлеу рецептурасы;
қарапайым нақыштау аспабын әзірлеу жолдары;
құрылғылар мен аспаптардың қызметі;
қолдану қағидалары мен шарттары;
бұйымдарды шайырлау және қайта шайырлау тәсілдері.
Параграф 30. Көркемөнер бұйымдарын нақыштаушы, 2-разряд
қарапайым көркемөнер бұйымдарында және сәулет құймасындағы ірі табиғи оюларды нақыштау және ою;
түрлі фасондар мен мөлшердегі расходниктердің контурын нақыштау;
канфарниктермен фонды өңдеу;
нақыштау тістерімен фонды тарау;
канфарник арқылы металға сурет контурын салу;
құрастыруда бөлшектерді бекіту орнына нақыштау;
нақышталатын металл немесе құймаларды дайындау, бетін тегістеу және тазалау;
баббит және шайыр құю үшін гипсті формаларды дайындау;
механикалық құралдармен жіктерді тазарту;
жайма мысын күйдіру;
суретті дайындау, оны металға белгілеу және аудару.
қарапайым көркемөнер бұйымдарын, көлемді заттарды нақыштау әдісімен нақыштау жолдары;
жаймалық металдан бөлшектерді ою тәсілдері;
түсті металдар мен балқымалардың бағалы сыналары мен маркалары, оларды негізгі механикалық қасиеттері;
жайма мысын күйдіру технологиясы;
түрлі металдан жасалған бұйымдарды нақыштауда қолданылатын шайырдың құрамы.
1) скульптуралық шығармалардың бөлшектері – ою;
2) ұстаған астына қоятын ыдыстар, стопкалар – түрлі формада және суретпен нақыштау.
Параграф 31. Көркемөнер бұйымдарын нақыштаушы, 3-разряд
орташа күрделіктегі көркемөнер бұйымдарында және сәулет құймасындағы орташа күрделіктегі геометриялық және табиғи оюларды нақыштау және ою;
барельефтердің, тұратын скульптуралардың күрделі емес жерлерін нақыштау;
жаймалық металдан жасалған орташа күрделіктегі бөлшектерді белгілеу, ою;
ойылған бөлшектерді дәнекерлеуге дайындау;
даяр мөлшерлер бойынша каркас бөлшектерін дайындау.
сәулет құймасы көркемөнер бұйымдарында орташа күрделіктегі нақыштау жолдары;
ою технологиясы, механизмдердің, әмбебап және арнайы құрылғылардың, аспаптардың құрылымы, пайдалану шарттары мен қағидалары;
бұйымдарды күйдіру технологиясы, өңделетін металдар мен балқымалардың атауы, таңбалануы және механикалық қасиеті.
1) шеті жабық білезіктер, брошьтар – нақыштау;
2) дөңгелек құмыралар – нақыштау;
3) панно, тәрелкелер – нақыштау.
Параграф 32. Көркемөнер бұйымдарын нақыштаушы, 4-разряд
жаймалық металл және үлгіні өз бетінше пішіп, отырғызып және созғылап күрделі көркемөнер бұйымдарында нақыштау және ою;
жазықтықта және күрделі конфигурациялы көлемді заттарда рельеф жазықтығын айқастырып жан-жақты рельефті және горельфті скульптуралық суреттерді, геометриялық және табиғи формаларды нақыштау;
сурет көлемі 1-ден 3 сантиметрге дейінгі жан жақты табиғи және геометриялық оюлар мен шрифтілерді, көлемді скульптуралық горельефтер мен барельефтерді нақыштау;
рельефті ою бөлшектерін ойып дайындамалардың сыртқы бетіндегі контурды нақыштау;
ұсақ рельефті бұйымдарға нақыштау;
модель фактурасына сәйкес дәнекер жіктерін өңдеу және нақыштау.
күрделі көркемөнер бұйымдарын нақыштау жолдары;
күрделі конфигурациялы бұйымдарды нақыштау жолдары;
фактуралық өңдеу түрлері;
әмбебап, арнайы нақыштау аспаптары мен құрылғылар жасау тәсілдері, құрылымы, оларды термоөңдеу қағидалары;
барельефтік, горельефтік және көлемді скульптуралық суреттерді, табиғи, геометриялық формалар мен шрифтілерді құю жөніндегі нақыштау жолдары;
табиғи және геометриялық ою және шрифтілердің суретін құрастырудың негізгі заңдары;
бабиттен жасалған күрделі бөлшектерді құю технологиясы;
нақыштаудан алдын шайыр құю және шайыр пісіру технологиясы.
1) сәулет нақыштарының бөлшектері – ою, нақыштау;
2) қант салғыштар – ою және нақыштау.
Параграф 33. Көркемөнер бұйымдарын нақыштаушы, 5-разряд
ерекше күрделі көркемөнер бұйымдарында жан-жақты, табиғи және геометриялық оюлар мен шрифтілерді, көлемді скульптура бөлшектерін, күрделі фактурадағы күрделі композициялық позадағы портрет фигураларының бөліктерін, скульптуралық бейнелер салынған горельефтер мен барельефтерді нақыштау;
суретін 3 сантиметрден 5 сантиметрге дейін және ерекше күрделі портреттер мен декоративті фигураларын көтеріп ерекше күрделі скульптуралық шығармалары мен архитектуралық ойылған бөлшектерді (одақ республикалар елтаңбалары, орден белгілері, табиғи және геометриялық оюлар) ою, кесу, нақыштау.
бағалы, түсті, қара металлдар мен олардың қорытпаларына ерекше күрделі көркемөнер нақыштау жолдары;
скульптуралық-барельефті бейнелерді салу және тегіс, рельефті, көлемді бейнелерді қысқартудың негізгі заңдары;
скульптуралық мүсіндеу жолдары;
құю және пісіру технологиясы негіздері;
пісіруден кейін түзету тәсілдері;
гипс формадағы баббиттен жасалған бөлшектерді құю тәсілдері;
баббит құюға формаларды дайындау;
нақыштау үшін шайырды пісіру рецептурасын дайындау қағидалары.
1) кубиктер – ою, нақыштау;
2) ларецтер – сәулет имараты миниатюралық бейнелі фризді нақыштау (миниатюралық горельеф).
Параграф 34. Көркемөнер бұйымдарын нақыштаушы, 6-разряд
бірегей және көрмелік бұйымдарды және сәулет мүсіндеу бөлшектерін жекелеген блоктармен: портреттік, барельефтік, горельефтік және контррельефтік бейнелерді нақыштау, ою және монтаждау;
ою және фигураларды бейнелеп горельефтерді, барельефтерді, көркем-декоративтік құйма және кокильдерді нақыштау;
портреттік бейнелерді дифтілеу, ерекше күрделі табиғи және геометриялық оюлардың суретін 5 сантиметрге көтеріп және фактураны өңдеп кесу және нақыштау.
сұңғат, сурет, мүсіндеу, композиция элементтері, жануар және адамдардың пластикалық анатомиясы;
металдардың физикалық және механикалық қасиеттері;
қолданылатын аспаптың барлық түрлері және оны жасау тәсілдері, кокиль жасау және оларды нақыштау жолдары;
жарық көлеңкесінің мәні және оған жету тәсілдері;
тондау құрамды пайдалану қағидалары.
1) медаль және белгілердің модельдері – нақыштау;
2) скульптура – жекелеген бөліктерін ою, монтаждау.
Параграф 35. Көркемөнер бұйымдарын өңдеуші, 1-разряд
рельефті үлгі бойынша тазалап қылқаламмен немесе арнайы қарындашпен нитро немесе офсетті бояу жағу арқылы түрлі материалдардан жасалған қарапайым көркемөнер бұйымдарын өңдеу;
оксидирлеу үшін суреттеу жұмыстарын орындау;
сіңдіргіш жағу, қылқаламмен балауыздау, бояу;
бұйымдардың бетін бояуға дайындау;
бояғыштарды дайындау.
қарапайым формадағы көркемөнер ұйымдарын өңдеу тәсілдері;
бояу үшін бұйымдардың бетін дайындау қағидалары;
нитро және офсетті бояулар мен еріткіштердің қасиеті;
белгілі бір жұмысқа арналған қылқаламның қасиеті;
балауыздау, сіңдіру және бояу жолдары;
рельефтерді еріткіштер және арнайы құралмен тазалау тәсілдері.
1) құмыралар;
2) белгілер;
3) ұстағанның асты;
4) плакеткаларды бояу.
Параграф 36. Көркемөнер бұйымдарын өңдеуші, 2-разряд
күрделі конфигурациялы түрлі материалдардан жасалған орташа күрделіктегі көркемөнер бұйымдарды қылқаламмен және арнайы қарындашпен, пульверизатормен және бояу бұлауларында аунату әдісімен өңдеу;
скульптуралар мен миниатюраларды тондау, балауыздау, қылқаламмен бояу;
бояуларды құрастыру, бояу бұлауларына бояғыштар мен химикаттар салу.
орташа күрделіктегі көркемөнер бұйымдарын өңдеу тәсілдері мен технологиясы, бояғыштар әзірлеу рецептурасы.
1) конв шайқағыштар;
2) ағаштан жасалған матрешкалар, ойыншықтар;
3) опа салғыш, сандық, қобдишалар;
4) шаңын формадағы ағаштан жасалған скульптураларды – бояу.
Параграф 37. Көркемөнер бұйымдарын өңдеуші, 3-разряд
түрлі материалдардан жасалған күрделі көркемөнер бұйымдарды қолмен және пульверизатормен және бояумен олардың бетін алдын ала бояп және тегістеп өңдеу;
тік сызықты формадағы ағаштан жасалған көркемөнер бұйымдарына бояу сіңдіру;
үлгі эталон және суретшінің эскизі бойынша сіңдіргіштер мен бояуларды әзірлеу және таңдау.
пульверизаторлар мен бояу камераларының құрылымы;
бояу, тегістеу жолдары, бояу, лак және еріткіштер, бұйымдарды бояудың техникалық талаптары;
боялған бұйымдарды кептіру режимі.
1) брошьтар, сөрелер, үстелдер, орындықтар – бояу;
2) скульптуралық композициялар – бояу;
3) беті тегіс қораптар мен қобдишалар – сіңдіру;
4) ларецтер, ілетін паннолар – бояу.
Параграф 38. Көркемөнер бұйымдарын өңдеуші, 4-разряд
түрлі материалдардан жасалған ерекше күрделі көркемөнер бұйымдарды қолмен және пульверизатормен өңдеу;
геометриялық және тегіс рельефті кесілген ағаштан жасалған көркемөнер бұйымдарына тампон, щетка және пульверизатордың көмегімен қолмен фонды таңдап бояу сіңдіру;
сіңдіру бояуын өз бетінше әзірлеу;
щетканы, пульверизаторды тазалау және шаю.
геометриялық және тегіс рельефті кесілген бұйымдарға бояу сіңдіру жолдары;
кесу техникасының ерекшеліктері;
сіңдіру бояуының құрамы, түс құрастыру негіздері;
даяр бұйымдардағы лактың әсерінен сіңдіру бояуы түсінің өзгеруі.
1) декоративтік паннолар, липадан жасалған тегіс кесілген табақтар жаңғақ, қызыл ағаш түсіне бояу;
2) фонды таңдап кесілген қобдишалар, құмыралар, шөміштер – бояу сіңдіру.
Параграф 39. Көркемөнер бұйымдарын парафиндеуші, 2-разряд
бұлауларда және құрылғылардағы көркемөнер бұйымдарына қолмен парафин жағу және сіңдіру;
талап етілетін сападағы парафин ерітіндісін құрастыру;
парафиндеуге бұйымдарды дайындау;
бұйымдардағы жарықтар мен раковиналарды бекіту;
парафин жағу алдында талап етілетін температураға дейін бұйымдарды қыздыру;
бұйымдарды ысқылау және кептіру;
парафин қабаты сапасын сыртқы түріне қарай айқындау.
көркемөнер бұйымдарына парафин жағу және сіңдіру технологиялық процесі мен жолдары;
бұйымдарды қыздыру және кептіру температуралық режимі;
парафин және оның еріткіштерінің сұрыптары, маркалары мен қасиеті;
парафиндегеннен кейін бұйымдарды сынау әдістері мен тапсыру техникалық шарттары.
Параграф 40. Көркемөнер бұйымдарына алтын жалатушы, 2-разряд
алтын жалату және реставрациялау кезіндегі қосымша жұмыстарды орындау;
әзірленген құраммен алтын жалатылған бұйымды шаю;
өңдеу жібере отырып ағаштан, гипстен, тас және металдан ескі алтынның қалдықтарын алу;
алтын жалатылған затты реставрациялау кезінде левкас және бояудың бетін тазалау;
анағұрлым жоғары білікті алтын жалатушының басшылығымен көркемөнер бұйымдарына алтын жалату жөніндегі қарапайым жұмыстарды орындау.
алтын жалататын заттарды даяр құраммен шаюдың негізгі тәсілдері;
ескі алтын қалдықтарын гипстен, ағаштан, тас және металдан алу тәсілдері;
левкас және бояудан тазарту құрамы;
негізгі құрал, онымен жұмыс істеу және күту қағидалары;
алтын жалататын бетін даярлауда қолданылатын материалдар.
Параграф 41. Көркемөнер бұйымдарына алтын жалатушы, 3-разряд
көркемөнер бұйымдарына алтын жалату жөніндегі қарапайым жұмыстарды орындау;
алтын жалатылатын бетін тазалау, олифа жағу, желімдеу, тегістеу, левкастау, колер бояуын жағу, лак жағу, гипстен, ағаштан, металдан жасалған көркемөнер бұйымдарының тегіс бетіне сусальды алтын жағу;
даяр рецептілер бойынша тегістеуге, левкастауға, бояуға әзірлеу;
полимент және желіммен орындалған алтын жалатылған затты шаю.
алтын жалату жөніндегі қарапайым жұмыстарды орындау жолдары;
тегістеуге, левкастауға, бояуға әзірлей отырып ағаштан, гипстен, металдан жасалған көркемөнер бұйымдарының бетін «мордан» лагын және гульфабру жағу үшін дайындаудың технологиялық процесі;
алтын жалатуда қолданылатын негізгі материалдар, олардың түрлері;
ағаш, металл, гипс, папье-маше және мастиканың физикалық-химиялық қасиеті мен технологиялық сипаттамалары;
алтын жалататын бетті дайындау тәсілдері.
Параграф 42. Көркемөнер бұйымдарына алтын жалатушы, 4-разряд
көркемөнер бұйымдарына алтын жалату жөніндегі орташа күрделіктегі жұмыстарды орындау;
алтын жалатудың жеңіл левкасын бекіту, бетіндегі кірді химиялық тәсілмен (еріткіштермен) және механикалық тәсілмен (скальпельмен және өзге де аспаптармен) кетіру;
бетін тегістеп және жылтыратып «мордан» және гульфабру лагымен алтын жалату үшін левкас жағу;
қорғасындау жұмыстарын орындау.
орташа күрделіктегі жұмыстарды орындау жолдары;
алтын жалату және оны реставрациялау материалдарының қасиеті және қойылатын талаптар;
алтын жалатуда консервациялау және реставрациялауда қолданылатын табиғи және жасанды пигменттердің, шайыр, лактардың физикалық-химиялық қасиеттері.
Параграф 43. Көркемөнер бұйымдарына алтын жалатушы, 5-разряд
көркемөнер бұйымдарына алтын жалату жөніндегі күрделі жұмыстарды орындау;
қалыңдатып алтын жалату, көп қабатты және қорғау декоративтік қабат;
қатты бүлінген левкас және алтын жалатылған бетін бекіту, полиментке алтын жалатуда тегістеп және жылтыратып левкастау;
көлемді және тұтас рельефті кесілген көркемөнер бұйымдарының бетіне сусальды алтын жағу, ескі алтын және қоламен тотықтыру;
төмендеу білікті алтын жалатушының жұмысын басқару.
көркемөнер бұйымдарына алтын жағу жөніндегі күрделі жұмыстарды орындау жолдары;
полиментке алтын жалату бетін дайындаудың технологиялық процесі мен бояу, левкас жағу, полимент әзірлеу әдістемесі;
«мордан» лагын жағу және сусальды алтын жағу технологиясы;
кесетін бетіндегі суретті кесу, бликтеу жолдары.
Параграф 44. Көркемөнер бұйымдарына алтын жалатушы, 6-разряд
көркемөнер бұйымдарына алтын жалату жөніндегі ерекше күрделі жұмыстарды орындау;
түрлі материалдардан жасалған бірегей шығармаларға алтын жалату, тазалау және бекіту;
агат тістермен жылтырату, алтынмен алтындау, суретпен байланысты құрама алтындау, жасанды алтын жалату, жеңіл алтын жалату;
өз бетінше бояу, левкас, полимент, «мордан» лагын және түрлі реңктегі қола әзірлеу.
көркемөнер бұйымдарына алтын жағу жөніндегі ерекше күрделі жұмыстарды орындау жолдары;
агат тістермен жылтырату;
алтынмен алтындау;
суретпен байланысты құрама алтындау;
жеңіл алтын жалату технологиясы;
суретпен және көркемдеп өңдеудің өзге де түрлерімен байланысты бликтеу, алтын жалату әдістемесі;
жасанды алтын әзірлеу тәсілдері.
Параграф 45. Күйдіруші, 2-разряд
көркемдеп өңдеу мақсатында түсті металдан жасалған түрлі дайындамаларды, бөлшектерді муфта және электр пештеріндегі белгіленген технологиялық процесс бойынша күйдіру және жіберу;
процестерді жүргізу, күйдіру үшін пештер мен құрылғыларды дайындау;
берілген температураға термореттегішті орнату және аспаптар бойынша пештердің жұмыс режимін қадағалау.
муфта және электр пештердің құрылымы мен пайдалану қағидалары;
күйдіру қызметі, оның өңделетін материалға әсері.
1) көркемөнер бұйымдарына қосымшалар;
2) ілгектер;
3) белдік тоғаларын күйдіру және жіберу.
Параграф 46. Күйдіруші, 3-разряд
түсті және құнды металдан жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі көркемөнер және зергерлік бұйымдарындағы эмальды күйдіру және балқыту;
өз бетінше таңдалған жұмыс режимі бойынша суреті бар үш түске дейін томпақ және мыстан жасалған жартылай фабрикаттар мен бұйымдардағы эмальды балқыту;
эмаль зергер бұйымдарын дайындау және оларды муфталы және электр пештерінде түпкілікті күйдіру.
қарапайым және орташа күрделіктегі көркемөнер бұйымдарын эмаль жағып күйдірудің технологиялық процесі;
түрлі металдарды күйдіру режимі;
қасиеті мен сапасы, эмальды балқыту температуралық режимі;
жартылай фабрикаттар мен бұйымдарды күйдіргеннен кейін сапасына қойылатын талаптар;
фондон жағылған бөлшектерді күйдіру мысалдары, бөлетін эмальді бұйымдарды қыздыру температуралық режимі, күйдірудің аяқталу белгілері.
1) бөлетін эмальды плакеткалар;
2) ыстық эмальды плакеткалар, сандықтар, қобдишаларды күйдіру.
Параграф 47. Күйдіруші, 4-разряд
муфталы және электр пештерде үш және бес түске дейінгі эмаль жағылған түсті металдан жасалған күрделі конфигурациялы көркемөнер және зергерлік бұйымдарды күйдіру;
күйдіру процесінде эмаль қабаттың сапасын және аспаптар бойынша күйдіру режимін бақылау.
күрделі конфигурациялы көркемөнер және зергерлік бұйымдарын оларға эмаль жағып күйдірудің технологиялық процесі;
эмаль түрлері;
эмаль күйдіру жүргізілетін металдарды балқыту температурасы;
дәнекерлерді балқыту температурасы, температурасына қарай эмальдардың түсі және финифтянды бояудың өзгергіштігі;
сырттан қосылған қышқыл ерітінділерінің эмаль қабаттың сапасына әсері;
фондонның негізгі қасиеті;
финифти бойынша суретті бұйымдарды күйдіру жолдары.
1) эмальды брошьтар, кулондар, сырғалар;
2) ілетін панноларды күйдіру.
Параграф 48. Күйдіруші, 5-разряд
бес түстен асатын эмаль жағылған түсті және асыл металдан жасалған ерекше күрделі жоғары көркемдік бұйымдардың эмалін күйдіру және балқыту.
күміс және алтыннан жасалған ерекше күрделі конфигурациялы сурет және зергерлік бұйымдарды бірнеше рет күйдіру тәсілдері және термометр арқылы практикалық тәжірибе бойынша көп түсті эмальді күйдіру температурасы;
ақау түрлері мен оны жою тәсілдері.
1) білезкітер, алқа, әшекейлерді;
2) жоғары көркемдік, көрмеге қойылатын сыйапаттарды күйдіру.
Параграф 49. Монета-орден өндірісінің бақылаушысы, 3-разряд
техникалық шарттарға және бекітілген үлгілерге сәйкес ақау үстеліндегі немесе конвейерлердің бетінде, гуртты жазба бойынша күрделі емес жартылай фабрикаттардың сапасын ішінара және тұтас бақылау;
ақау түрлері бойынша ақауға шыққан өнімнің сыныптауышы;
конвейер жұмысындағы елеусіз кемшіліктерді жою және реттеу.
жартылай фабрикаттарды жасау және бақылау технологиялық процесі;
шикізат пен жартылай фабрикаттардың негізгі түрлерінің техникалық шарттары мен бекітілген үлгілері;
ақау конвейерлерінің құрылымы мен пайдалану қағидалары;
негізгі өлшеу аспабы: штангенциркуль, микрометр және калибрлер.
1) монеталарға арналған дөңгелек тегіс дайындамаларды;
2) орден және медальдарға арналған тегіс дайындамаларды бақылау.
Параграф 50. Монета-орден өндірісінің бақылаушысы, 4-разряд
күрделі жартылай фабрикаттар мен күрделі емес даяр бұйымдарды операциялық бақылау;
бұйымдарды жасауға арналған күрделі емес аспаптардың, керек-жарақтардың сапасын техникалық шарттарға және бекітілген үлгілерге сәйкес арнайы калибрлермен, әмбебап өлшеу құралдарымен және оптикалық аспаптармен бақылау;
монеталарды, ордендерді техникалық шарттарға және сызбаларға сәйкес өлшеу;
жартылай автоматтар мен автоматтарда есеп жүргізу және монеталарды орау;
ақау түрлері бойынша сұрыптау, ақау өнімге актілер жасау;
жартылай автоматтар мен автоматтардың жұмысындағы елеусіз ақаулықтарды реттеу және жою.
бұйымдарды жасау және бақылау технологиялық процесі, күрделі емес сызбалар, шектеулер, шикізат, материалдар, даяр өнімдердің ақау түрлері;
қара, түсті және асыл металдардың, жартылай автоматтар мен автоматтардың, қаттылықты өлшегіштің қасиеті мен құрамы;
әмбебап өлшеу құралдары мен аспаптары:
рычагты микрометр, индикатор, аспапты микроскоп.
1) орден, медаль және кеуде белгілерінің жартылай фабрикаттарын;
2) күнтізбелерді;
3) түрлі құндылықтағы ұсақ монеталар;
4) штемпель, контрштемпельді бақылау.
Параграф 51. Монета-орден өндірісінің бақылаушысы, 5-разряд
күрделі даяр бұйымдардың сапасын көзбен байқау, өлшеу әдістерімен бақылау, механикалық және физикалық қасиеттерін аспаптар арқылы айқындау;
химиялық құрамды айқындау үшін сынама алу;
техникалық жағдайда қарастырылған монета жасауға көзделген әрбір партиядан ұсақ монеталарды ішінара қайталама бақылау;
бұйымдарды жасауда қолданылатын күрделі аспаптың сапасын бақылау;
іріктелген бұйымдарды қайталама бақылау және ақау түрлері бойынша сыныптау;
өндірістік операцияларда технологиялық процестің сақталуын бақылау;
ақау құжаттамасын ресімдеу;
есеп құжаттамасын жасау;
операциялық қабылдауды жүзеге асыратын төмендеу білікті бақылаушының жұмысын басқару.
мемлекеттік стандарттар;
негізгі материалдарға, шикізатқа, даяр өнімге қойылатын техникалық шарттар;
өнім сапасын айқындайтын параметрлер, эскиздер, күрделі сызбалар, шектеулер;
бұйым жасаудың технологиялық процесі;
арнайы және әмбебап өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы (беттің жиілігін айқындауға арналған оптикалық - механикалық аспаптар) және оларды пайдалану қағидалары;
негізгі материалдардың, түсті және құнды металдар мен балқымалардың қасиеті.
1) орден, медаль және кеуде белгілері;
2) монета-орден және белгі өндірісінің штампыларын бақылау.
Параграф 52. Пластикалық кейіпті көрсетуші, 2-разряд
сұңғат, мүсін өнерінің, графикаларды және өзге де бейнелеу өнерінің туындыларын жасау үшін шығармашылық және оқу шеберханаларында, сыныптарында, ателье, студияларда және пленэрде белгіленген уақыт ішінде әртүрлі күйде пластикалық кейіп көрсету;
адамның келбеті мен кейіпінде сезімін және көңіл-күйін білдіру;
кеудеге дейінгі, белге дейінгі (қолмен) портрет үшін кейіп көрсету, әр түрлі киімдерде бейнелер (қарапайым және күрделі кейіпте) көрсету;
статикалық және динамикалық кейіптерді жүзеге асыру;
белгіленген уақыт ішінде әртүрлі күйде кейіптерді сақтау мақсатында төзімділіктің пайда болуы үшін жеке жаттығулардың көмегімен дене қозғалысын және бет бұлшықеттерін жетілдіру.
адамның келбеті мен денесіндегі пластикалық және мимикалық мәнерінің негізгі принциптері;
кейіптің сипатына қарай оның бейнесін ашу амалдары;
киімде пластикалық кейіпті көрсетудің қағидалары мен шарттары;
жаттығуларды жүргізу әдістері, киімді өлшеп көру қағидалары.
Параграф 53. Пластикалық кейіпті көрсетуші, 3-разряд
сұңғат, мүсін өнерінің, графикаларды және өзге де бейнелеу өнерінің туындыларын жасау үшін белгіленген уақыт ішінде әртүрлі күйде (қарапайым және күрделі кейіпте) киімсіз пластикалық кейіп көрсету:
айналымдары бар күрделі қойылымды кейіптерді жүзеге асыру;
жеке жаттығулардың көмегімен дене қозғалысын және бет бұлшық еттерін жетілдіру.
мимика және икемді қозғалыстың көмегімен адамның жан дүниесін және оның мінезін білдіру тәсілдері;
киімсіз пластикалық кейіпті көрсету қағидалары мен шарттары;
жаттығулар жүргізу әдістері.
Параграф 54. Салттық қызмет көрсету жұмысшысы, 2-разряд
қайтыс болған адамды санитариялық өңдеу, киіндіріп және табытқа салу;
шаштараз және косметикалық жұмыстарды орындау;
салттық заттарды тағайындаған жерге жеткізу;
автокатафалкадан тағанын беру, табытты автокатафалкаға орнату, оны бекіту және жерлейтін жерде автокатафалкадан шешу;
мола төбешігін әзірлеу, оны шыммен жабу және жерлеуге байланысты өзге де жұмыстарын жүргізу.
қайтыс болған адамды санитариялық өңдеу, шаштараз және косметикалық жұмыстардың орындалуы;
қолданылатын медикаменттердің және материалдардың тағайындалуы;
жерлердің түрлері мен негізгі қасиеттері;
оларды өңдеу тәсілдері және қолмен нығыздауды;
шымды дайындау және салу тәсілдері;
жерлеу салтының тәртібі;
автокатафалканы ұстау бойынша санитариялық қағидалары.
Параграф 55. Сурет салатын көмірді күйдіруші, 3-разряд
алдын ала шыбықтар мен құмды сұрыптап, шыбықтарды тығыз байлап, бумаларды реторттарға салып ағаш шыбықтарды күйдіру;
реторттарды электр пешіне салу;
күйдірудің белгіленген режиміне сәйкес пештің температуралық режимін қадағалау;
электр пештегі реторттарды мен реторттардағы көмірді салқындағаннан кейін алу;
реторттарды тазалау.
күйдіруге жарамды ағаш шыбықтардың сапасы;
ағаш шыбықтарды темір реторттарға (цилиндрлерге) салу тәсілі;
реторттарды құммен көму және реторт қақпақтарына балшық жағу;
температуралық режим және күйдіру уақыты;
күйдірудің аяқталу уақытының көрсеткіші;
реторт және электр пештерінің құрылымы;
көмір сапасын айқындау тәсілі;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ «Ультра жоғары жиілік – құрылғылар» өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары.
Параграф 56. Сылақ құрамын дайындаушы, 3-разряд
қолданыстағы рецептура мен технологияға сәйкес желім ерітіндісін дайындау;
шикізатты өлшеу және оны бактарға салу;
желім ерітіндісін түсіру және сүзу;
бу қазандықтарын дайындау және сылақ құрамына арналған материалдарды жеткізу.
желім ерітіндісін дайындаудың технологиялық процесі және температуралық режимі;
сылау кезінде қолданылатын шикізаттың ассортименті мен түрлері, оларды сыртқы түрі бойынша анықтау тәсілдері.
Параграф 57. Сылақ құрамын дайындаушы, 4-разряд
қолданыстағы рецептура мен технологияға сәйкес сылақ құрамы мен әр түрлі құрылымды эмульсияны электр эмульсаторларда дайындау;
құрғақ мырыш және этюдтік-май ақ сырды бояу ысқыш машинада ысқылау;
балық желімін электр ет тартқыштан өткізу.
желім ерітіндісін дайындаудың технологиялық процессі және температуралық режимі;
кенеп пен картонды сылау кезінде қолданылатын этюдтік-май ақ сыр сылақ құрамының сапасы;
бояу ысқыш машинаның мақсаты мен жұмыс қағидаты.
Параграф 58. Трафаретші, 2-разряд
ағаштан, металдан, папье-машеден жасалған көркемсурет бұйымдарын инкрустациялау;
ағаш қабығы, ағаш, тас, сүйек, мүйізді ою үшін берілген суреттер, эскиздер, сызбалар бойынша калькадан, картоннан және фанерадан қарапайым және орташа күрделіктегі шаблондар мен трафареттер жасау;
геометриялық және табиғи оюлардың, бір фигуралы композициялардың шаблондары мен трафареттерін жасау.
трафарет жасауға арналған материалдардың қасиеті және дайындау тәсілдері;
қарапайым және орташа күрделіктегі шаблондар мен трафареттер жасау тәсілдері.
Параграф 59. Трафаретші, 3-разряд
ағаштан, металдан, папье-машеден жасалған көркем сурет бұйымдарын инкрустациялау;
ағаш қабығы, ағаш, тас, сүйек, мүйізді ою, эмаль бойынша сурет, күрделі сюжеттік-оюлы композицияларға адамның, аң және құстардың фигураларын жасап, миниатюралық сурет, пейзаж жасау үшін берілген суреттер, эскиздер, сызбалар бойынша калькадан, картоннан және фанерадан күрделі шаблондар мен трафареттер жасау;
бұйымдарға ұнтақтау және инемен сурет сызығын ою әдісімен трафарет бойынша сурет салу.
күрделі шаблондар мен трафареттер жасау тәсілдері;
бұйымдарға суретті трафареттің көмегімен салу тәсілдері.
Параграф 60. Тұрмыстық қызмет көрсету бюросының жұмысшысы,
1-разряд
халықтың тапсырысы бойынша әртүрлі тұрмыстық қызметтерді орындау: азық - түлік, өнеркәсіп тауарларын, дәрі - дәрмек және тағы өзге сатып алу және оларды үйге жеткізу;
хабарламаларды, жарнамаларды, газеттерді, жер - жерге афиша жапсыру;
адамның табиғи деректерін өлшеу: медициналық таразыларда салмақтау, бойын өлшеу, клиенттің сүрауы бойынша силомермен колының күшін өлшеу;
көрсетілген қызметтері үшін клиеттерден ақша алу;
өлшеу аспаптарын реттеу;
іске асырылған талондар бойынша есеп жүргізу.
тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдарды мен дүкендердің жұмыс істеу кестесі мен мекенжайы;
қызмет көрсететін учаскедегі анықтамалық және жарнамалық стендтерің орналасуы, хабарламалар мен жарнамаларды жапсыру қағидалары;
адамның табиғи деректерін өлшеу үшін белгіленген аспаптарды пайдалану қағидалары және құрылғысын және оларды реттеу қағидалары;
тапсырыс берушінің тапсырмасын орындау үшін қала бойынша тиімді маршруттарды.
Параграф 61. Тығыздаушы, 2-разряд
ағаштан, папье-машеден жасалған қарапайым және орташа күрделіктегі көркемөнер бұйымдары формаларының бетін тығыздау;
тығыздалған бұйымдарды кептіру;
тығыздалатын бұйымдардың бетін дайындау;
даяр рецептілер бойынша тығыздау материалын әзірлеу.
қарапайым және орташа күрделіктегі көркемөнер бұйымдары формаларының бетін тығыздау жолдары;
қолданылатын аспап, тығыздау материалының құрамы мен әзірлеу тәсілдері;
тығыздалатын бұйымдарды кептіру режимдері.
папье-маше қораптары – тығыздау.
Параграф 62. Тығыздаушы, 3-разряд
ағаштан кесіп, бояп, инкрустациялап жасалған күрделі формадағы көркемөнер бұйымдарын;
папье-машеден жасалған түрлі конфигурациядағы бұйымдар мен металл табақтарды қолмен бетін тегістеу;
бұйымдардағы жарылған, майысқан жерлерін, саңылауларды жою және олардың беттерін боялған мастикамен одан әрі бұйымды көркемдеп өңдеу үшін тегістеу.
ағаштан және папье-машеден жасалған күрделі көркемөнер бұйымдарын тегістеу жолдары;
тегістеу қасиеті;
ағаштың құрылымы және физикалық қасиеті.
1) портсигарлар, капо тамырдан жасалған опа салғыштар;
2) папье-маше қораптары - тығыздау.
5-тарау. Қырлау өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
Параграф 1. Алмас аралаушы, 3-разряд
көп секциялы аралау станогында массасы 0,25-тен 0,75 каратқа дейінгі І және ІІ сапалы шағын топ алмас шикізатын, ІІ топтағы белгіленген алмастарды механикалық түрде аралау;
кесу және аралау дискілерін таңдау, оларды бекіту және ауыстыру. алмас пастамен дискі бетін кезеңімен шаржылау;
оправкаға және аралау станогының шанышқысына жапсырылған алмасты орнату, бекіту және бағдарлау;
алты есе және он есе үлкейтетін лупамен кесілетін араны тексеру;
карат немесе талдамалық таразыларда өлшей отырып алмастарды алу және тапсыру.
аралау станогының құрылымы, пайдалану және оны күту қағидалары;
аралауда қолданылатын және дискілерді шаржылауда қолданылатын технологиялық жарақтар, кесетін және өлшейтін аспап;
алмасты жапсыратын заттар мен жапсыру қағидалары;
көп секциялы аралау станогында алмасты аралау технологиясы;
алмасты кристалдау негіздері мен физикалық қасиеті;
аралау жартылай фабрикаттарының техникалық шарттары;
карат және талдама таразыларын пайдалану қағидалары.
Параграф 2. Алмас аралаушы, 4-разряд
көп секциялы аралау станогында массасы 0,25-тен 0,75 каратқа дейінгі І және ІІ сапалы шағын топ алмас шикізатын, ІІ топтағы белгіленген алмастарды, масасы 0,16-дан 0,24 каратқа дейінгі, 0,76-дан 0,99 каратқа дейінгі І және ІІІ сапалы ІІ топтағы алмас шикізатын, масасы 1,0 карат және одан жоғары І және ІІ сападағы ІІІ топтағы алмас тобы, массасы 1,0 караттан басталатын І сапалы «в» кіші топ шикізаттарын көп секциялық аралау станогында механикалық түрде аралау;
аралайтын дискілерді кесуге қайрау және алмастың араланатын массасына байланысты аралау;
аралау станогы секциясында аралау дискілі шпиндельді реттеу.
аралау станогын баптау, аралау дискілерін шаржылау кезеңділігі, кесетін аспапты дайындау, көп секциялы аралау станогындағы сыртқы ақаулықтары бар алмасты аралау технологиясы;
алмастың кристаллографиялық формалары мен оларды аралау, аралауда қолданылатын алмас ұнтақтардың маркалары, алмас шикізаттың техникалық шарттары.
Параграф 3. Алмас аралаушы, 5-разряд
көп секциялы аралау станогында массасы 0,15 каратқа дейінгі І сапалы шағын топ алмас шикізатын, ІІ топтағы белгіленген алмастарды, массасы 0,16-дан 0,99 каратқа дейінгі, 0,16-дан 0,99 каратқа дейінгі І және ІІІ сапалы ІІ топтағы алмас шикізатын, масасы 1,0 карат және одан жоғары І және ІІ сападағы ІІІ топтағы алмас тобы, массасы 1,0 караттан басталатын І сапалы «в» кіші топ шикізаттарын көп секциялық аралау станогында механикалық түрде аралау, аралайтын дискілерді кесуге қайрау және алмастың араланатын массасына байланысты аралау;
аралайтын дискілерді тегістеу және кесу;
аралаудағы оңтайлы режимді белгілеу;
ақаулы кристалдарды аралау бағытын өз бетінше нақтылау және өзгерту.
аралау станогын баптау, аралау режимдері, аралау процесіне алмастың қаттылығына анизотропияның әсері;
ақаулы алмастарды аралау технологиясы.
Параграф 4. Алмас аршушы, 3-разряд
массасы 0,11-ден 0,49 каратқа дейін өңдегеннен кейін гауһардың дөңгелек формаларына диаметрін өлшеу жерінде тегіс қырланған және елеусіз қырланған скульптуралы жартылай фабрикаттарды аршу станогында аршу және жетілдіру;
сағаттық үлгідегі индикатормен өңделген жартылай фабрикаттардың сопақтығын тексеру;
алты есе және он есе үлкейтетін лупамен өңдеу сапасын тексеру;
дөңгелек формадағы гауһар тасты жартылай фабрикатын механикалық және желіммен бекіту үшін оправаларды таңдау және ұстағышқа алмасты бекіту;
карат немесе талдама таразыларында өлшей отырып жартылай фабрикаттарды алу және тапсыру.
қайрау станогының құрылымы, пайдалану қағидалары және оны күту;
технологиялық керек-жарақты;
кесетін және өлшейтін аспап;
қайрау станогында гауһар тастың дөңгелек формаларына жартылай фабрикаттарды аршу және жетілдіру технологиясы;
кристаллография негіздері мен алмастың физикалық қасиеттері;
шығын нормасы;
желім рецептурасы, оны әзірлеу және гауһар тастың дөңгелек формасына оправаның жартылай фабрикатын желімдеу қағидалары;
жартылай фабрикаттың техникалық шарттары;
карат және талдамалық таразылардың құрылымы мен пайдалану қағидалары.
Параграф 5. Алмас аршушы, 4-разряд
массасы 0,10, 0,50-ден 0,99 каратқа дейін өңдегеннен кейін гауһардың дөңгелек формаларына диаметрін өлшеу жерінде тегіс қырланған және елеусіз қырланған скульптуралы жартылай фабрикаттарды аршу станогында аршу және жетілдіру;
жартылай фабрикаттардың диаметрін және биіктігін тексеру.
жартылай автоматтың құрылымы, пайдалану және оны күту қағидалары;
дөңгелек формадағы гауһар тастың дөңгелек формасына аршу және жетілдіру технологиясы;
алмастың қаттылығына өңдеуде анизотропияның әсері;
бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен пайдалану қағидалары;
алмас шикізатына техникалық шарттар.
Параграф 6. Алмас аршушы, 5-разряд
массасы өңдегеннен кейін 1,0-ден 1,49 каратқа дейін және өңдегеннен кейін 0,49 каратқа дейін гауһардың дөңгелек формаларына диаметрін өлшеу жерінде тегіс қырланған және елеусіз қырланған скульптуралы жартылай фабрикаттарды аршу станогында аршу және жетілдіру;
массасы өңдегеннен кейін 0,99 каратқа дейін фантазиялық формадағы гауһар жартылай фабрикатын қайрау станогында аршу және жетілдіру;
жартылай фабрикаттарды қырлау процесінде және барлық мөлшерін реставрациялауда гауһардың дөңгелек формасына жеткізу;
жартылай фабрикаттарды өңдеу және бекіту үшін гауһардың фантазиялық формасына механикалық немесе желім әдісімен алмас және оправкаларды іріктеу.
қайрау станоктарын және жартылай автоматтарды баптау, жартылай фабрикаттарды гауһардың фантазиялық формасына аршу және жеткізу технологиясы;
табиғи кемшілігі бар алмастар мен жартылай фабрикаттарды өңдеу әдістері;
гауһардың фантазиялық формасына өңдеу үшін жартылай фабрикаттарды жапсыру қағидалары;
гауһардың техникалық шарттары.
Параграф 7. Алмас аршушы, 6-разряд
массасы өңдегеннен кейін 1,50 каратқа дейін және өңдегеннен кейін 0,50 каратқа дейін гауһардың дөңгелек формаларына диаметрін өлшеу жерінде тегіс қырланған және елеусіз қырланған скульптуралы жартылай фабрикаттарды аршу станогында аршу және жетілдіру;
массасы өңдегеннен кейін 1,0 каратқа дейін фантазиялық формадағы гауһардың жартылай фабрикатын қайрау станогында аршу және жетілдіру;
жартылай фабрикаттарды қырлау процесінде және барлық мөлшерін реставрациялауда гауһардың дөңгелек формасына жеткізу;
өңделетін жартылай фабрикаттарды кристаллографиялық ерекшеліктерін ескере отырып технологиялық өтпелерді және өңдеу режимін өз бетінше нақтылау.
қайрау станоктарын және жартылай автоматтарды баптау, өңдеуде алмастың физикалық-механикалық қасиеті;
табиғи ақауы бар жартылай фабрикаттарды өңдеу режимі.
Параграф 8. Алмас белгілеуші, 5-разряд
ең көп массадағы гауһар алуға арналған барлық алмас топтағы шикізаттың 1 және 2 сапалы алмастарын бір рет аралау үшін тегістігін айқындау және шайғанда кететін және кетпейтін белгілерді жағу;
технологиялық операцияларға жіберу:
егеулеу, жару, қырлау үшін алмас кристалдарын микроскоптың алты және он есе үлкейтетін лупасы арқылы зерттеу;
карат немесе талдама таразыларында өлшей отырып алмастарды алу және тапсыру.
алмас шикізаты мен жартылай фабрикатының техникалық шарттары;
гауһар дөңгелек формаларын белгілеу және өңдеу технологиясы;
алмастың кристаллографиялық қасиеті;
алмасты гауһар етіп қырлауда қолданылатын формалар;
бақылау-өлшеу аспаптары және карат және талдамалық таразыларды пайдалану қағидалары;
пакеттер мен құжаттаманы ресімдеу қағидалары;
арнайы бояуды қолдану және пайдалану нұсқаулықтары;
есептеу техникасы құралдарын пайдалану қағидалары.
Параграф 9. Алмас белгілеуші, 6-разряд
ең көп массадағы гауһар алуға арналған барлық алмас топтағы шикізаттың 3, 4 және 5 сапалы алмастарын бір рет және бірнеше рет аралау үшін тегістігін айқындау және шайғанда кететін және кетпейтін белгілерді жағу;
алмас кристалдарын қайталап белгілеу;
кристалдардағы жаруға жататын ақаулықтарды анықтау, немесе ақаулықтарын бөлетін жеріне шығару;
полярлау микроскобының көмегімен ішкі кернеуліктегі кристалдарды тексеру және оларды тиісті белгілеу;
кристалдың есептеу параметрлері бойынша эталон – үлгі бойынша белгілеу.
гауһардың техникалық шарттары;
гауһардың сатылық және фантазиялық формаларын өңдеу технологиясы;
өңдеу процесінде алмас кристалдарының қаттылығына анизотропияның әсері, ақау алмастарды белгілеу әдістері;
белгілеуді есептеу әдістері.
Параграф 10. Алмас жарушы, 5-разряд
түрлі күрделіктегі кристаллографиялық формадағы салмақ топтарындағы алмастарын бірнеше рет жару және оларға технологиялық форма беру үшін кристалдардың бетіндегі өсім қабатын жару;
алмастардың ақаулығын тексеру;
бөлу бағыты мен тегістігін таңдау, кристалдарға дұрыс геометриялық форма беру мүмкіндігін анықтау, белгілеу;
кесінді оправкаларын таңдау және орнату;
белгіленген алмастарды оправкаларға бекіту;
кристалдарды жаруға ыңғайлы етіп қою;
алмаскескішпен кристалдарды қолмен бөлу;
карат немесе талдамалық таразыларда өлшей отырып алмас алу және тапсыру.
алмас шикізат және жартылай фабрикаттардың техникалық шарттары;
алмасты дөңгелек формадағы гауһарға өңдеу технологиясының негіздері, жару технологиясы;
технологиялық жарақтар мен құралдар, желімдеу және шаю құралдардың үлгілері мен қасиеті;
алмастарды оправкаларға бекіту әдістері;
шығын нормалары, карат және талдамалық таразыларды пайдалану қағидалары;
пакеттер мен құжаттаманы ресімдеу қағидалары.
Параграф 11. Алмас жарушы, 6-разряд
кристалл қабаттарының өсуі және жарықтарын жою және кристалдарға технологиялық форма беру мақсатында түрлі күрделіктегі кристалл формадағы таразы топтарындағы алмастарды бірнеше рет жару;
алмастың ақауын тексеру және бірнеше рет жару бағытын таңдау;
дөңгелек, фантазиялық және сатылы формадағы дұрыс жартылай фабрикат алу үшін кристалдарды бөлу жазықтығын белгілеу;
лазер құрылғысында кристалдарды жарылу қатерін болдырмау;
кристалл жарықтарын анықтау.
гауһардың техникалық шарттары;
алмасты сатылық және фантизиялық формадағы гауһарға өңдеу технологиясы;
бірнеше рет жару технологиясы;
алмастың кристаллографиялық негізгі формалары мен өңдеу процесінде кристалдың қаттылығына анизотропия әсері;
лазер құрылғысы, қолдану қағидалары және бақылау-өлшеу аспаптарын, полярлау және бинокулярлы микроскопты пайдалану қағидалары.
Параграф 12. Алмас сұрыптаушы, 4-разряд
араланған, тегістелген, жанып алынған алмас жартылай фабрикаттарын формасына, мөлшеріне және төзімділігіне қарай алдын ала сұрыптау, ақаулы жартылай фабрикаттарды анықтау;
бақылау-өлшеу аспаптары арқылы жартылай фабрикат диаметрін даналап өлшеу;
жартылай фабрикаттарды есептеу, оларды біріктіру және карат немесе талдамалық таразыда өлшеу, пакеттер мен құжаттаманы ресімдеу.
алмас шикізат және жартылай фабрикаттардың техникалық шарттары; ақау түрлері, индикатордың, штангенциркуль, лупа, карат және талдамалық таразылардың құрылымы мен пайдалану қағидалары;
жартылай фабрикаттарды алдын ала сұрыптау құжаттамаларын рәсімдеу қағидалары.
Параграф 13. Алмас сұрыптаушы, 5-разряд
араланған, тегістелген, жанып алынған алмас жартылай фабрикаттарын технологиялық индекстері және параметрлері бойынша оларды дөңгелек, фантазиялық, сатылы қырлау формаларына өңдеудің технологиялық операцияларына жіберу мақсатында сұрыптау;
есептеу, оптикалық және бақылау-өлшеу аспаптары арқылы жартылай фабрикаттарды өңдеу параметрлерін тапсыру;
партиялық жартылай фабрикаттарды салмақтық топтарына және диаметріне қарай іріктеу.
алмас жартылай фабрикаттардың сұрыптау технологиясы мен технологиялық операцияларда өңдеу;
кристаллография негіздері мен алмастың физикалық қасиеті;
ақау түрлері, олардың алмастарды гауһарға айналдыру процестеріне әсері;
полярланған және бинокулярлы микроскоптың, есептеу техникасы мен оларды пайдалану қағидалары;
алмасты сұрыптауда қолданылатын технологиялық жарақтардың құрылымы.
Параграф 14. Алмас сұрыптаушы, 6-разряд
қырлаудың дөңгелек, фантазиялық және сатылы формалы гауһарлы алмас шикізатын сұрыптау;
ішкі кернеуінің болуын тексеру;
кристалл параметрлерін өлшеу;
алмас формалары мен ақаулықтарын зерттеу;
пішудің оңтайлы нұсқаларын таңдау және алмасты белгілеуге жіберу;
өңдеуге жатпайтын алмасты іріктеу;
салмақтық топтары бойынша алмас партиясын іріктеу.
дөңгелек, фантазиялық және сатылы формалы гауһарлы алмасты өңдеу технологиясы мен алмас шикізатын сұрыптау технологиясы;
гауһардың геометриялық параметрлері;
алмастың түрлері және гауһар тастың сапасына оның әсері;
ақауды шығару тәсілдері;
гауһардың техникалық шарттары.
Параграф 15. Алмасты гауһар етіп қырлаушылар, 3-разряд
қырлау станогында қолмен қырлау құрылғыларында массасы 0,05 каратқа дейін 17 және 33 қырлы дөңгелек формалы гауһарға алмас жартылай фабрикаттардың бетін немесе түбін қырлау және жылтырату;
қырлау дискісін және станокты жұмысқа дайындау;
өңделетін жартылай фабрикаттардың мөлшеріне қарай қажетті құрылғыларды, цангалар мен оправкаларды таңдау;
алты есе және он есе үлкейтетін лупа арқылы қырлау сапасын тексеру;
карат немесе талдама таразыларында өлшей отырып жартылай фабрикаттарды алу және тапсыру.
қырлау станогының құрылымы, пайдалану және күту қағидалары;
технологиялық керек-жарақ, кесетін және өлшейтін аспап, 17 және 33 қырлы гауһардың дөңгелек формаларына жартылай фабрикаттарды қырлау технологиясы;
шығын нормалары;
жартылай фабрикаттардың техникалық шарттары;
қырлау дискісін жұмысқа дайындау технологиясы;
карат және талдамалық таразыларды пайдалану қағидалары.
Параграф 16. Алмасты гауһар етіп қырлаушылар, 4-разряд
қырлау станогында қолмен қырлау құрылғыларында массасы 17 және 33 қырлы дөңгелек формалы гауһар алмас жартылай фабрикаттардың бетін немесе түбін қырлау және жылтырату және гауһар тас массасы диапазонын:
0,04 каратқа дейін он жеті қырлы, 0,05 каратқа дейін отыз үш қырлы реставрациялауда қайта қырлау;
қолмен қырлау құрылғыларының қырлау станогында елеусіз кемшілігі бар 1-4 қырлы алмас жартылай фабрикаттарды, дөңгелек формалы гауһардың салмақтық топтарының автоматты манипуляторында немесе робот технологиялық кешенінде жартылай фабрикаттың 8-16 қырының түбі мен бетін алдын ала қырлау;
17 және 33 қырлы дөңгелек формалы гауһар жартылай фабрикаттарды өңдеу үшін қажетті құрылғыларды, цанга және оправкаларды іріктеу.
робот технологиялық кешенінің, автоматты манипулятордың құрылымы, пайдалану және оны күту қағидалары;
технологиялық керек-жарақ, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен пайдалану қағидалары.
Параграф 17. Алмасты гауһар етіп қырлаушылар, 5-разряд
қырлау станогында қолмен қырлау құрылғыларында массасы 57 қырлы дөңгелек формалы гауһарға алмас жартылай фабрикаттардың бетін немесе түбін қырлау және жылтырату және гауһар массасы диапазонын 0,99 каратқа дейін отыз үш қырлы реставрациялауда қайта қырлау;
қол құрылғыларында қырлау станоктарында барлық мөлшердегі сатылы формадағы гауһарға алмас жартылай фабрикаттарын толық қырлау және жылтырату және 0,99 каратқа дейін массадағы сатылы формадағы гауһарды реставрациялауда қайта қырлау;
қол құрылғыларында қырлау станоктарында барлық мөлшердегі фантазиялық формадағы гауһарға алмас жартылай фабрикаттарын толық қырлау және жылтырату және 0,99 каратқа дейін массадағы сатылы формадағы гауһар тастың реставрациялауда қайта қырлау;
қолмен қырлау құрылғыларының қырлау станогында немесе робототехнологиялық кешенде елеулі кемшіліктері бар алмас жартылай фабрикаттарының ортасын, 1-4 қырын өңдегеннен кейінгі массасы 1,49 каратқа дейінгі дөңгелек формадағы гауhарға алдын ала қырлау;
қолмен қырлау құрылғыларының қырлау станогында 0,49 каратқа дейін өңдегеннен кейін фантазиялық формадағы алмас жартылай фабрикаттарын алдын ала қырлау;
белдігінің биіктігіне және оның диаметріне қарай бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен цанга серіктерге қырланған алмастарды орнату;
57 қырлы дөңгелек формалы гауһарға, сатылы және фантазиялық формадағы жартылай фабрикаттар өңдеуге арналған қажетті құрылғыларды, цангалар мен оправкаларды іріктеу.
қырлау станогын, робототехнологиялық кешенін, автоматты манипуляторды баптау;
57 қырлы дөңгелек, сатылы және фантазиялық формадағы гауһар жартылай фабрикаттарды қырлау технологиясы;
барлық формадағы қырлаудың техникалық шарттары.
Параграф 18. Алмасты гауһар етіп қырлаушылар, 6-разряд
қолмен қырлау құрылғыларының қырлау станогында массасы 57 қырлы дөңгелек формалы гауһарға алмас жартылай фабрикаттардың бетін немесе түбін қырлау және жылтырату және гауһар массасы диапазонын 1,0 каратқа дейін отыз үш қырлы реставрациялауда қайта қырлау;
қолмен қырлау құрылғыларының қырлау станоктарында барлық мөлшердегі сатылы формадағы гауһарға алмас жартылай фабрикаттарын толық қырлау және жылтырату және 1,0 каратқа дейін массадағы сатылы формадағы гауһар тастың реставрациялауда қайта қырлау;
қолмен қырлау құрылғыларының қырлау станогында елеусіз кемшілігі бар 1-4 қырлы алмас жартылай фабрикаттарын, дөңгелек формалы гауһар тастың салмақтық топтарының автоматты манипуляторында немесе робот технологиялық кешенінде алдын ала қырлау;
қолмен қырлау құрылғыларының қырлау станогында 0,50 каратқа дейін өңдегеннен кейін фантазиялық формадағы алмас жартылай фабрикаттарын алдын ала қырлау;
белдігінің биіктігіне және оның диаметріне қарай бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен цанга серіктерге қырланған алмастарды орнату.
қырлау станогы;
робототехнологиялық кешен;
автоматты манипуляторды, құрылымдар мен олардың құрылғыларын баптау;
жартылай фабрикаттарды өңдеудің оңтайлы әдістерін ескере отырып, үлкен массадағы гауһар тас жасау үшін барлық формадағы гауһарды қырлау технологиясы.
Параграф 19. Алмасты орнықтырушы, 2-разряд
арнайы желім немесе желімдейтін масса арқылы оправалар мен құрылғыларға белгіленген алмастарды орнату және жапсыру;
алмасты алу және оны карат немесе талдамалық таразыларда өлшеу;
кристалл мөлшеріне сәйкес оправаларды іріктеу;
желім массасын әзірлеу;
оправкалардағы кристалдардың ортасын дәлдеу және қиғаш кетуін болдырмау, кептіру шкафында кептіру.
желім рецептурасы, желім массасы мен оларды әзірлеу;
желімдеу және орнатуда қолданылатын жабдықтар мен жарақтар, табиғи алмасты аралау және өңдеу тегістігі;
электр қыздырғыш аспаптарды пайдалану, карат және талдамалық таразыларды пайдалану қағидалары;
алмасты желімдеу нұсқаулықтары.
Параграф 20. Гауһарды және алмасты шаюшы, 2-разряд
гауһарды селитра салынған концентрацияланған күкірт қышқылымен фарфор ыдыста қайнатып және сұйық натрий ерітіндісімен, қолмен немесе жартылай автоматты құрылғыларда шаю, оларды дистилденген сумен шаю және кептіру;
алмасты ацетонмен немесе гидролиз спиртімен, қолмен немесе ультрадыбыс құрылғыларында шаю;
алмас жартылай фабрикаттарын техникалық бурамен жабу;
карат немесе талдамалық таразыларда өлшей отырып гауһар және алмас алу.
ерітінділерді пайдалану қағидалары және құрамы;
гауһар және алмасты қолмен және жартылай автоматтардың көмегімен шаю нұсқаулығы;
гауһар және алмасты шаю жөніндегі жабдықтар мен технологиялық жарақтарды пайдалану қағидалары;
карат және талдамалық таразыларды пайдалану қағидалары;
ерітінділер мен жұмыс жасаудың қауіпсіздік қағидалары.
Параграф 21. Гауһарды сұрыптаушы, 5-разряд
массасы 0,04 каратқа дейінгі 17 қырлы, массасы 0,05 каратқа дейінгі 33 қырлы, массасы 0,29 каратқа дейінгі 57 қырлы дөңгелек формадағы гауһарды салмақтық топтары, ақаулықтары мен түсіне қарай сұрыптау және бағалау;
гауһардың сапалық сипаттамасын және прейскурантқа сәйкес олардың тиісті бағасын айқындау;
гауһарды карат және талдамалық таразыда өлшеу;
сұрыпталған және бағаланған гауһардың пакеттері мен құжаттамасын ресімдеу.
дөңгелек формадағы гауһардың көтерме бағасының прейскуранты мен техникалық шарттары;
гауһардың массасына, түсіне, ақауларына, формаларына қарай бағамы, кристаллография және минералогия негіздері;
алмастың физикалық, химиялық және механикалық қасиеті;
дөңгелек формадағы гауһарды бағалау технологиясы;
дөңгелек формалы гауһарды бағалауда қолданылатын технологиялық жарақтары мен аспаптары, карат және талдама таразыларының, поляризациялау және бинокулярлы микроскоптардың құрылымы мен қолдану қағидалары;
алмасты гауһарға өңдеу технологиясының негіздері.
Параграф 22. Гауһарды сұрыптаушы, 6-разряд
массасы 0,30 карат және одан жоғары 57 қырлы фантазиялық және сатылы формадағы гауһарды салмақтық топтары, ақаулықтары мен түсіне қарай сұрыптау және бағалау;
арнайы гониметриялық аспапта гауһардың геометриялық параметрлерін тексеру;
гауһардың сапалық сипаттамасын және прейскурантқа сәйкес олардың тиісті бағасын бекіту;
гауһардың ақаулықтарын жою үшін экономикалық тиімділігін айқындау;
сапалық сипаттамасын және оптикалық эффектісін есептей отырып қырлау және салмақтық тобының барлық формасындағы гауһар тастарды іріктеу.
фантазиялық және сатылы формадағы гауһардың көтерме бағасының прейскуранты мен техникалық шарттары;
ақау түрлері мен оларды жою тәсілдері;
геометриялық параметрлері мен олардың оптикалық қасиетіне әсері;
экспортқа жіберілетін гауһарға қойылатын талаптар;
қырлаудың фантазиялық және сатылық формаларын бағалаудың технологиясы;
фантазиялық және сатылық формадағы гауһарды бағалауда қолданылатын технологиялық жарақтар мен аспаптар.
6-тарау. Металдан көркемөнер бұйымдарын өндіру жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
Параграф 1. Көркемдеп құю формалаушысы, 2-разряд
қарапайым күрделіктегі суреті бар көркемөнер бұйымдары құймаларының опоктарында, қабырғасының бетінде бірден үшке дейінгі өзекшесі бар көркемөнер бұйымдары бөлшектерін модельдер мен үлгілер бойынша қолмен формалау;
қарапайым формаларды құрастыру;
формаларға металл құюға қатысу.
қарапайым күрделіктегі суреті бар көркемөнер бұйымдарын қолмен формалау жолдары;
қоректендіргіштерді орнату орнын айқындау және ұсақ ақаулықтарды жою тәртібі;
көтергіш механизмдерін басқару қағидалары;
формалауда қолданылатын аспаптар мен құрылғылардың қызметі және қолдану шарттары;
формалар мен өзекшелерді кептіру сапасын айқындау тәсілдері, модельдерді сақтау қағидалары;
қарапайым формаларды құрастыру технологиясы.
1) ойыншықтар;
2) көркемдік маскалары;
3) плакеткалар – формалау.
Параграф 2. Көркемдеп құю формалаушысы, 3-разряд
орташа күрделіктегі суреті бар көркемөнер бұйымдары құймаларының опоктарында, қабырғасының бетінде бірден үшке дейінгі өзекшесі бар көркемөнер бұйымдары бөлшектерін модельдер мен үлгілер бойынша қолмен формалау;
өзекшелер мен тоңазытқыш орната отырып орташа күрделіктегі формаларды құрастыру;
пневматикалық, механикалық немесе электр магнитпен істейтін діріл станогын қолдана отырып блоктар мен жинақтарға жинақталған тұратын скульптуралардың балқытылатын модельдерінің формаларын жасау;
отқа төзімді құрамды әзірлеу, оларды тұратын скульптуралардың модельдік блоктарына жағу.
орташа күрделіктегі суреті бар көркемөнер бұйымдарын қолмен формалау жолдары;
балқытылатын модельдерге жағылатын түрлі отқа төзімді құрамдардың формаларын жасауда қолданылатын формалық қоспалар мен өзге де материалдардың құрамы мен қасиеті;
формаларға құйылатын металдың қасиеті мен температурасы, формаларды толтыру тығыздығы, олардың газ өткізгіштігі, тұратын скульптураны әзірлеуде формалау құрамын тығыздау тәсілдері;
түрлі вибрациялық станоктардың құрылымы мен қолдану принципі, формалар мен өзекшелерді кептіру режимі мен кептіру деңгейі, даяр формаларға қойылатын талаптар;
шектеулер туралы жалпы мәліметтер, бақылау-өлшеу аспаптарының және құрылғылардың құрылымы мен қолдану тәсілдері;
орташа күрделіктегі формаларды құрастыру технологиясы.
1) көркем барельефтер, торлар;
2) бір немесе екі жақты суреті бар пластинка тәрізді ұсақ зергерлік бұйымдары;
3) түрлі көркемдік қаламдар – формалау.
Параграф 3. Көркемдеп құю формалаушысы, 4-разряд
ерекше күрделі суреті бар көркемөнер бұйымдары құймаларының опоктарында модельдер мен үлгілер бойынша қолмен формалау;
жекелеген блоктармен құйылатын немесе тұтас каркаспен жасалынатын аксессуарлардың гипстік модельдері бойынша бөлшектерді бөлшектеп формалау;
қысыммен және эмальдаудың көп жанжақты өңделетін бөлшектерді формалау;
арнайы бекітпелі өзекшелердің қиылатын күрделі формаларын құрастыру;
формалауға қажетті жарақтарды дайындау;
балауыз модельдерді блоктар мен жинақтарға монтаждау;
металл модельдер мен үлгілер бойынша сығым формалардың резина дайындамаларын вулкандалған сығымдағышта формалау;
беті шығыңқы көлемді модельдердің 4-бөлігіне дейін резина сығымдағыш формасын кесу.
күрделі суреті бар көркемөнер бұйымдарын қолмен формалау жолдары;
күрделі формаларды құрастыру технологиясы;
қажет материалдардың, модельдік қоспаның физикалық қасиеттері мен оларды құю сапасына әсері;
формаларға құйылатын металдың құю және механикалық қасиеттері;
құйғыштарды орнататын жерлер;
формалау жерінде кептіру және күйдіру пештерінде формаларды кептіру процестері мен режимдері;
құймаларға қойылатын талаптар;
құйма құрылымына формадағы металдың суу жылдамдығының әсері;
модельдік керек жарақтарға қойылатын талаптар;
резинаны кесу тәсілдері, сығым формаға қалау тәсілдері;
сығым формаларында кесуді бақылау;
жабдықтарды пайдалану әдістері;
сығымдау режимдері, кесетін өлшеу аспабын пайдалану жолдары.
1) филигрань элементтері бар брошьтар;
2) скульптуралардың құрастырмалы бөлшектері;
3) көлемді суреті бар сақиналар;
4) кулондар, жүзіктер;
5) түрлі сырғалар мен алқалар;
6) барельефті және табиғи оюлы білезіктің құрама бөліктері – формалау.
Параграф 4. Көркемдеп құю формалаушысы, 5-разряд
ерекше күрделі суреті бар көркемөнер бұйымдары құймаларының опоктарында модельдер мен үлгілер бойынша қолмен формалау;
ерекше күрделі формаларды құрастыру;