Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (52-шығарылым) бекіту туралы

Жұмыстар мен жұмысшы

кәсіптерінің бірыңғай

тарифтік-біліктілік анықтамалығын
(52-шығарылым) бекіту туралы

 

 

2015 жылғы 23 қарашадағы  Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (52-шығарылым) бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. «Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (52-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  № 8770 болып  тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы бұйрықтыңорындалуынбақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі

Дата публикации
14 февраля 2022