«Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына
ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 23) тармақшасына сәйкес «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы әзірленді.
Аталған бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Занының нормаларына сәйкес келтіру болып табылады.
2021 жылдың 28 мамырда бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілер интернет-порталына жария талқылану үшін орналастырылған. 2021 жылдың 11 маусымына дейін өзекті (орналастыру мерзімі 10 жұмыс күні).