Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» 2018 жылғы 18 қыркүйектегі №399, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 118 бұйрықтарының күші жойылды деп тану жөнінде

Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы және

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» 2018 жылғы 18 қыркүйектегі №399, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 12 сәуірдегі

№ 118 бұйрықтарының күші жойылды деп тану жөнінде

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Бекітілсін:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру қағидалары Қағидалары бекітілсін.

  1. Күші жойылды деп танылсын:

1) «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 399 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17388 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 24 қыркүйекте жарияланған);

2) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 118 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 13 сәуірде № 22539 болып тіркелді).

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

бұйрық
Дата публикации
17 января 2022