«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларында:
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған кезде бір мезгілде бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама беру туралы шешім қабылданады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір шешіммен ресімделеді.
Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген, алты жасқа толған балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылады.
Осы Қағидалардың 38-тармағының екінші абзацында көрсетілген отбасыларға әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өтініш берушінің өнім берушіні таңдауы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап жүзеге асырылады.
Өтініш берушіден кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың тапсырысын алғаннан кейін өнім беруші бес жұмыс күні ішінде порталда тапсырысты қабылдау туралы немесе қызмет көрсетуден бас тарту себебі көрсетілген қызмет көрсетуден бас тарту туралы өнім берушінің ЭЦҚ-сы қойылған хабарламаны қарайды және «Алушының жеке кабинетіне» жібереді.
Өнім беруші атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтініште көрсетілген кепілдік берілген әлеуметтік топтама алушылардың тұрғылықты жері бойынша Порталда тапсырыс қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей азық-түлік жиынтықтары мен тұрмыстық химия тауарлары жиынтықтарын жеткізуді қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға оларды өткізу кезінде мемлекеттік бюджет қаражатынан кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың құнын өтеу тәртібі Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы өткізген кезде оның құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларына сәйкес айқындалады, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26492 болып тіркелген).
Кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың құнын өтеу сомасы республикалық бюджет қаражаты есебінен 2,5 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын және жергілікті (облыстық) бюджет қаражаты есебінен 1 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын осы сомадан қоса қаржыландыру шартымен әрбір балаға айына 3,5 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айқындалады.
Табысы аз отбасы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы кепілдік берілген сомадан асатын бағамен порталы арқылы сатып алған кезде табысы аз отбасы кепілдік берілген сома мен нақты құн арасындағы айырманы өз қаражаты есебінен дербес төлейді.
Кепілдік берілген әлеуметтік топтама осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген кезеңдерде Қазақстан Республикасының Үкіметі Заңның 7-бабының 1-1-тармағына сәйкес айқындаған түрлер мен көлемде ұсынылады.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі