Төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттарына берілетін ең аз азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтың құрамынбекіту туралы

                                                                              

 

 

 

 

Төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген

санаттарына берілетін ең аз азық-түлік-тұрмыстық

жиынтықтың құрамынбекіту туралы

 

«Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2-тармағының 2-бөлігіне, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасынасәйкесБҰЙЫРАМЫН:

  1. Төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттарына берілетін ең аз азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтың құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

    2) осы бұйрықты облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына жеткізуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Әукеновке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2020 жылдың 3 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғауминистрі

 

Б. Нұрымбетов

                                                                

Төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттарына берілетін ең аз азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтың құрамынбекіту туралы
Дата публикации
07 апреля 2020