2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабы 5-тармағының 2) және 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған даму жоспары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 – 2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Министр С. Шәпкенов
КЕЛІСІЛДІ КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Қаржы министрі
___________ А. Ерғалиев ___________ Е. Жамаубаев
2021 жылғы _______________ 2021 жылғы ______________