«Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы
25 қыркүйектегі № 379 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесін осы бұйрықтың қосымшасы 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Министр С. Шәпкенов
|
|
Қазақстан Республикасы 2021 жылғы « » қосымша
Қазақстан Республикасының
|
Маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесі
|
Р/с № |
Кәсіптердің атауы |
|
1. |
Бағбандар және бақшашылар |
|
2. |
Егіншілер және көкөнісшілер |
|
3. |
Темекі өнімдерін дайындау жөніндегі жұмысшылар |
|
4. |
Өсімдік шаруашылығында біліктілігі жоқ жұмысшылар |
|
5. |
Мал шаруашылығында біліктілігі жоқ жұмысшылар |
|
6. |
Аралас өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде біліктілігі жоқ жұмысшылар |
|
7. |
Құрылыс алаңындағы жұмысшылар (әртүрлі жұмысшылар) |