«2020 – 2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту жол картасы туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімінің жобасына баспасөз-релизі
«2020 – 2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту жол картасы туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімінің жобасы (бұдан әрі – Өкім жобасы) дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру және халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес әзірленді.
Өкім жобасында 2020 – 2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту жол картасында мынадай өзгерістер мен толықтырулар:
Жергілікті атқарушы органдардың инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын, медициналық тексеру өткізу, жұмыскерлерді жинау және жұмыс орнына дейін тасымалдау үшін мобильді рекруттік пунктерді ұйымдастыруы
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін Халықты жұмыспен қамту орталықтары жіберген жұмыссыздарға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған екі еселген ең аз жалақы мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төлеуі көзделіп отыр.
Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.
Жоба «Электродық Үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөілімінде жарияланды