Мемлекеттік қызмет үшін беделдің, яғни имидждің қызметтік және мәртебелік маңызы зор. Ол халықтың оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқарушылық қызметтің, мемлекет жүргізіп жатқан өзгерістердің тиімділігіне берген бағасының критерийі болып табылады. Ол мемлекеттік органдар әрекеттерінің нақты әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның талаптарына және үміттеріне сәйкестік дәрежесін белгілейді. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет беделін арттыру қажеттігіне қатысты мәселелерге мемлекет басым назар аударуда. Қазақстан Республикасының ішкі саясаты үшін мемлекеттік қызмет беделін қалыптастыру және нығайту, мемлекеттік жүйені дамыту басым бағыттар болып табылады.