Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы өткізген кезде оның құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы

         «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы өткізген кезде оның құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

С. Шапкенов

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 13.01.2022

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 26492 болып енгізілді

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы өткізген кезде оның құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
14 января 2022