«Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын санаторий-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманы есептеу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы

 

«Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын санаторий-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманы есептеу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

         «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын санаторий-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманы есептеу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 10 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«мүгедектер әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау жөніндегі комиссия құру туралы»

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мүгедектер әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

  1. Комиссия жыл сайын 15 қаңтардан кешіктірмей мүгедектер әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы (бұдан әрі – кепілдік берілген сома) айқындау бойынша отырыс өткізсін.»;

әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын санаторий-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманы есептеу жөнінде комиссияның құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:

1) Комиссия мүшелерін осы бұйрықпен таныстырсын;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр                                                                     С. Шәпкенов

 

 

 

 

Дата публикации
28 декабря 2021