Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар әзірледі.
Бұйрық жобасы:
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер Электрондық еңбек биржасы арқылы қабылданады, сондай-ақ келісімшарттар Электрондық еңбек биржасы арқылы жасалады.
Қоғамдық жұмыстар бір жылдам астам жұмыс істеп тұрған ұйымдар мен кәсіпорындарда ұйымдастырылады.
Әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын ұйымдастыруға субсидияланатын жұмыс орындарындағы жұмысын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жұмысқа орналасу деңгейі соңғы үш жылда кемінде 50 %-ды құрайтын (өтінім берген сәтте) жұмыс берушілер жіберіледі.
3) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жұмыссыздарды жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында және жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайтын кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын ендіруді;
4) Оқуға қатысушы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын әлеуметтік келісімшарттың нысанын ендіруді көздейді.
Ұсынылып отырған бұйрық жобасы қабылданған жағдайда теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкелмейді.