«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

        «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларында:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Мыналар отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:

1) атаулы әлеуметтік көмек;

2) тұрғын үй көмегі;

3) жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;

4) жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

5) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

6) жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

7) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

8) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар;

9) жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, техникалық және кәсіптік (мектептер, колледждер), білім беру ұйымдарының студенттеріне төленетін мемлекеттік стипендия;

10) отбасына төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында көрсетілген көмек;

11) бала тууға байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;

12) Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында табысы аз отбасылардан шыққан студенттерге көрсетілетін материалдық көмек;

13) азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес табысы аз азаматтарға мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден көрсетілген ақшалай немесе зат түріндегі көмек;

14) Үлгілік қағидаларға сәйкес көрсетілетін біржолғы ақшалай көмек;

15) қайырымдылық көмек;

16) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;

17) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;

18) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген заттай көмек:

дәрілік препараттар;

санаторлық-курорттық емдеу;

протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);

мүгедектерге бөлінген арнаулы жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен оңалту құралдары;

жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмаған отбасылардан шыққан мемлекеттік білім беру мекемелерінің студенттері мен оқушыларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес студенттер мен тәрбиеленушілердің өзге санаттарына ұсынылатын материалдық көмек;

табысы аз отбасылардан шыққан балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмек;

20) жетім баланы және (немесе) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алумен байланысты біржолғы төлемдер;

21) Бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударушыларға (әр отбасы мүшесіне) көшуге берілетін біржолғы төлем;

22) «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына сәйкес кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында біржолғы өтеу;

23) тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы төлемнің бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы;

24) төтенше жағдай немесе шектеу іс-шаралары кезеңінде ұсынылатын азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;

25) төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына немесе шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемдер.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Отбасының жиынтық табысын есептеген кезде мынадай:

1) толық мемлекеттік қамсыздандырудағы адамдарды;

2) мерзімді әскери қызметтегі адамдарды;

3) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдарды қоспағанда, бір елді мекен шегінде тіркелген бірге тұратын, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтармен және некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге нысандарынан туындайтын міндеттермен байланысты отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұратын, бірақ некеде тұрмайтын бірге тұратын адамдар ескеріледі.

Бірге тұру фактісі:

отбасының тұрғылықты жерінен тыс жерде еңбек қызметімен айналысатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне;

толық мемлекеттік қамсыздандырудағылардан басқа, интернат ұйымдарында оқитын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балаларға олар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) талап етілмейді.

Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасының құрамы атаулы әлеуметтік көмекке жүгіну сәтіне есепке алынады.

Есепті кезеңде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келген отбасы мүшесінің табыстары келген күнінен бастап есепке алынады. Есепті кезеңде отбасы мүшесі шығып қалған кезде отбасының жиынтық табысы шыққан күнінен бастап отбасының шығып қалған мүшесіне келетін жан басына шаққандағы орташа табысы шегеріле отырып есептеледі.

Отбасының құрамына отбасында тұратын және отбасының тұрғылықты жері бойынша осындай деңгейдегі орта білім беру ұйымының болмауына байланысты  осындай деңгейдегі білім беру ұйымдарында оқу орны бойынша басқа елді мекенде тіркелген балалар енгізіледі.;

16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) әлеуметтік төлемдер, атап айтқанда:

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлері, оларға өтемақы төлемдері;

жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан және бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардан басқа, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан және бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;

төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына немесе шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемдерді қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;

бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар;

үйде оқитын мүгедек балаларды оқыту шығындарын өтеу;

қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға берілетін жәрдемақы;

патронат тәрбиелеушілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға берілетін төлем;

мүгедек баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы;

жұмыс берушінің қаражаты есебінен берілетін әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақылар;

отставкадағы судьяның ай сайынғы өмір бойғы қамтылымы;

зейнетақы төлемдерін алушыларға инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарнамаларының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттің кепілдіктері;

төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бірге тұратын балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар отбасыларға олар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіргенге дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

стипендия, оның ішінде қаржыландыру көзіне қарамастан, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетін мемлекеттік атаулы және атаулы стипендия;

табысы аз отбасылардан шыққан балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде көрсетілетін көмекті қоспағанда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілетін қалаішілік қоғамдық көлікте жүруге берілетін материалдық (әлеуметтік) көмек;

қаржыландыру көзіне қарамастан, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларға және оқу орындарының басқа тыңдаушыларға төленетін стипендия;

табысы аз отбасылардан шыққан балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде көрсетілетін көмекті қоспағанда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілетін қалаішілік қоғамдық көлікте жүруге берілетін материалдық (әлеуметтік) көмек;

төтенше жағдай немесе шектеу іс-шараларын кезеңінде ұсынылатын азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтарын, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін соманы қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін заттай көмек түрлерінің құны, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мекемелері мен ұйымдары белгілеген барлық төлем түрлеріне үстемеақылар мен қосымша ақылар.»;

26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жұмыс iстемейтiн және Орталықта жұмыссыз ретiнде тiркелген (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларының 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтамасын ұсынған кезде);».

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды;

4) осы бұйрықты облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына жеткізуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р. К. Сәкеевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

 

С. Шапкенов

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

 

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының

 Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 08.12.2021

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 25633 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Министерство труда и социальной защиты населения РК - Директор департамента Анжелика Борисовна Парсегова, 04.11.2021 15:19:09, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Акмолинской области - Заместитель акима Акмолинской области Ельдос Муратович Рамазанов, 22.11.2021 19:41:28, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Актюбинской области - Аким Актюбинской области Ондасын Сеилович Уразалин, 09.11.2021 11:01:27, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Алматинской области - Заместитель акима области Батыржан Кулаймергенович Байжуманов, 05.11.2021 09:17:02, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Атырауской области - Первый заместитель акима Атырауской области Серик Кенганович Айдарбеков, 05.11.2021 19:26:25, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат города Алматы - Заместитель акима Максат Сакенович Кикимов, 17.11.2021 15:13:09, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Жамбылской области - Заместитель акима области Талгат Шариевич Мамаев, 05.11.2021 21:27:11, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Карагандинской области - Заместитель акима Карагандинской области Ермек Амантаевич Алпысов, 16.11.2021 16:00:49, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Костанайской области - Аким Костанайской области Архимед Бегежанович Мухамбетов, 09.11.2021 17:11:00, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство национальной экономики РК - Министр национальной экономики Республики Казахстан Асет Арманович Иргалиев, 09.11.2021 19:40:32, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан - Министр сельского хозяйства Республики Казахстан Ербол Шыракпаевич Карашукеев, 23.11.2021 10:03:26, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Западно-Казахстанской области - заместитель акима области Темирхан Жалгасович Мендыгалиев, 18.11.2021 15:52:08, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Кызылординской области - Аким Кызылординской области Гулшара Наушаевна Абдыкаликова, 05.11.2021 20:36:10, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Мангистауской области - Аким Мангистауской области Нурлан Аскарович Ногаев, 09.11.2021 15:51:49, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Павлодарской области - Аким области Абылкаир Бактыбаевич Скаков, 09.11.2021 17:39:52, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Северо-Казахстанской области - Аким Северо-Казахстанской области Кумар Иргибаевич Аксакалов, 05.11.2021 17:48:42, положительный результат проверки ЭЦП

Акимат Туркестанской области - Заместитель акима Туркестанской области Улан Калмуханович Тажибаев, 09.11.2021 15:18:12, положительный результат проверки ЭЦП

Аппарат акима Восточно-Казахстанской области - заместитель акима области Азамат Маратович Мухамедчинов, 09.11.2021 11:27:29, положительный результат проверки ЭЦП

Аппарат акима города Нур-Султан - Заместитель акима Ермек Ануарбекович Кизатов, 15.11.2021 12:11:22, положительный результат проверки ЭЦП

Аппарат акима города Шымкент - Заместитель акима города Шымкент Ергали Даулетбекович Билисбеков, 15.11.2021 17:41:29, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр Наталья Виссарионовна Пан, 30.11.2021 17:33:14, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Шапкенов, 30.11.2021 19:51:35, положительный результат проверки ЭЦП

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
09 декабря 2021