«Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө
өкіміне өзгерістер енгізу туралы
көрсетілген өкіммен бекітілген Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасында:
«Жұмыспен қамтудың 2021 жылға арналған жол картасын іске асырудың мақсаттары мен бағыттары» деген тарауда:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін жол картасы мынадай бағыттарды көздейді:
1) әлеуметтік-мәдени, инженерлік-көліктік өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымның жобаларын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін іске асыру есебінен халықтың өмір сүру сапасын арттыру;
2) шағын, орта бизнесті дамыту, оның ішінде отандық тауарларды, көрсетілетін қызметтерді өндіру және жұмыс орындарын құру үшін «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын қаржыландырудың (микрокредиттеудің) қолжетімділігін арттыру;
3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.»;
15 және 16-тараулар алынып тасталсын.
Премьер-Министр А. Мамин