«Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі өкімінің жобасына
пресс-релиз
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер–Министрі өкімінің жобасы (бұдан әрі – Өкім жобасы) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру үшін азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмаларына сәйкес әзірленді.
Өкім жобасында жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасында мынадай өзгерістер көзделеді:
Жұмыспен қамту жол картасынан IV бағыт «Өңірлерде бизнесті дамыту» алып тастау.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жоба Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.