Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінің Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға және кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы қағидаларын бекіту туралы
«2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы ___ желтоқсандағы № ___ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
2) есепті айдан кейінгі айдың 8-күніне дейін ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне есеп беруді қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин