«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:
2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) «бір өтініш» қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтер жиынтығын көздейтін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері – зейнетақы төлемдерін алушыларға төленетін зейнетақы жинақтарының төлемдері;
4) жасына байланысты зейнетақы төлемдері – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне барабар жүзеге асырылатын ақшалай төлем;
5) зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, тиісті банк операцияларының түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
6) зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органдары;
7) зейнетақылар мен жәрдемақылар алушы (бұдан әрі – алушы) – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдері және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері және (немесе) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы және (немесе) мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындалған жеке тұлға;
8) мемлекеттік арнайы жәрдемақылар – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, жұмыс жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жұмыс өтілі болған адамдарға берілетін ақшалай төлем;
9) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, мүгедектік туындаған, асыраушысынан айырылған кезде азаматтарға берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер;
10) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі (бұдан әрі – базалық зейнетақы) – Заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенде берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;
11) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;
12) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары – Мемлекеттік корпорацияның облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары;
13) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС бөлімшесі) – уәкілетті органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
14) орталықтандырылған дерекқор (бұдан әрі – ОДҚ) – Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасы саласында белгіленген жағдайларда төлем түрлерін жүзеге асыруға арналған орталық атқарушы органның орталықтандырылған дерекқоры;
15) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
16) өтініш беруші – базалық зейнетақы және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемін және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін және (немесе) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы және (немесе) мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындауға жүгінетін жеке тұлға;
17) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
18) цифрлық құжаттардың сервисі – операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда қызметтерді алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі;
19) электрондық іс макеті (бұдан әрі –ЭІМ) – Мемлекеттік корпорацияда Е-макет автоматтандырылған ақпаратық жүйеде қалыптастыратын жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы, мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушының электрондық іс макеті;
20) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
21) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
1) Мемлекеттік корпорация арқылы – зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау үшін.
Бұл ретте, «бір өтініш» қағидаты бойынша өтініш берушінің таңдауы бойынша мыналар:
Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы мен зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін;
белгіленген тәртіппен мүгедек деп танылған адамдар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы, бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша жәрдемақы тағайындау үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беруі мүмкін;
2) Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі арқылы – мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша өтініш осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы, бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша жәрдемақы, еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін «бір өтініш» қағидаты бойынша беріледі;
3) портал арқылы – базалық зейнетақы, мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау үшін;
4) проактивті қызмет арқылы – мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау кезінде проактивті қызмет арқылы өтініш беру талап етілмейді. Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету тәртібі осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген.
Қандас мәртебесі бар адамдар зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындауға жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін қандас куәлігі ұсынылады.
Іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекетке қабілеті шектеулі немесе қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті олардың заңды өкілдері береді.
Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша үшінші тұлғалар береді.
Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.
«Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры АЖ-ға – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
«АХАЖ» АЖ-ға – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлік бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 мамырдан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша);
«Е-Қорғаншылық» АЖ-ға – қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжаттар бойынша;
«Жоғарғы сот» АЖ-ға – бала (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі бойынша сұрау салу бойынша;
«Біріктірілген салықтық ақпараттық жүйе» АЖ – адамның жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегені жөнінде мемлекеттік кірістер органынан анықтама бойынша;
«Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер базасы» АЖ мүгедектігі белгіленгені туралы мәліметтердің болуына;
«АХАЖ» АЖ-ға – қайтыс болғаны туралы куәлік бойынша (2008 жылғы 1 мамырдан кейін Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген тіркеу бойынша қалыптастырады).
Өтініш электрондық не қағаз түрінде беріледі, қол қойылады немесе өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылады.
АЖ мәліметтермен сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтінішке тиісті құжаттар қоса беріледі.
Электрондық құжаттар цифрлық құжаттардың сервисі арқылы қалыптастырылады, тексеріледі және пайдаланылады.
1) болған кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаға төленген және міндетті зейнетақы жарналары табысынан жүзеге асырылған табыс сомалары туралы анықтама, ал дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ нысанасы жұмысты (қызмет көрсетуді) орындау болып табылатын, Заңның 24-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін – мемлекеттік кірістер органы берген табысы туралы құжат.
Ұйым (кәсіпорын) таратылған жағдайда табысы туралы мәліметтер көрсетілген архивтік анықтама немесе мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады.
Орташа айлық табыс туралы архивтік құжатты беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленеді.
«Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдар Ресей Федерациясының валютасымен төленген табысы туралы жұмыс берушінің анықтамасын ұсынады (бар болса).
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамы туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсынан алады;
2) өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:
еңбек кітапшасы;
еңбек кітапшасы жоқ немесе жарамсыз болса, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар, нақтылық болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса архив мекемелерінен немесе жұмыс орнынан анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар.
Болуына қарай сондай-ақ:
білімі туралы құжат;
әскери билет немесе қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) анықтамасы;
балалардың туу туралы куәліктері (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес прокуратура органдары берген ақталуы туралы анықтама;
әскери ұрыс қимылдарына қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасы;
бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;
Кеңес Одағы аумағында орналасқан мекемелердің, Қазақстан Республикасы мекемелердің, халықаралық ұйымның қызметкері жұбайы (зайыбы) шетелде тұрғанын растайтын құжат;
әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұбайының (зайыбының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұрғанын растайтын құжат;
Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтардың шығу мемлекетіндегі еңбек қызметін растайтын құжат ұсынылады.
Жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткен уақытын растау үшін мына құжаттардың (олардың болуына қарай) біреуі ұсынылады:
балалардың жеке басын куәландыратын құжат;
балалардың (тегін өзгерткен кезде) неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлігі немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;
балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;
орта-кәсіптік немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не балалардың оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;
балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік (не азаматтық хал актілерін жазу органдары берген қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат;
3) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде).»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Базалық зейнетақыны тағайындау үшін өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағында тізбеленген құжаттардан басқа:
1) өтініш берушінің зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін растайтын құжаттарды;
2) неке туралы куәлікті (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлікті немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзіндіні (бар болса) ұсынады.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін растайтын құжаттарға (олардың болуына байланысты) мыналар жатады:
1) осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген, өтініш берушінің 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілін растайтын құжаттар;
2) жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткен уақытын растайтын құжаттар:
балалардың туу туралы куәліктері (туу туралы актілік жазбадан үзінді немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
келесі құжаттардың біреуі (олардың болуына байланысты):
балалардың жеке басын куәландыратын құжат;
балалардың (тегін өзгерткен кезде) неке туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді;
балалардың орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;
балалардың арнаулы орта немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не білім алғанын растайтын оқу орнының анықтамасы;
балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік (немесе қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
балалардың әскери қызметті өткергенін растайтын құжат;
3) жұмыс істемейтін әкенің жас балаларды нақты бағып-күткені фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі;
Бұл ретте көрсетілген кезең баланың анасының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есептелмейді.
4) бірінші топтағы мүгедекті, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекті және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерді, сексен жасқа толған қарттарды, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күтуді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі;
Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға), бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы мәліметтерді мемлекеттік АЖ-дан растау кезінде сот шешімін ұсыну талап етілмейді;
5) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет кезеңдерін растайтын (олардың болуына қарай) мынадай құжаттар:
еңбек кітапшасы;
әскери билет;
қызмет кезеңі туралы архив мекемесінің анықтамасы;
қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) немесе қызмет орнының анықтамасы;
қызметті өткеру туралы келісімшарт жасау және тоқтату негізінде қызметтік қатынастардың туындауын және тоқтауын растайтын бұйрықтың көшірмелері ұсынылады;
6) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметтері және халықаралық ұйымдар қызметкерлері жұбайының (зайыбының) шетелде, әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұбайларымен мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұру фактісін және кезеңін растайтын құжат;
7) «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек өтілін растайтын құжат;
8) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі еңбек қызметінің кезеңдерін растайтын құжаттар (олардың болуына қарай):
еңбек кітапшасы;
еңбек кітапшасы болмаса немесе жарамсыз болса, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар, болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса, жұмыс орнынан анықтама;
сот шешімі.
Егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдерді аудару туралы орталықтандырылған дерекқордың мәліметтері негізінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған кезеңдер есепке алынады.
Міндетті зейнетақы жарналары толық және уақтылы аударылмаған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын (олардың болуына қарай) жүзеге асыру кезеңдері мынадай құжаттармен расталады:
міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер өтініш беруші еңбек өтілін растайтын құжаттарда көрсетілген еңбек қызметінің кезеңдеріне сәйкес келсе осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) немесе архивтік мекеменің растау анықтамасы;
міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңдерін растайтын сот шешімі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеген кезде жеке практикамен айналысатын адамдардың, сондай-ақ нысанасы жұмысты (қызмет көрсетуді) орындау болып табылатын, Заңның 24-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың, сондай-ақ өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған дара кәсіпкерлердің және шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары және мүшелерінің (қатысушыларының) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезеңі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті салық кезеңіне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының кемінде жылдық сомасын аударған жағдайда бір жылға тең болады.
Егер көрсетілген адамдар енгізген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы тиісті салық кезеңіне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының жылдық сомасынан аз болса, онда міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезең енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасына пропорционалды түрде айқындалады.
Міндетті зейнетақы жарналарын 2006 жылғы 1 шілдеге дейін аударған жағдайда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңіне міндетті зейнетақы жарналары аударылған айдың алдындағы ай есепке алынады.
Егер бір айда жинақтаушы зейнетақы қорларына және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару бірнеше рет жүзеге асырылса, жинақтаушы жүйеге қатысу кезеңі бір айды құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффиценті қолданылған еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдері осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес жұмыс берушінің анықтамасымен расталады.
Төтенше жағдайлар, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметті шектеуге байланысты кірістен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем алу кезеңі орталықтандырылған дерекқордағы мәліметтермен расталады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Көрсетілетін қызметті алушы мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек бала тәрбиелеушіге жәрдемақы, бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша жәрдемақы тағайындауға «бір терезе» қағидаты бойынша жүгінген жағдайда МӘС бөлімшесі өтінішті қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электрондық өтініштен, құжаттардың электрондық көшірмелеріне тұратын электрондық өтінімді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-дан алынған мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жібереді.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жасына байланысты зейнетақы төлемдерін үш жұмыс күні ішінде, базалық зейнетақыны және жәрдемақыларды екі жұмыс күні ішінде тағайындауға ЭІМ-ді және шешім жобасын қалыптастырады.
Қалыптастырылған ЭІМ зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау (өзгерту, төлемді қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін Мемлекеттік корпорацияның филиалы арқылы уәкілетті органға жіберіледі.
Мемлекеттік корпорацияның филиалы екі жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, ЭІМ-ді ресімдеудің және зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептеудің дұрыстығын тексереді.»;
33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Уәкілетті орган келіп түскен ЭІМ-ді қарайды және осы Қағидаларға 24, 25, 26, 27 және 28-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бес жұмыс күні ішінде, базалық зейнетақы мен жәрдемақыларды ЭІМ-ге түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде тағайындау (өзгерту, төлемді қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Бас тарту үшін негіздеме анықталған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес өтініш берушіге зейнетақы және жәрдемақылар тағайындаудан (төлемді өзгертуден, қалпына келтіруден) бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау жүргізудің орны мен уақыты туралы хабарлама жібереді.
Өтініш берушінің алдын ала шешім бойынша қарсылығын уәкілетті орган оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Уәкілетті орган тыңдау нәтижелері бойынша зейнетақы және жәрдемақылар тағайындау (төлемді өзгерту, қалпына келтіру) туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берген жағдайда уәкілетті орган қарау мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей қарау нәтижесін «электрондық үкімет» шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Өтініш берушіге хабарлама жіберілгеннен кейін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі ЭІМ-де бар деректер негізінде шешімнің электрондық жобасын қалыптастырады және зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жібереді.
Егер зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау үшін талап етілген құжаттар отыз жұмыс күні ішінде ұсынылса, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақы немесе жәрдемақы төлемдеріне құқық пайда болған күннен бастап төлемді тағайындау (өзгерту, қалпына келтіру) туралы шешімнің электрондық жобасын уәкілетті органға бекіту үшін жібереді.
Егер талап етілген құжаттар отыз жұмыс күні өткен соң ұсынылса, осы Қағидалардың 44 және 45-тармақтарына сәйкес қайта өтініш берген күн жүгінген күн болып есептеледі.
ЭІМ-де, оның ішінде портал арқылы қабылданған өтініштер бойынша зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау (төлемді өзгерту, қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін жетіспейтін құжат болмаған жағдайда, уәкілетті орган тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Уәкілетті орган жасына байланысты зейнетақы төлемін немесе мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдағаннан кейін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі еңбек кітапшасына «зейнетақы (жәрдемақы) тағайындалды» деген белгі қояды және оны өтініш берушіге өзі келген кезде қайтарады.
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш беруші жүгінген кезде қол қойдыра отырып осы Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес беретін куәлік алушының мәртебесін растайтын ресми құжат болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген куәлікке осы Қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемі мөлшерін есептеу туралы хабарлама немесе осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшерін есептеу туралы хабарлама қоса беріледі.
Куәлікті беру осы Қағидаларға 35-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлікті тіркеу журналында тіркеледі.
Куәлікті алуға үшінші тұлғалар жүгінген жағдайда куәлік 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша беріледі.
Куәлігін жоғалтқан жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі алушының өтініші бойынша куәліктің телнұсқасын жазып береді. Оң жақ үстіңгі бұрышына «Телнұсқа» деген белгі қойылады.
Зейнетақының немесе жәрдемақының түрі немесе мөлшері өзгерген не тұрғылықты жері өзгерген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі куәлікке қосымша бетте жүргізілген өзгерістер туралы тиісті жазба жасайды.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып шағымның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері қызмет көрсету кезінде олардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым оның басшысының атына немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі. Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды тіркеу күні оны қарау мерзіміне кірмейді. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не уәкілетті органның, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 43-1 және 43-2-тармақтармен толықтырылсын:
«43-1. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау бойынша өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімін ұзарту сәтінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электронды түрде берілген кезде) ұзартудың себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабардар етеді.
43-2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік тәртіппен (сотқа дейінгі) шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бұрын ұсынылған құжаттарды толықтыратын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі, 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі табысы туралы құжаттарды ұсынған кезде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін өзгерту, жүргізілген арттырулар ескеріле отырып осы Қағидаларға 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті берген күннен бастап осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес электрондық журналға тіркелетін уәкілетті органның шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте қосымша ұсынылған, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының толық есептелмеуіне, ұсталмауына және уақтылы аударылмауына байланысты құжаттар бойынша есепке алынатын орташа айлық табыстың кезеңі жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері есептелген, бастапқы ұсынылған орташа айлық табыстың кезеңіне сәйкес келеді.»;
52-тармақ алып тасталсын;
54 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«54. Алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткен жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі алушының осы Қағидаларға 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші негізінде зейнетақы ісін/жәрдемақы алушының ісін алушының қолына береді немесе басқа елдердің уәкілетті органдарының сұрау салуы бойынша жіберіледі.
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі ЭІМ негізінде осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша істің қағаз нұсқасын қалыптастырады және алушының қолына береді немесе басқа елдердің уәкілетті органдарының сұрау салуы бойынша жіберіледі.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетушілерге зейнетақыларды және жәрдемақыларды төлеу ішкі істер органдарынан тіркеуден шығарылған айға қоса жүргізіледі.
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«60. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуді Мемлекеттік корпорация:
патронат туралы шарт бойынша отбасындағы балаларға жәрдемақыны аудару баланың өз шотына жүзеге асырылады;
зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шоттарына аудару;
«Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы алушыларға үйлеріне жеткізіп беру жолымен жүргізеді.
Алушының банк шотының нөмірі, төлеу тәсілі, алушының (қамқоршының, қорғаншының) тұрғылықты жері өзгерген жағдайда алушылар (қамқоршылар, қорғаншылар) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне немесе зейнетақы мен жәрдемақы беру бойынша уәкілетті ұйымның бөлімшесіне осы өзгерістер туралы, тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен қоса өтініш береді.
Зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымның ЭЦҚ-сымен куәландырылған алушының келісімі болған кезде банк шотын және (немесе) төлем тәсілін өзгертуге өтінішті және банк шотының нөмірін зейнетақы мен жәрдемақыны беру жөніндегі уәкілетті ұйым Мемлекеттік корпорацияға, оның ішінде электрондық байланыс арналары арқылы береді.»;
64, 65 және 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«64. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақыларды және жәрдемақыларды төлеуді осы Қағидаларға 46-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкiлеттi орган шешімінің негізінде:
1) зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ұсынатын алушының банк шоттары бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы;
2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның, қандастың жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өтуі, оның ішінде АЖ анықталғаны туралы;
3) іздеуде жүрген адамдардың хабар-ошарсыз кету фактісінің, оның ішінде АЖ анықталғаны туралы;
4) ата-ананың(лардың) құқықтарынан және қамқоршыны (қорғаншыларды) құқықтарынан айыру (босатылған және шеттетілген қамқоршылар (қорғаншылар) туралы), қамқоршыны (қорғаншыны) ауыстыру немесе қайтыс болуы, оның ішінде қамқоршы бір медициналық-әлеуметтік мекемеден басқасына шығып кеткен жағдайда жаңа қамқоршыны (қорғаншыны) тағайындағанға дейінгі фактілер туралы, оның ішінде АЖ анықталғаны туралы;
5) хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған адамдардың жеке зейнетақы шоттарына мiндеттi зейнетақы жарналарын (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын) аудару немесе азаматтың тірі екендігін растайтын ақпараттың келіп түсу фактісінің, оның ішінде АЖ анықталғаны туралы;
6) қайтыс болған асыраушының балаларына, аға-інілеріне, апа-сіңлілеріне немесе немерелеріне күтім жасайтын адамдардың жұмысқа орналасу фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы;
7) жасы он сегізден асқан асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушының оқу орнынан шығарылғаны туралы немесе оның сырттай оқу нысанына ауыстырылғаны, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы;
8) шетел адамның тұруға ықтиярхатын алғанға дейін Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу немесе шығу фактісі анықталғаны туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап;
9) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге сәйкес тағайындалған зейнетақылардан басқа, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде зейнетақы төлемдерін, жәрдемақылар алу фактісі анықталған жағдайда төлемдерді тоқтата тұрады.
қайтыс болғаны туралы, оның ішінде АЖ алынатын мәліметтер;
кеткен елінің уәкілетті органынан зейнетақы ісіне/жәрдемақы алушының ісіне сұрау салу;
зейнетақы немесе жәрдемақы алушының оны әділет органдарынан тіркеуден шығарғанын растайтын құжатпен қоса, зейнетақы немесе жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өтініші;
мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту немесе азаматтығынан шығу фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы мәліметтер;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының отставкадағы судьяға ай сайынғы өмір бойы қамсыздандыру тағайындалғаны туралы хабарламасы келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатады.
әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарынан зейнеткердің зейнетақы ісінен уәкілетті мемлекеттік органның еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалғаны туралы үзінді көшірме;
зейнетақы мен жәрдемақылар алушылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі анықталғаны туралы мәліметтер, оның ішінде АЖ-дан;
өтініш берушінің негізсіз тағайындауға алып келген дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактісі анықталғаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатады.
67-тармақ алып тасталсын;
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«71. Зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда, егер жерлеуге арналған біржолғы төлемге өтініш зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған күннен кейін үш жылдан кешіктірілмей берілген болса, оны жерлеуді жүзеге асырған адамға алушы қайтыс болған сәтте айқындалатын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.»;
73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«73. Жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлғадан өтініш қабылданған кезде жеке басты куәландыратын құжат, зейнетақы немесе жәрдемақы алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтер болмаған жағдайда жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлға өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (куәлік) (заңды тұлғалар үшін) немесе дара кәсіпкердің патенті (заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);
2) алушының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе қайтыс болу фактісін растайтын басқа мемлекеттердің уәкілетті органы берген және апостиль қойып куәландырылған құжат.»;
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«75. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 51-қосымшаға сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға ЭІМ-ді және электрондық шешім жобасын қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияның филиалына жібереді.
Мемлекеттік корпорацияның филиалы бір жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, есептеудің және ЭІМ мен электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді және жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган электрондық құжаттармен келіп түскен электрондық шешім жобасын қарайды, олар уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.»;
7-тараудың тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
8-тараудың тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
осы бұйрыққа 1, 2, 3 ,4, 8, 9, 10, 11, 12, 26, 30, 49 және 50-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 және 13-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 14-қосымша сәйкес 5-1 қосымшамен толықтырылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
|
С. Шапкенов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі