«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы
№ 81 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 154-15) және 154-16) тармақшалармен толықтырылсын:
«154-15) экономикалық қызмет түрлерін кәсіптік тәуекел сыныптарына жатқызу қағидаларын әзірлеу;
154-16) ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адам куәлігінің үлгісін әзірлеу;".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин