|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
|
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
|
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
«Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 155 және Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 174 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелері осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
__________ С. Шәпкенов
|
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
__________ Б. Атамқұлов
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі