Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына конкурс өткізудің шарттары, күні және орны

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына конкурс өткізудің

шарттары, күні және орны

 

Конкурсты өткізу орны: 010000, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 6-кіреберіс, анықтама телефоны (7172) 74-33-45.

Конкурсқа қатысушылар келесі біліктілік талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  • Мына мамандықтар бойынша жоғарғы білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе протездеу немесе жобалау саласында техникалық білім, қоғамдық денсаулық сақтау немесе ортопедия саласында медициналық білім. «Іскелік әкімшілік магистрі» дәрежесінің немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің бар болуы және сәйкес келетін бейіндегі ұйымдардағы басқару қызметінде кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;
  • мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласында қарым-қатынасты реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы, сондай-ақ бұрын жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы бар адамдар қабылданбайды.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі немесе соңғы жұмыс орнынан қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орныны басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға рұқсат беру күні - конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейінгі бес жұмыс күні ішінде.

Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу күні - бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап. Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 6-кіреберіс, анықтама телефоны (7172) 74-33-45 мекенжайына ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа жіберілген кандидаттар конкурс өткізілетін жерде әңгімелесуден өтеді.

Дата публикации
11 ноября 2021