«Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 1079 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13543 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

         көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

         «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

         көрсетілген бұйрықпен бекітілген Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:

         1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

         «1-тарау. Жалпы ережелер»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «1. Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.»;

         2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

         «2-тарау. Ұйымның міндеттері мен функциялары»;

3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Адам саудасының құрбандарын ұйымға қабылдау және оларды сәйкестендіру шарттары»;

20-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлiкпен толықтырылсын:

«Көрсетілетін қызметтерді алушының тіркеу карточкасын толтырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде уақытша болу және тұру ұйымының маманы әлеуметтік қызметтер порталына көрсетілетін қызметтерді алушының тіркеу карточкасынан деректерді енгізеді.»;

4-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Ұйымда болу және тұру шарттары»;

5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«5-тарау. Көрсетілетін қызметтерді алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін айқындау және қайта әлеуметтендіру туралы шартты әзірлеу»;

6-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«6-тарау. Ұйымда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары»;

40-тармақта:

1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«төсек жабдығын, төсек және ішкі жабдықтарын, киімді, аяқкиімді, жеке гигиена заттарын осы Стандартқа 8-қосымшаға сәйкес төсек және ішкі жабдықтары, киім, аяқкиім, жеке гигиена заттарының, сондай-ақ оларды кию және тозу мерзімдерінің ең төменгі нормаларына сәйкес ұсыну;»;

2) тармақшаның екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21721 болып тіркелген) Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;»;

7) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу;»;

7-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«7-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді аяқтау, тоқтату және көрсетілетін қызметтерді алушыларды ұйымнан шығару шарттары»;

көрсетілген Стандартпен бекітілген 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 8-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

«Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
09 ноября 2021