«Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы №403-ө-м бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы №403-ө-м бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы №403-ө-м бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8749 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесінде:

7-тарауда:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, туу туралы куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты), не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат.

Қандас мәртебесі бар адамдарға жәрдемақы тағайындауға жүгінген жағдайда қандас куәлігін ұсынады.»;

6-тармақ мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

«18) күтімді жүзеге асыратын адамдар үшін – күтім көрсетілетін адамда бірінші топтағы мүгедектігінің болуы туралы; күтім жасау үшін айқындалған адамның әрекетке қабілеттілігі туралы, жасының он сегізден жас болмауын анықтау туралы, психикалық денсаулық орталығында есепте тұру фактісінің болмауы туралы, тұрақты тұрғылықты жерінің тіркелуінің болуы туралы (бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамның және бірінші топтағы мүгедектің бір қала және (немесе) аудан шегінде тұру фактісін растау үшін) күтім жасау үшін айқындалған адамның жеке басты куәландыратын құжаты бойынша ақпараттық жүйелерде тексеріледі; жеке көмекшінің қызметін ұсыну фактісінің болмауы туралы;  күтім жасау үшін айқындалған адамның мемлекеттік медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) тұру фактісінің болмауы туралы мәліметтер.»;

14-тарауда:

5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жеке басын куәландыратын, қандас, босқын, шетелдік, азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы құжаттың түрі, нөмірі, сериясы, берілген күні, құжаттың қолданылу мерзімі, құжатты берген орган.

  1. Тұрғылықты жері туралы мәліметтер: тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы, облыстың, ауданның (қаланың), ауылдың, көшенің (шағын ауданның) атауы, үйдің, пәтердің нөмірі»;

9 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Отбасы құрамы туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы, үйінің мекенжайы, телефоны, өтініш берушіге туыстық қатынасы, туған күні мен жылы

  1. Отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жұмыс орны (жұмыссыздар жұмыс іздеуші ретінде немесе жұмыссыз ретінде тіркеуфактісін растайды), расталған табыс сомасы (еңбекке ақы төлеу бойынша, әлеуметтік төлемдер (зейнетақылар, жәрдемақылар, стипендиялар және басқа төлемдер), кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар, басқа да жарияланған төлемдер»;

мынадай мазмұндағы 12-20 тармақтарымен толықтырылсын:

«12. Мүгедектікті белгілеу туралы, баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы, қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы, бала асырап алу туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы мәліметтер

  1. Егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса - оқу орнында оқу фактісі туралы мәліметтер
  2. Дара кәсіпкердің мәртебесі туралы мәліметтер
  3. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса) мәліметтер
  4. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы мәліметтер
  5. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) берешектің болуы туралы мәліметтер
  6. Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы мәліметтер
  7. Меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы мәліметтер
  8. Меншігінде автокөлік құралының болуы туралы мәліметтер»;

20-тарау жойылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі                                                                  С. Шәпкенов

проект приказа каз
Дата публикации
05 ноября 2021