«Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын және әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 944 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасына баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 26 және 27) тармақшаларына сәйкес «Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын және әйелдердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 944 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасы әзірленді.
Аталған бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының нормасына сәйкес келтіру болып табылады.
2021 жылғы 11 қазанда бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында көпшіліктің талқылауы үшін орналастырылған.