"Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы статистикалық және өзге де есепті ақпаратты ұсыну қағидалары бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне енгізу үшін республикалық құқықтық ақпарат орталығына баспа және электрондық түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы | |
| Денсаулық сақтау және | |
| әлеуметтік даму министрінің | |
| міндетін атқарушы | Б. Нұрымбетов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________________Ә. Исекешев
2016 жылғы "__" _____________
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
міндетін атқарушы
______________________Б. Иманәлиев
2016 жылғы 21 қаңтар