«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 379 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17467 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларында:

6-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде білім беру ұйымдарының арнаулы (көмекші) сыныптарында оқуды қиындататын (бөгде адамның көмегінсіз қозғалмайтын, қозғалыс функцияларының ауырлығына байланысты өзіне қызмет көрсетпейтін) қозғалыс функцияларының өрескел бұзылуы болған кезде.»;

11 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң) белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, өзіне қызмет көрсете алмайтын және Кодекске сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек 1) осы Қағидаларға 2 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерді алатын адамдарды және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарды тіркеудің электрондық журналы (бұдан әрі – электрондық журнал).

Электрондық журналды әлеуметтік қызметтер порталында стационарлық үлгідегі ұйым жүргізеді (http://aleumet.egov.kz) (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Электрондық журналда: қызмет алушылардың келуі, шығарылуы (шығарып жіберу), уақытша кетуі, басқа стационарлық үлгідегі ұйымға ауысуы, бұйрықтың нөмірі мен күні, шығару (шығарып жіберу) себебі, уақытша шығуы және арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж кезек көрсетіледі.

Электрондық журналда көрсетілетін қызметтерді алушылардың стационарлық үлгідегі ұйымға келуі бір реттік парольмен расталады, ол СМС-хабарлама беру арқылы көрсетілетін қызметтерді алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген телефон нөміріне беріледі.

Бұрын стационарлық үлгідегі ұйымнан шығып кеткен адам қайта түссе, оның деректері «түскен күні» деген бағанда тіркеу журналына «қайта оралды» деген белгімен жазылады.

Бос орындар болмаған жағдайда стационарлық үлгідегі ұйым қызмет алушылардың өтініштерін электрондық журналға олардың келіп түсу ретімен тіркейді.

Электрондық журналға кезекке өтінімді қызметтерді алушы таңдалған стационарлық үлгідегі ұйымда бос орын болмаған кезде электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы порталда авторизациялау арқылы дербес береді.

Мерзімі өткен порталда кезекте тұрған қызмет алушылар ОЖБ қайта куәландырудан өтеді және алдыңғы кезекті сақтай отырып, порталда тіркеледі (стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге ОЖБ болған кезде).

Электрондық журналда ОЖБ мерзімі өткен кезекке тұрған және электрондық журналда қайта куәландырудан өткен қызмет алушылардың өтініштері алдыңғы кезектің сақталуы ескеріле отырып, порталда тіркеледі.

Он сегіз жасқа толған және стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қарттарға, мүгедектерге және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық үлгідегі ұйымға кезектен тыс қабылданады.

Көрсетілетін қызметті алушыға стационарлық үлгідегі ұйымға белгіленген мерзімде келуге дене қабілеті қабілетсіз болған жағдайда келу мерзімін күнтізбелік отыз күнге дейін қосымша бір рет ұзарту мүмкіндігі беріледі (ауру, емдеуге жатқызу) стационарлық үлгідегі ұйымды хабардар еткен кезде;»;

21-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) электрондық журнал.

Электрондық журналды порталда жартылай стационарлық үлгідегі ұйым жүргізеді.

Электрондық журналда: бұйрықтың нөмірі мен күні, қызмет көрсетуді тоқтату, тоқтата тұру себептері және арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж адамдар кезегі көрсетіле отырып, қызмет алушылардың келуі, тоқтатылуы, тоқтата тұруы, басқа жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға ауысуы белгіленеді.

Қызмет алушылардың жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға келуі тіркеу журналында бір реттік парольмен расталады, ол СМС-хабарлама беру арқылы қызмет алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген телефон нөміріне беріледі.

Бұрын стационарлық үлгідегі ұйымнан шығып кеткен адам қайта келіп түскен кезде оның деректері «келіп түскен күні» деген бағанда «қайтып оралды» деген белгісі бар электрондық тіркеу журналына енгізіледі.

Бос орындар болмаған жағдайда жартылай стационарлық үлгідегі ұйым қызмет алушылардың өтініштерін электрондық журналға олардың келіп түсу ретімен кезекке тіркейді.

Электрондық журналға кезекке өтінімді қызмет алушы таңдалған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда бос орын болмаған кезде электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы порталда авторизациялау жолымен дербес береді.

Мерзімі өткен порталда кезекте тұрған қызмет алушылар ОЖБ қайта куәландырудан өтеді және алдыңғы кезекті сақтай отырып (жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге ОЖБ болған кезде) порталда тіркеледі.

Электрондық журналда ОЖБ мерзімі өткен кезекке тұрған және электрондық журналда қайта куәландырудан өткен қызмет алушылардың өтініштері алдыңғы кезектің сақталуы ескеріле отырып, порталда тіркеледі.

Көрсетілетін қызметті алушыға стационарлық үлгідегі ұйымға белгіленген мерзімде келуге дене қабілеті қабілетсіз болған жағдайда келу мерзімін күнтізбелік он күнге дейін қосымша бір рет ұзарту мүмкіндігі беріледі (ауру, емдеуге жатқызу) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды хабардар еткен кезде;»;

26 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) электрондық журнал.

Электрондық журналды порталда үйде қызмет көрсету ұйымы жүргізеді.

Электрондық журналда: қызмет алушыларды есепке алу, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату, тоқтата тұру, шешімнің нөмірі мен күнін, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату, тоқтата тұру себептерін көрсете отырып белгіленеді.

Бұрын үйде қызмет көрсету ұйымынан шығып кеткен адам қайта түссе, оның деректері «түскен күні» деген бағанда электрондық журналына «қайта оралды» деген белгімен жазылады.

Бос орын болмаған жағдайда үйде қызмет көрсету ұйымы қызмет алушылардың өтініштерін электрондық журналға олардың келіп түсу ретімен тіркейді.

Электрондық журналға кезекке өтінімді қызмет алушы таңдалған үйде қызмет көрсету ұйымында Бос орындар болмаған кезде порталда ЭЦҚ арқылы авторизациялау арқылы дербес береді.

Электрондық журналда ОЖБ мерзімі өткен кезекке тұрған және электрондық журналда қайта куәландырудан өткен қызмет алушылардың өтініштері алдыңғы кезектің сақталуын ескере отырып (үйде қызмет көрсету ұйымында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге ОЖБ болған кезде) порталда тіркеледі;»;

35-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша болу ұйымында қызмет алушыларды тіркеу карточкасы (бұдан әрі – Тіркеу карточкасы).

Уақытша болу ұйымының мамандары уақытша болу ұйымына келіп түсетін адамды медициналық тексеруден және санитариялық өңдеуден, киімдері мен жеке заттарын дезинфекциялаудан өткізгеннен кейін қызмет алушылардың Тіркеу карточкасына толтырылады және электрондық журналына тіркейді;

2) электрондық журнал.

Электрондық тіркеу журналын порталда уақытша болу ұйымы жүргізеді.

Электрондық журналда: қызмет алушылардың келуі, шығарылуы (шығарып жіберу), уақытша кетуі, басқа уақытша болу ұйымға ауысуы, бұйрықтың нөмірі мен күні, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығуы себебі көрсетіледі.

Бұрын уақытша болу ұйымынан шығып кеткен адам қайта түссе, оның деректері «түскен күні» деген бағанда электрондық журналына «қайта оралды» деген белгімен жазылады;»;

2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

бұйрық жобасы
Дата публикации
19 октября 2021