«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының үкіметі қаулы ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
16 тармақта:
37) тармақша алып тасталсын;
63-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«63-2) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсын қолдап отыруды және оның жұмыс істеуін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
119) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«119) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
119-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«119-1) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
119-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«119-2) мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 119-3) тармақпен толықтырылсын::
«119-3) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
121-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«121-2) тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды тіркеу немесе әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 121-4) тармақпен толықтырылсын:
«121-4) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және мүгедектерге көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектің қажеттіліктерін бағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 121-5) тармақпен толықтырылсын:
«121-5) мүгедектер әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 121-6) тармақпен толықтырылсын:
«121-6) мүгедектерге көрсетілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 121-7) тармақпен толықтырылсын:
«121-7) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
17 тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы, Міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы, сондай-ақ өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіру және оның қызметіне, жергілікті атқарушы органды мүгедектерді жеке көмекшінің, есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының, санаторий-курорттық емделудің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) және арнаулы жүріп-тұру құралдарының көрсетілетін қызметтерін толық және уақтылы қамтамасыз етуі бойынша, әлеуметтік қызметтер порталына тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерге рұқсат беру бойынша, оларды тіркеу немесе әлеуметтік қызметтер порталына тіркеуден шығару бойынша, мүгедектерге әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік бюджет қаражатынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын;»;
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«21) бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, бала тууға байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды, анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған қорғаншыға (қамқоршыға) берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, төрт және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлем түріндегі әлеуметтік көмек, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы, жерлеуге берілетін біржолғы төлем және олардың төлемдерін қамтамасыз ету;»;
24) және 25) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«24) Қордың қызметі туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді алу;
25) бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, арнаулы мемлекеттік жәрдемақының, мемлекеттік арнайы жәрдемақының, бала тууға байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылардың, анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға)тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының уақтылы және толық төленуіне бақылауды жүзеге асыру; , "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар, көп балалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлем түрінде әлеуметтік көмек, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге, Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, жерлеуге арналған біржолғы төлемдерге, Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге;»;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, бала тууға байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды, анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстығын тексеру;";, бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар, көп балалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлем түрінде әлеуметтік көмек, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына жерлеуге берілетін біржолғы төлемге;».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин