«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу шеңберінде кейбір ұғымдарға редакциялық түзетулер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің орталық аппараты мен аумақтық департаменттерінің функцияларына өзгерістер енгізілетін болады.

Жобаны қабылдаудың мақсаты мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.

Жобаны іске асыру қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді. Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының оң сараптамалық қорытындысы бар.

Дата публикации
29 сентября 2021