«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектің қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасының баспасөз-релизі

«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектің қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасының баспасөз-релизі

 «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектің қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы ___ _______ Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімін іске асыру мақсатында әзірленді.

Қаулы жобасында мүгедектің қажеттіліктерін бағалау техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар, арнаулы жүріп – тұру құралдары және мүгедектерге көрсетілетін қызметтер сыныптауышына (бұдан әрі-сыныптауыш) сәйкес мүгедектің құжаттарын (клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және басқа да деректерді) қарау, оны қарап тексеру (жүгінген кезде), организм функцияларының бұзылу дәрежесін және тыныс-тіршілігінің шектелуін, медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, оңалту болжамы мен әлеуетін бағалау арқылы жүргізілетіні көзделген.

Сыныптауышқа сәйкес мүгедектің қажеттілігін бағалау мүгедек адамның өз бетінше тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік қызметті; мүгедектің өмір салтын және дене белсенділігінің ықтимал дәрежесін, оның қарым-қатынасқа, демалыс пен бос уақытты өткізуге қажеттілігін жүзеге асыру мүмкіндігін ескере отырып, оңалтудың техникалық құралдарын таңдауға мүмкіндік береді.

Жобаны қабылдау мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Дата публикации
01 сентября 2021