«Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 13 ақпандағы № 39 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
«Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 13 ақпандағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22211 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мынадай:
1) қандастарды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңірлік квотасының саны 1 146 адам;
2) қоныс аударушыларды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңірлік квотасының саны 7 023 адам болып белгіленсін.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметтері департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынылуын;
4) осы бұйрықты жұмысында басшылыққа алу үшін облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігімен
КЕЛІСІЛГЕН