«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директоры

                Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу орны: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 6-кіреберіс, анықтама телефоны (7172) 74-33-45.

 Кәсіпорынның орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданы, Кравцов көшесі, 18, телефоны (7172) 57-06-02.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, нормалау, еңбек гигиенасы, физиологиясы, эргономикасы мен экономикасының проблемалары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу, ғылыми қызметтің нәтижелерін енгізу және коммерциялау.

Сондай-ақ Кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады, нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады.

 Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуға тиіс, докторлық (кандидат-үміткер) ғылым деңгейі болған жағдайда ғылыми-педагогикалық кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін;  

экономикалық қызмет, ғылымның тиісті түрінің даму бағытын анықтайтын заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

ұйымның қызмет бағыты, бейіні және мамандануы, ұйымның қызметіне қатысты мемлекеттік органдардың шешімдері;

ұйым қызметі саласындағы отандық және шетелдік ғылым мен техниканың жетістіктері;

зерттеу жұмыстарын, техникалық әзірлемелерді және оларды эксперименттік тексеруді жүргізудің ғылыми әдістері, өзге ұйымдар жүзеге асыратын аралас проблемалар бойынша зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері;

ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қаржыландыру мен жоспарлау әдістері;

маркетинг, салық және өзге де міндетті төлемдер, алымдар, сақтандыру жарнасын аудару тәртібі;

қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесі және материалдық ынталандыру нысаны;

контрактілер мен шарттарды жасау және орындау тәртібі;

экономика, еңбекті, өндірісті және басқару ұйымдастыру;

еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.;

3) бұрын жасалған сыбайлас құқық бұзушылықтың болмауы;

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар қабылданбайды.

Қонкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) қазақ және орыс тілдерінде резюме;

3) еркін түрде жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың үзінді көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсты өткізу күні – конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімінен кейінгі келесі жұмыс күні.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Құжаттар, хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 6-кіреберіс, байланыс телефоны (7172) 74-33-45.

Конкурсқа жіберілген кандидаттар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде әңгімелесуден өтеді.

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бос лауазымына конкурс
Дата публикации
28 сентября 2021