«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы
№ 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларында:
2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) кепілдік берілген әлеуметтік топтама – бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар табысы аз отбасыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын түрлер мен көлемде берілетін көмек;»;
2-тармақ 23) тармақшасымен толықтырылсын:
«23) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы - әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі, ол халықтың жекелеген санаттарына осы Заңға және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Казақстан Республикасының Заңына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың олардың құнын өтеуі шарттарымен тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектісін білдіреді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Консультация беру нәтижелері бойынша адам немесе отбасы (бұдан әрі - өтініш беруші) өз тарапынан немесе отбасының атынан осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш береді.
Бұл ретте, өтініш берушіде сәйкестендіру үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (паспорты), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі), ал қандастар үшін - қандастар куәлігі немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат болуға тиіс.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын бірге тұратын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері өтінішке Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтінішті қосымша береді.
Он алты жасқа толмаған адамның атынан ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуінің еңбек қызметін жүзеге асыруға келісу туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші беріледі.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Орталық уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсыну туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушінің өзіне немесе әкім арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны береді.
Шешім теріс шығарылған не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған кезде Орталық Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 73-бабына сәйкес өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.
Орталық алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің қарсылықтарын оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша Орталық атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды немесе осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу табысы отбасының мынадай мүшелеріне шартты ақшалай көмек төлеу үшін міндетті шарт болып табылмайды:
бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;
күндізгі оқу бөлімінің оқушыларына, студенттеріне, тыңдаушыларына, курсанттарына, магистранттарына, интерндеріне, докторанттарына, аспиранттарына;
екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарға;
үш жасқа дейінгі балаға күтімді жүзеге асыратын ата-ананың біреуіне, мүгедек балаға, 6ipiнші және екінші топтағы мүгедектерге, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға;
тұрақты жұмысы бар адамдарға;
бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж үш жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын отбасының еңбекке қабілетті бір ғана мүшесі жатқызылуы мүмкін.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған кезде бір мезгілде бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама беру туралы шешім қабылданады және осы Қағидаларға
5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір шешіммен ресімделеді.
Бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы беру туралы шешімдердің негізінде уәкілетті орган ай сайын шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 1-күніне ақпараттық жүйеде қажеттілікті және кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету үшін тізілімді қалыптастырады.
Осы Қағидалардың 38-тармағының екінші абзацында көрсетілген отбасыларға қажеттілік қалыптастырылғаннан кейін ағымдағы айдың 10-күніне дейін әлеуметтік қызметтер порталында кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға тапсырыс беру мүмкіндігі ұсынылады.
Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмір туралы мәліметтер болған кезде өтініш берушіге әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушіні авторизациялау және таңдау қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі.
Егер отбасы әлеуметтік қызметтер порталында кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға тапсырысты жүзеге асырмаса немесе өнім беруші тапсырыстарды қабылдамаса, онда уәкілетті орган ағымдағы айдың 15-күнінен кешіктірмей ақпараттық жүйеде тізілімді өзектендіреді және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсынуды жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырады.
Кепілдік берілген әлеуметтік топтама осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген кезеңдерде Қазақстан Республикасының Үкіметі Заңның
7-бабының 1-1-тармағына сәйкес айқындығын түрлер мен көлемде ұсынылады.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алушылар қатарындағы:
бір жастан алты жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген, алты жасқа толған балалары;
алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ он сегіз жасқа толған, орта білім беру ұйымдарында оқитын балалары бар табысы аз отбасыларға тиісті оқу жылы ішінде беріледі.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген алты жасқа толған балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде,:
азық-түлік жиынтықтары ай сайын атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезеңінде немесе тоқсанына бір рет атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезеңіндегі айлық жиынтық санынан кем емес мөлшерде беріледі;
тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы тоқсанына бір рет атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде ұсынылады.
Бұл ретте баланың жасын ескере отырып, азық-түлік жиынтығының түрі адамның (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш берген кезде және оны тағайындау кезеңінде көрсетілетін баланың жасына байланысты анықталады.
Алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында оқитын он сегіз жасқа толған балалар үшін кепілдік берілген әлеуметтік пакет әрбір балаға енгізіледі:
тиісті жылдың 31 тамыз жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларына жылына бір рет берілетін мектеп формасы немесе спорттық киім жиынтығы;
тиісті жылдың 31 тамыз жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларына жылына бір рет берілетін мектепке қажетті құралдар жиынтығы;
оқу жылы ішінде мектеп күндері оқу орнында бір реттік ыстық тамақтану;
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес жергілікті өкілді органдарының шешімдері бойынша ұсынылатын қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тасымалдау кезінде билеттің толық құнының 50 пайызынан кем емес мөлшерде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген алты жасқа толған балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес немесе әлеуметтік қызметтер порталы арқылы азық-түлік жиынтықтары мен тұрмыстық химия тауарларының жиынтықтарын сатып алуды жүргізеді.
Азық-түлік жиынтықтары мен тұрмыстық химия тауарларының жиынтықтарын жеткізуді жергілікті атқарушы органдар атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтініште көрсетілген кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алушының тұрғылықты жерінің мекенжайы бойынша өнім беруші арқылы қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін айдың соңына дейін қамтамасыз етеді.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Орталық, ал ауылдық елді мекенде-ауылдық округтің әкімі немесе ассистент алушыны, жеткізу күні, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі Заңының 7-бабы 1-1 тармағына сәйкес қаулысында айқындалған кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың түрлері мен көлемі туралы хабардар етеді.
Жиынтықтардың жеткізілген күнін көрсете отырып, ерікті түрдегі хабарлама кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне тапсырылады немесе жіберіледі.
Кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс берілген жағдайда жеткізу туралы мәртебе «Алушының жеке кабинетіне» түседі.»;
көрсетілген бұйрықтың 43-тармағына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті берушінің атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілетін мекенжайлар бойынша беріледі.
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен күнін көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Орталық қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым Орталық басшысының атына беріледі.
Орталықтың кеңсесіне қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады
Шағым келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»;
1-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына
1-қосымша»;
2-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына
2-қосымша»;
3-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына
3-қосымша»;
4-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына
4-қосымша»;
5-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына
5-қосымша»;
6-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына
6-қосымша»;
7-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына
7-қосымша»;
2 тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген), «Скринингті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы
9 қыркүйектегі № 704 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6490 болып тіркелген) сәйкес скринингтік тексеріп-қараудан өту;»;
8-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына
8-қосымша»;
9-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына
9-қосымша»;
10-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына
10-қосымша»;
11-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына
11-қосымша»;
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 12 қосымша жаңа редакциямен толықтырылсын;
13-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына
13-қосымша»;
14-қосымшада оң жақ жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына
14-қосымша»;
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |