«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұйымдар қызметкерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай олардың ЛА (тарифтік мөлшерлемесін) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген БЛА мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
Педагогтердің жекелеген санаттары үшін ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) бір аптаға белгіленген оқу жүктемесіне қарай айқындалады.
Заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының мамандары мен қызметшілеріне ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне арттыру коэффициентін қолдану арқылы айқындалады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының педагогтеріне ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,25 мөлшерінде;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдану арқылы айқындалады;
медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдарының жұмыскерлеріне ЛА (тарифтік мөлшерлеме) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдану арқылы айқындалады;
медицина және фармацевтика қызметкерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:
біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блоктарының негізгі персоналы):
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,02 мөлшерінде;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,63 мөлшерінде;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,73 мөлшерінде;
біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блоктарының негізгі персоналы):
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,63 мөлшерінде;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,95 мөлшерінде;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,05 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады;
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан басқа, білім беру ұйымдарының педагогтерін;
мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдарының жұмыскерлерін;
медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда, азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне:
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45 мөлшерінде;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71 мөлшерінде;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдану арқылы айқындалады.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин