«Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Еңбек нарығының жағдайы және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау туралы есеп» нысанды бекіту туралы (индексі 2-Т (еңбек нарығы), кезеңділігі тоқсандық)» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің бұйрық жобасына пресс-релизі

Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Еңбек нарығының жағдайы және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау туралы есеп» нысанды бекіту туралы (индексі 2-Т (еңбек нарығы), кезеңділігі тоқсандық)» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі-бұйрықтың жобасы) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының жай-күйі туралы статистикалық деректерді жинау, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу мақсатында әзірленді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

2021 жылғы 17 қыркүйекте бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде және ЕХӘҚМ ресми сайтында орналастырылған.

 

 

бұйрық жобасы
Дата публикации
17 сентября 2021