«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) Цифрлық құжаттардың сервисі – операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда қызметтерді алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.»;
3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекеттік корпорация арқылы – зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау үшін.
Бұл ретте, «бір өтініш» қағидаты бойынша өтініш берушінің таңдауы бойынша мыналар:
Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы мен зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін;
белгіленген тәртіппен мүгедек деп танылған адамдар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы, бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша жәрдемақы тағайындау үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беруі мүмкін;
2) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі арқылы – мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша өтініш осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы, бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша жәрдемақы, еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін «бір өтініш» қағидаты бойынша беріледі;»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау үшін қажетті электрондық құжаттар цифрлық құжаттардың сервисі арқылы қалыптастырылады, тексеріледі және пайдаланылады.»;
5-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;»;
8-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бірінші топтағы мүгедекті, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекті және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерді, сексен жасқа толған қарттарды, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күтуді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын сот шешімі;
Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға), бірінші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы мәліметтерді мемлекеттік АЖ-дан растау кезінде сот шешімін ұсыну талап етілмейді;»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффиценті қолданылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысатын кезеңдер жұмыс берушінің осы Қағидаларға
5-1-қосымшаға сәйкес анықтамасымен расталады.
Төтенше жағдайлар, шектеу іс-шаралары кезеңінде қызметті шектеумен байланысты табыстан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алу кезеңі орталықтандырылған дерекқордағы мәліметтермен расталады.»;
15-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүгедек балалар мен бала кезінен мүгедектер мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау құқығына бір уақытта ие болады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Көрсетілетін қызметті алушы мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек бала тәрбиелеушіге жәрдемақы, бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша жәрдемақы тағайындауға «бір терезе» қағидаты бойынша жүгінген жағдайда МӘС бөлімшесі өтініш қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электрондық өтініштен, құжаттардың электрондық көшірмелерінен тұратын электрондық өтінімді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-дан алынған мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жібереді.»;
33-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бас тарту үшін негіздеме табылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды қабылдау күні ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге тыңдау жүргізудің орны мен уақыты туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешімге қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Уәкілетті орган тыңдау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметті тағайындау (төлемді өзгерту, қалпына келтіру) туралы шешімді қабылдайды немесе дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Бұл ретте өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берген жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін тәуліктен кешіктірмей көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін «электрондық үкімет» шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияға жібереді.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Егер зейнетақы мен жәрдемақылар төлемдерін тағайындау (өзгерту, қалпына келтіру) туралы шешім қабылдау үшін ЭІМ-ге қосымша құжаттарды қосып тіркеу қажет екені анықталса, уәкілетті орган ЭІМ-ні қайтарады және осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі арқылы хабарлама жібереді. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні бес жұмыс күні ішінде қосымша құжаттарды хабарлама немесе ұялы телефонға sms-хабарландыру алған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы, оның ішінде ұялы телефонға sms-хабарландыру жіберу арқылы хабардар етеді. Sms-хабарландыру осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілетін sms-хабарландыру электрондық журналында тіркеледі. Жете ресімдеу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Өтініш берушіге хабарлама жіберілгеннен кейін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі ЭІМ-де бар деректер негізінде шешімнің электрондық жобасын қалыптастырады және зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жібереді.
Егер талап етілген құжаттар отыз жұмыс күні ішінде ұсынылса, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақы немесе жәрдемақы төлемдеріне құқық пайда болған күннен бастап төлемді тағайындау (өзгерту, қалпына келтіру) туралы шешімнің электрондық жобасын уәкілетті органға бекіту үшін жібереді.
Егер талап етілген құжаттар отыз жұмыс күн өткен соң ұсынылса, осы Қағидалардың 44 және
45-тармақтарына сәйкес барлық қажетті құжаттармен қайта өтініш берген күн жүгінген күн болып есептеледі.
ЭІМ-де, соның ішінде портал арқылы қабылданған өтініштер бойынша тағайындау (өзгерту, төлемді қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін жетіспейтін құжат болмаған жағдайда, уәкілетті орган тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.»;
36-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғарыда көрсетілген куәлікке осы Қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемі мөлшерін есептеу туралы хабарлама немесе осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшерін есептеу туралы хабарлама қоса беріледі.»;
39-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері қызмет көрсету кезінде олардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым оның басшысының атына немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі. Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.»;
41-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды тіркеу күні оны қарау мерзіміне кірмейді. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не уәкілетті органның, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 43-1 және 43-2-тармақтармен толықтырылсын:
«43-1. Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау бойынша өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімін ұзарту сәтінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электронды түрде берілген кезде) ұзартудың себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабардар етеді.
43-2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік тәртіппен (сотқа дейінгі) шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.»;
44-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бұрын ұсынылған құжаттарды толықтыратын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі, 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі табысы туралы құжаттарды ұсынған кезде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін өзгерту, жүргізілген арттырулар ескеріле отырып осы Қағидаларға 36-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті берген күннен бастап осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес электрондық журналға тіркелетін уәкілетті органның шешімінің негізінде жүзеге асырылады.»;
52-тармағы алып тасталсын;
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«55. Уәкілетті органның зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды тағайындау туралы шешімдерінің негізінде Мемлекеттік корпорация бес жұмыс күні ішінде тағайындалған зейнетақылар мен жәрдемақылар сомаларын ай сайын, төлем айының алдындағы айдың 27-күнiне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) ұсынылатын, төлемге бюджет қаражатының қажеттілігіне қосуды қамтамасыз етеді.»;
60-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«60. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуді Мемлекеттік корпорация:
зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шоттарына аудару;
патронат туралы шарт бойынша отбасындағы балаларға жәрдемақыны аудару баланың өз шотына жүзеге асырылады;
«Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы алушыларға үйлеріне жеткізіп беру жолымен жүргізеді.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк шотының және (немесе) төлем тәсілі және банк шотының нөмірін өзгертуге өтінішті зейнетақы мен жәрдемақыны беру жөніндегі уәкілетті орган сервис бойынша жіберілетін хабарламаларда алушының зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымның ЭЦҚ-мен куәландырылған келісім белгісі болған кезде Мемлекеттік корпорацияға оның ішінде, электрондық байланыс арналары арқылы береді.»;
64-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ата-ананың (лардың) құқықтарынан және қамқоршыны (қорғаншыларды) құқықтарынан айыру (босатылған және шеттетілген қамқоршылар (қорғаншылар) туралы), қамқоршыны (қорғаншыны) ауыстыру немесе қайтыс болуы, оның ішінде қамқоршы бір медициналық-әлеуметтік мекемеден басқасына шығып кеткен жағдайда жаңа қамқоршыны (қорғаншыны) тағайындағанға дейінгі фактілер туралы, оның ішінде АЖ анықталғаны туралы;»;
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге сәйкес тағайындалған зейнетақылардан басқа, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды алған факті анықталған жағдайда.»;
65-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«65. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды төлеуді осы Қағидаларға 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның шешімінің негізінде:
қайтыс болғаны туралы, оның ішінде АЖ алынатын мәліметтер;
кеткен елінің уәкілетті органынан зейнетақы ісіне/жәрдемақы алушының ісіне сұрау салу;
зейнетақы немесе жәрдемақы алушының оны әділет органдарынан тіркеуден шығарғанын растайтын құжатпен қоса, зейнетақы немесе жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өтініші;
мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту немесе азаматтығынан шығу фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы мәліметтер;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының отставкадағы судьяға ай сайынғы өмір бойы қамсыздандыру тағайындалғаны туралы хабарламасы келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатады.
әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарынан зейнеткердің зейнетақы ісінен уәкілетті мемлекеттік органның еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалғаны туралы үзінді көшірме келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатады;
зейнетақы мен жәрдемақылар алушылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі анықталғаны туралы мәліметтер, оның ішінде АЖ-дан;
өтініш берушінің негізсіз тағайындауға алып келген дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған туралы мәліметтер.»;
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«66. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамдардың, қандастың жеке басын куәландыратын құжаттың жарамдылық мерзімінің аяқталу себебі бойынша зейнетақы мен жәрдемақылар төлемдері тоқтатыла тұрған жағдайында төлемдерді қалпына келтіру тоқтатыла тұрған күннен, бірақ оларды алу үшін жүгінер алдындағы үш жылдан аспайтын сәттен бастап осы Қағидаларға 24, 25, 26, 27 және 28-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жүргізіледі.»;
67- тармақ алып тасталсын;
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«71. Зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда, егер жерлеуге арналған біржолғы төлемге өтініш зейнетақы немесе жәрдемақы алушы қайтыс болған күнінен кейін үш жылдан кешіктірілмей берілген болса, оны жерлеуді жүзеге асырған адамға алушы қайтыс болған сәтте айқындалатын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.»;
73-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
7-тараудың тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
8-тараудың тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
осы бұйрыққа 1, 2, 3 ,4, 8, 9, 10, 11, 12, 26, 49 және 50-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, және 12-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 13-қосымша 5-1 қосымшасымен толықтырылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |