Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Министрліктің жанындағы жеке кәсіпкерлік субьектілері бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу туралы хабарлайды.

Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттік органға:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.

Аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субьектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдар Министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қамтитын нормативтық құқықтық актілер жобаларына сараптама жасауға құқық алады.

Құжаттар интернет-ресурста хабарлама орналастырылған күннен бастап 2020 жылғы 19 наурызды қоса алғанға дейін Нұр-Сұлтан қаласы,
Мәңгілік ел д., 8 үй, 6 кіреберіс мекен-жайында қабылданады.

Телефон: 74-32-13.

Объявление
Дата публикации
05 марта 2020