Министрліктің әлеуметтік-еңбек саласында іске асырып жатқан цифрлық жобалары
|
р/с № |
жобаның атауы |
жобаның сипаттамасы |
іске асыру мерзімі |
ағымдағы жағдай (статистика, әсерлер) |
|
1. |
Электрондық еңбек биржасы (ЭЕБ) |
Электрондық еңбек биржасы - бұл барлық жеке және мемлекеттік Жұмыспен қамту агенттіктерін біріктіретін және іс жүзінде Қазақстанның еңбек нарығының көп бөлігін қамтитын жұмыс іздеу жөніндегі бірыңғай экожүйе. |
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді |
2019 жылда ЭЕБ қызметін 129,4 мың жұмыс беруші мен 685 мың жұмыс іздеуші пайдаланды. 2018 жылдың басынан бастап ЭЕБ арқылы 497 мыңнан астам жұмыс іздеуші жұмысқа орналастырылды. |
|
2. |
Электрондық еңбек шарттары |
Электрондық еңбек шарттарын енгізу қызметкер мен жұмыс берушінің еңбек қарым-қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді, еңбек құқықтарын сақтау мониторингінің тиімділігін арттырады, құжаттарды қолдан жасау тәуекелін болдырмайды және жұмысқа орналастыруды жеделдетуге, сондай-ақ қағаздағы еңбек кітапшаларынан және еңбек шарттарын жасасу кезінде қағаз құжаттарын беруден бас тартуға, бұл бұдан әрі зейнетақы тағайындауға мүмкіндік береді. |
2018 жылғы шілдеден бастап пилоттық жоба іске қосылды |
Қазіргі уақытта жүйеде барлығы 758 281 еңбек шарты тіркеліп, 17 194 жұмыс беруші қосылды. Әсерлері: |
|
3. |
Әлеуметтік-еңбек саласының жүйелерін дамыту және енгізу |
Әлеуметтік-еңбек саласының жүйесін дамыту және енгізу ауыл халқының қажеттіліктерін болжау, жұмыспен қамтылуын, өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құрамдастарын болдырмау, сондай-ақ ауылды қалалық өмірлік стандарттарға жақындату жолымен ауылдың оның өндірістік және басқа да жалпыұлттық функцияларын және аумақтық дамудың міндеттерін орындауы үшін қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасауға әкеледі., мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректеріне қол жеткізудің қолайлы және тиімді интерфейсін қамтамасыз ету міндетін қамтитын МО АЖ-мен интеграциялау арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің қолда бар құрамдауыштарының мүмкіндіктерін кеңейту және пайдалану. Мүдделі МО үшін барынша талап етілетін есептік, статистикалық және талдамалық ақпаратты автоматтандыруға жүйелік тәсілді іске асыру, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын мониторингілеуді, болжауды және бақылауды ақпараттық қолдау. Жобаның мақсаты-халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыру. |
2018-2021 ж.ж. |
2018 жылы бала тууына байланысты жәрдемақы қызмет алушының өтінішінсіз ұсынатын проактивті қызмет енгізілді. Сонымен қатар, шілдеден бастап зейнетақымен қамсыздандыруды жаңғырту аясында зейнетақы тағайындау бойынша 3 қызмет композиттік форматқа ауыстырылды. 2019 жылдың 3 тоқсанында тағы 9 мемлекеттік қызметті проактивті форматқа көшіру жоспарлануда |