«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-1-бабының 1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға (бұдан әрі - жәрдемақылар) мынадай түрдегі ақшалай, оның ішінде электрондық ақшамен төленетін төлемдер жатады:
бала тууға байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - бала туғанда берілетін жәрдемақы);
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – бала күтімі бойынша жәрдемақы);
құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы);
мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы);
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы).
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылықпен ретке келтірілген жиынтығы;
3) жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган) – уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері;
4) жәрдемақы алушы – бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтімі бойынша жәрдемақы және (немесе) көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы және (немесе) көпбалалы анаға берілетін жәрдемақы тағайындалған өтініш беруші;
5) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйым – банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпочта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
6) көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;
7) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;
8) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары – Мемлекеттік корпорацияның облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы филиалдары;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
10) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – өтініш берушілердің өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
11) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі – МӘС бөлімшесі) ̶ жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;
12) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;
13) өтініш беруші – жәрдемақылар тағайындау үшін жүгінетін адам;
14) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша білетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
15) уәкілетті мемлекеттік орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
16) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
17) электрондық өтінім – бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтімі бойынша жәрдемақыны, көпбалалы отбасыға берітелетін жәрдемақыны, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны және көпбалалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындауға қажетті, Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мәліметтер;
18) электрондық өтініш – электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
19) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны;
20) электрондық іс макеті – Мемлекеттік корпорация қалыптастыратын жәрдемақы алушының электрондық іс макеті;
21) электрондық ақша – электрондық нысанда сақталатын және электрондық ақша жүйесінде жүйеге басқа да қатысушылар төлем құралы ретінде қабылдайтын электрондық ақша эмитентінің шартсыз және кері қайтарып алынбайтын ақшалай міндеттемелері;
22) электрондық ақшаның электрондық әмияны – электрондық ақшаға билік етуді қамтамасыз ететін, оны есепке алу және сақтау тәсілі;
23) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.».
4-параграф алып тасталсын;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Өтініш беруші жәрдемақы тағайындау үшін тиісті құжаттар ұсынғаннан кейін оның қатысуымен Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады және:
мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сұрау салуды;
уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне өтініш берушіде балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындау, төлеу немесе өтініш беру фактісінің болуына, соңғы жиырма төрт айда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспауына (бала күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау үшін) сұрау салуды қалыптастырады.
Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылып отырған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушіге осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Өтініш беруші түпнұсқада ұсынған құжаттар және өтініш сканерленеді және құжаттардың электрондық көшірмесі Мемлекеттік корпорация бөлімшесі маманының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылады, содан кейін өтініш берушіге қайтарылады.
Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылып отырған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынбаған жағдайда өтініш берушіге осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
Уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен жәрдемақыларды тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын ақпарат алған кезде өтініш берушіге осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» себебін және оны жете ресімдеу мерзімдерін көрсете отырып, құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтіні туралы хабарлама жолдайды, бұл кезеңде мемлекеттік қызметті көрсету тоқтатылады.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды жете ресімдеу мерзімі екі жұмыс күнін құрайды.
Егер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес жете ресімдемесе, онда көрсетілетін қызметтерді беруші көрсетілетін қызметтерді алушының «жеке кабинетіне» өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.».
24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Бала туғанда берілетін жәрдемақы және (немесе) бала күтімі бойынша, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беруші портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және осы Қағидаларға 11, 12-қосымшаларға сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.
Растайтын мәліметтерді алған кезде портал арқылы сұрау салуды жүзеге асырған өтініш беруші бала туғанда берілетін және (немесе) бала күтімі бойынша және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау туралы электрондық өтінішті өзінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырады және оны уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жібереді.
Өтініш беруші талап етілген құжаттарды тапсырған кезде өтініш берушінің «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранысты қабылдау мәртебесі көрінеді.
1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;
2) тиісті жәрдемақыларды тағайындау, төлеу, сондай-ақ өтініш беру фактісінің болмауы;
3) бала туғанда берілетін жәрдемақы және (немесе) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы тағайындалатын баланың бір жасқа толу-толмауы;
4) соңғы жиырма төрт айда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспауы (бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны тағайындау үшін);
5) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындалатын баланың он сегіз жасқа толу-толмауы (мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы тағайындау үшін);
6) балада мүгедектігінің болуы (мүгедек баланы тәрбиелеушіге жәрдемақы тағайындау үшін);
7) өтініш берушінің және мүгедек баланың (балалардың) тұрақты тұрғылықты жері тіркеуінің болуы (мүгедек баланы (балаларды) тәрбиелеушіге жәрдемақы тағайындау үшін).
Жоғарыда келтірілген параметрлер бойынша тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда өтінішті өңдеуге арналған кіріс хабарламалар журналына тіркеу жүргізіледі.
Құжаттардың электрондық көшірмелері өтінішті қабылдаған МӘС бөлімшесі маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Өтініш Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесінде тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макеті және осы Қағидаларға 17, 18, 19 және 21-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тиісті электрондық шешім жобасы қалыптастырылады, тиісті жәрдемақыларды тағайындау үшін жәрдемақылардың мөлшері есептеледі және Мемлекеттік корпорация бөлімшесі маманының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылады.
Электрондық шешім жобасы жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық цифрлық нысандағы құжатты (бұдан әрі – шешім жобасы) білдіреді.
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы Мемлекеттік корпорация бөлімшесі маманының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған жәрдемақылар мөлшерін есептеудің, шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді, содан кейін Мемлекеттік корпорация бөлімшесі электрондық іс макетін Мемлекеттік корпорацияның филиалына жібереді.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган шешім жобасымен келіп түскен электрондық іс макетін келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды және осы Қағидаларға 17, 18, 19 және 21-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде автоматты режимде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне немесе портал арқылы өтініш берушінің жеке кабинетіне осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті жәрдемақыларды тағайындау туралы хабарлама жіберіледі. Хабарлама жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылады.»;
мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
«32-1. Теріс шешім шығарған кезде көрсетілетін қызметті беруші алдын ала көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтен бас тарту, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру үшін тыңдаудың орны (тәсілі) мен уақыты туралы алдын ала хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімі аяқталғанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жоданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуге рұқсат береді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.»
33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Тиісті жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1 бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген бас тарту негіздемелерін шешімде көрсетеді.
Бұл ретте осы Қағидаларға 17, 18, 19 және 21-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жәрдемақы тағайындаудан бас тарту себептері көрсетілген жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның тиісті шешімі бар электрондық іс макеті Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне қайтарылады. Жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның жәрдемақы тағайындаудан бас тарту себептері көрсетілген электрондық хабарламасы осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне немесе портал арқылы өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі. Хабарлама жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылады.
35-2 және 35-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«35-2. Көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ осы Қағидалардың 1-1, 3-1, 5-1, 7-1-қосымшаларында көзделген мәліметтерді алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.
Проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақылар тағайындауға өтініш жасалған күн жәрдемақы тағайындауға.
35-3. Проактивті қызмет арқылы жәрдемақыларды тағайындау кезінде осы Қағидалардың 1-1, 3-1, 5-1, 7-1-қосымшаларында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-ға сұрау салу Е-макет автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.»;
38, 39, 40, 41 және 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Бала күтімі жөніндегі, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін, көпбалалы отбасыларға берілетін және көпбалалы анаға берілетін жәрдемақы ай сайын ағымдағы ай үшін төленеді.
Жәрдемақыларды тағайындауға, қалпына келтіруге, өзгертуге және мөлшерін қайта қарауға және тұрғылықты жерін өзгертуге байланысты төлем айының ағымдағы қажеттілігіне енгізілмеген жәрдемақылар сомалары ағымдағы қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін, келесі айдың қажеттілігіне енгізілуге тиіс және бір рет төленеді.
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақы алушы қайтыс болған (сот хабарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жариялаған),
ата-ана құқығынан айырылған немесе одан шектелген, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан жағдайларда, Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын адамдарды қоспағанда, бала бір жасқа толғанға дейін оған күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы төлеу жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен шешім негізінде жүргізіледі.
1) жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйым ұсынатын алушының банк шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы;
2) алушылар қатарынан іздеуде жүрген адамдардың хабар-ошарсыз кету, іздеуде жүру фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы;
3) жәрдемақыларды алушылардың және асырауындағылардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы;
4) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның, қандастың жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімінің өтуі, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы;
5) жәрдемақы алушының сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеуі туралы;
6) арнаулы әлеуметтік қызметтер ақылы негізде ұсынылатын адамдарды қоспағанда, мүгедек баланың (мүгедек балалардың) мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұруы туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы;
7) жәрдемақы алушылардың және асырауындағылардың қайтыс болу фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы;
8) күндізгі оқу орнында тиісті курста оқу фактісінің болмауы туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап төлемдерді тоқтата тұрады.
1) Заңның 11-бабының 1 және 1-1-тармақтарында көзделген негіздемелер бойынша;
2) тағайындау үшін негіздемелер жойылған немесе көпбалалы анаға берілетін жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайларда;
3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан айырылған жағдайларда;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісі анықталған жағдайларда, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынады.
Бала күтімі жөніндегі, көпбалалы отбасыға, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тоқтатқаннан кейін оны алуға құқық туындаған кезде өтініш беруші Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне жәрдемақыға құқықты растайтын құжаттарды қоса отырып осы Қағидаларға 1, 3, 5 -қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қайтадан өтініш тапсырады. Өтініш беру күні жүгіну күні болып есептеледі.»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Тоқтатыла тұрған (тоқтатылған) төлемдерді қалпына келтіру кезінде өтініш беруші қайта ұсынған, төлемді қалпына келтіру үшін қажетті құжаттармен толықтырылған электрондық шешім жобасы бар электрондық іс макетін Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің дайындауы және оны жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның бекітуі тоқтатыла тұрған не қалпына келтіруге құқық басталған күннен бастап, бірақ Заңның 4-бабы 1-тармағы 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша жүгінер алдындағы үш жылдан асырмай, Заңның 4-бабының 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша бала бір жасқа толған күннен кешіктірмей, осы Қағидаларға 17, 18, 19 және 21-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жүргізіледі.»;
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«54. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілген қызметті беруші, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды және бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркелгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркелген күннен 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.»
2, 3, 9, 16, 24, 25 және 29-қосымшалар осы тізбеге 1, 2, 3, 4, 5 және
6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6, 6-1, 13, 20-қосымшалар алып тасталсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі