Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің

резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі

 

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»  2020 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына сәйкес әзірленді және 2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы облысының Талғар ауданында болған әуе апатынан қаза тапқан ұшқыш Миржан Гайнулович Мулдакуловтың жұбайы Зауреш Нургалиевна Мулдакуловаға қаржылай көмек көрсетуді қарастырады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы 2021 жылғы
23 тамызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.

Қаулы жобасын көру үшін мына сілтемеден https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=10979057 өтіңіз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Дата публикации
24 августа 2021