«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы ___________ № ___ бұйрығының жобасына анықтама
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы ________ № __ бұйрығының жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
2021 жылғы 24 тамызда жоба әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелеріне жіберілді және 2021 жылғы _____________ № __ хаттамамен мақұлданды.
2021 жылғы 24 тамызда бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылды. Жария талқылау 2021 жылғы 1 қыркүйекте аяқталады.
Жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайтындықтан, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңеспен келісу талап етілмейді.