«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы ______ № ____ бұйрығының
жобасына анықтама
«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы ________ № __ бұйрығының жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 64, 73 және 91-баптарының ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
2021 жылғы 24 тамызда жоба әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелеріне жіберілді және 2021 жылғы ____________ № _ хаттамамен мақұлданды. Қоғамдық кеңестің ұсыныстары түскен жоқ.
2021 жылғы 24 тамызда бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылған. Жария талқылау 2021 жылғы 1 қыркүйекте аяқталады.
Жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайтындықтан, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңеспен келісу талап етілмейді.