«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік туралы» 2001 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларында:
2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) кепілдік берілген әлеуметтік топтама - бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар табысы аз отбасыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын түрлер мен көлемде берілетін көмек;»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу табысы отбасының келесі мүшелеріне шартты ақшалай көмек төлеу үшін міндетті шарт болып табылмайды:
бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;
күндізгі оқу бөлімінің оқушыларына, студенттеріне, тыңдаушыларына, курсанттарына, магистранттарына, интерндеріне, докторанттарына, аспиранттарына;
екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарға;
үш жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек баланы, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж қарттарға күтім жасайтын адамдарға;
тұрақты жұмысы бар адамдарға;
бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж үш жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын отбасының еңбекке қабілетті бір ғана мүшесі жатқызылуы мүмкін.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде:
атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде – бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген алты жасқа толған балаларды;
алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ он сегіз жасқа толған, орта білім беру ұйымдарында оқитын балаларды-тиісті оқу жылы ішінде бар шартты және шартсыз ақшалай көмек алушылар қатарындағы табысы аз отбасыларға ұсынылады.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы ҚР заңына немесе әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сәйкес азық-түлік жиынтықтарын және тұрмыстық химия тауарларының жиынтығын сатып алуды жүргізеді.
Азық-түлік жиынтықтары мен тұрмыстық химия тауарларының жиынтықтарын жеткізуді жергілікті атқарушы органдар кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алушының өтінішінде көрсетілген әлеуметтік топтаманы алушының тұрғылықты жері бойынша қамтамасыз етеді.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |