«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы
    27 маусымдағы № 559 бұйрығына (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14170 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызметін алу үшін жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі www.egov.kz, www.elіcense «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады.

Бір және (немесе) басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе ұзарту үшін жұмыс беруші басқа жергілікті атқарушы органға ұқсас құжаттарды қоса бере отырып, өтініштерді бір мезгілде жібере отырып, жергілікті атқарушы органға өтініш береді.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Бір және (немесе) басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру не беруден бас тарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган жұмыс берушінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Жергілікті атқарушы орган шешімді жергілікті атқарушы орган құратын комиссия ұсынымдарының негізінде қабылдайды.

Комиссияның әрбір отырысы барысында жұмыс берушілердің өтініштерін қараудың бейнежазбасы жүргізіледі.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Жергілікті атқарушы орган халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген өз аумағы және (немесе) басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде рұқсаттар береді.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Жергілікті атқарушы орган мынадай:

1) Қазақстан Республикасы азаматтар санының бірінші және екінші санаттарға жататын жұмыскерлердің, оның ішінде персоналды ұсыну бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын жіберуші Тараптың жұмыскерлерінің тізімдік санының кемінде 70% - ы;

2) Қазақстан Республикасы азаматтарының саны үшінші және төртінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 90% - нан кем емес, оның ішінде персоналды ұсыну бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын жіберуші Тараптың жұмыскерлер.

Қадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу кезінде шетелдік жұмыскерлер қатарында 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары есептелмейді.

Жұмыс беруші кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.»;

17-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастарға қолданылмайды.»;

19 және 20-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін жұмыс берушілерден «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес салық алымы (бұдан әрі – алым) алынады.

Бір және (немесе) басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған немесе ұзартылған кезде алым әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктің бюджетіне төленеді.

  1. Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға рұқсатты бергені үшін алымды енгізгенін растайтын құжаттарды ұсынады.

Рұқсаттың қолданылуы жергілікті атқарушы органға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым енгізілгенін растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін жұмыс берушіге рұқсат берілген күннен басталады.

Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға алымды енгізгенін растайтын құжаттарды бермеген кезде жергілікті атқарушы органның рұқсат беру туралы шешімі, сондай-ақ рұқсаттың қолданысы осы Қағидалардың 37-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тоқтатылады.

Бас тарту туралы хабарлама осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ-сы арқылы қол қойылған электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің «жеке кабинетіне» жіберіледі.»;

мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

«24-1. Аумағында шетелдік жұмыс күшін тарту жоспарланып отырған жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес бір және (немесе) басқа әкімшілік-аумақтық бірліктерде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруден бас тартады.»;

34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Бір және (немесе) басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы орган берген рұқсат басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.»;

мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын:

«56-1. Жұмыс беруші жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың
8-1-қосымшасына сәйкес жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың ерекше шарттарын орындауы шеңберінде қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтары туралы мәліметтерді жібереді.»;

76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«76. Жергілікті атқарушы орган:

1) шетелдік жұмыскерлердің есебін жүргізеді;

2) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органды шетелдік жұмыскерлер туралы хабардар етеді.»;

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына 8-1-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.А. Сарбасовқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі                                                                          С. Шәпкенов

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика

министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

 

 

«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,             сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрінің бұйрығына

1-қосымша

 

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту,          сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына шарттарына

8-1-қосымша

 

нысан

 

 

Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың ерекше шарттарын орындауы шеңберінде қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтары туралы

 

р/с

№

 

Қазақстан Республикасы азаматының ТАӘ

Туған жылы

ЖСН

Біліктілігінің болуы (кәсібі)

Осы Қағидалардың 51-тармағы шеңберінде орындауға жататын ерекше шарттар (ерекше шарттардың атауы, Орындалу мерзімі, ерекше шарт бекітілген рұқсаттың нөмірі)

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 августа 2021