Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі конкурстық комиссиясының шешімі:
- Конкурсқа қатысуға құжаттарын тапсырған үміткерлердің болмауына байланысты Қаржы департаменті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің 15.09.2021ж. жүктілікке және босануға байланысты демалыста болу кезеңіне) бос лауазымына арналған конкурс өтпеді деп есептелінсін және қолданыстағы заңнамаларға сәйкес кезекті тәртіпте жүргізілсін;
- Комиссияның оң шешімін алған үміткерлердің болмауына байланысты Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы бос лауазымына арналған конкурс өтпеді деп есептелінсін және қолданыстағы заңнамаларға сәйкес кезекті тәртіпте жүргізілсін.