«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы

26 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер

енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11038 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:

3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«3. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну қызметтерді алушының тұрғылықты жері бойынша аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) шешімдері бойынша жүзеге асырылады.»;

5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«5. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуі, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушының, баланы қабылдайтын ата-ананың, патронат тәрбиешінің және 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;

2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаты;

3) амбулаториялық картадан немесе сырқатнамадан үзінді көшірмесімен қоса осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы.

Жұмыспен қамту бөлімі өтінішті қабылдау кезінде ЖСН бойынша «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:

1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

2) мүгедектікті белгілеу туралы;

3) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленген іс-шаралар туралы;

4) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (бар болса);

5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдері н тағайындау туралы;

6) Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) ОЖБ-дан үзіндінің көшірмесі (қарттар үшін ОЖБ-сы бар болса);

2) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса);

3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.

Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.»;

7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«7. Жұмыспен қамту бөлімі:

арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығарады;

арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы шешім шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызмет тағайындау туралы хабарлама жібереді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді тағайындау туралы хабарламаны алғаннан кейін қызметтерді алушы он жұмыс күні ішінде әлеуметтік қызметтер порталында ЭЦҚ арқылы авторизацияланады және стационарлық үлгідегі ұйымды таңдайды.

Таңдалған стационарлық үлгідегі ұйымда бос орындар болмаған жағдайда, қызметтерді алушы кезекке тұрады.

Егер кезекке қойылған күннен бастап бір айдан астам уақыт өтсе, онда қызметтерді алушыны стационарлық үлгідегі ұйымға ресімдеу кезінде қызметтерді алушы осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтадан медициналық тексеруден өтуі қажет. Қызметтерді алушыда медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, жұмыспен қамту бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешімі қызметтерді алушы онда медициналық қарсы көрсетілімнің жоқ екені туралы куәландыратын осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.»;

8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«8. Қызмет алушы стационарлық үлгідегі ұйымды таңдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту бөлімі бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын стационарлық үлгідегі ұйымға мынадай құжаттарды жолдайды:

1) жұмыспен қамту бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;

2) амбулаториялық картадан немесе сырқатнамадан үзінді көшірмесімен қоса осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;

3) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, осы Стандарттың 5-тармағының 3 абзацында көрсетілген құжаттар.»;

9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«9. Стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж балаларды және (немесе) ТҚА бұзылған балаларды және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарды стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігіне тапсырған кезде заңды өкілі мынадай құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады:

он сегіз жастан асқан адамдар үшін – ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжат, соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (бар болса);

балалар үшін – ЖСН-і бар туу туралы куәлік және «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №  ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген  Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес нысан бойынша профилактикалық егу картасы.»;

1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:

3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«3. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну қызметтерді алушының тұрғылықты жері бойынша аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) шешімі бойынша жүзеге асырылады.»;

5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«5. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиеші және 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;

2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаты;

3) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;

      Жұмыспен қамту бөлімі өтінішті қабылдау кезінде ЖСН бойынша «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:

1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

2) мүгедектікті белгілеу туралы;

3) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленген іс-шаралар туралы;

4) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (бар болса);

5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы;

6) Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) ОЖБ-дан үзіндінің көшірмесі (қарттар үшін ОЖБ-сы бар болса);

2) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса);

3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.

Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.»;

7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«7. Жұмыспен қамту бөлімі:

арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығарады;

арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы шешім шығарылған күннен бастап жұмыспен қамту бөлімі екі жұмыс күні ішінде қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызмет тағайындау туралы хабарлама жібереді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді тағайындау туралы хабарламаны алғаннан кейін қызметті алушы он жұмыс күні ішінде әлеуметтік қызметтер порталында ЭЦҚ арқылы авторизацияланады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды таңдайды.

Таңдалған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда бос орындар болмаған жағдайда, қызметтерді алушы кезекке тұрады.

Егер кезекке қойылған күннен бастап бір айдан астам уақыт өтсе, онда қызметтерді алушыны жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға ресімдеу кезінде қызметтерді алушы осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтадан медициналық тексеруден өтуі қажет. Қызметтерді алушыда медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, жұмыспен қамту бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы шешімі қызметтерді алушы медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқ екенін куәландыратын осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.»;

8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«8. Қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды таңдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту бөлімі бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға мынадай құжаттарды жолдайды:

1) жұмыспен қамту бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;

2) амбулаториялық картадан немесе сырқатнамадан үзінді көшірмесімен қоса осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;

3) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда – осы Стандарттың 5-тармағының 3 абзацында көрсетілген құжаттар.»;

1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:

5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«5. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуі, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушының, баланы қабылдайтын ата-ананың, патронат тәрбиешінің және 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын оларды алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;

2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаты;

3) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;

4) балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі.

Уәкілетті орган өтінішті қабылдау кезінде ЖСН бойынша «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:

1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

2) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;

3) мүгедектікті белгілеу туралы;

4) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленген іс-шаралар туралы;

5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы;

6) Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) ОЖБ-дан үзіндінің көшірмесі (қарттар үшін ОЖБ-сы бар болса);

2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.

Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін, медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.»;

7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«7. Тұрғын үй және материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісі жасалғаннан кейін қызмет алушы он жұмыс күні ішінде әлеуметтік қызметтер порталында ЭЦҚ арқылы авторизацияланады және үйде қызмет көрсету ұйымын таңдайды.

Таңдап алынған ұйымда бос орын болмаған жағдайда қызметтерді алушы кезекке тұрады.

Егер кезекке қойылған күннен бастап бір айдан астам уақыт өтсе, онда қызметтерді алушыны үйде қызмет көрсету үлгідегі ұйымға ресімдеу кезінде қызметтерді алушы осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтадан медициналық тексеруден өтуі қажет. Қызметтерді алушыда медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, уәкілетті органның арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы шешімі қызметтерді алушы медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқ екенін куәландыратын осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.»;

9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«9. Қызмет алушы үйде қызмет көрсету үлгідегі ұйымды таңдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту бөлімі бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын үйде қызмет көрсету үлгідегі ұйымға мынадай құжаттарды жолдайды:

1) уәкілетті органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;

2) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;

3) балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі;

4) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, осы Стандарттың 5-тармағының 3 абзацында көрсетілген құжаттар.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын үйде қызметтер көрсету ұйымына жіберу туралы талап тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган үйде қызметтер көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсеткен жағдайларда қолданылмайды.»;

1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартында:

3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«3. Уақытша болу ұйымдарында бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну қызметтерді алушылардың өтініші бойынша немесе аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің (бұдан әрі – уәкілетті органдар), денсаулық сақтау, ішкі істер саласындағы уәкілетті органдардың жазбаша жолдамасы негізінде қызметтерді алушының нақты тұрған жері бойынша жүзеге асырады. Өтініш осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

Уақытша болу ұйымының маманы әлеуметтік қызметтер порталына осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес қызмет алушының уақытша болу ұйымындағы өтінішінен деректерді енгізеді.».  

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. М. Әукеновке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

 

бұйрық жобасы
Дата публикации
07 июля 2021