Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭО) шеңберіндегі интеграцияның неғұрлым маңызды бағыттарының бірі 2015 жылдан бастап бірыңғай еңбек нарығын қалыптастыру болып табылады.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары үшінші елдердің азаматтарымен салыстырғанда елеулі артықшылықтарға ие болды.
Мәселен, ЕАЭО-ға мүше өзге мемлекеттерде еңбек қызметін жүргізу кезінде еңбекшілерге ішкі еңбек нарықтарын қорғау жөніндегі ұлттық квоталар мен шектеулер қолданылмайды.
Бұл ретте еңбекшілерді әлеуметтік сақтандыру жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары үшін жасалған шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
Жұмысқа орналастырушы мемлекеттің аумағында уақытша болу мерзімі еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімімен айқындалады.
Тану рәсімдерін өткізбей білім туралы құжаттарды тікелей тану қамтамасыз етілді.
ЕАЭО-да кепілдендірілген еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің белгілі бір медициналық қызметтерге қол жеткізу құқығы оларға «COVID-19» инфекциясын жұқтырған кезде емдеуді қоса алғанда, тегін медициналық көмектің қажетті көлемін алуға мүмкіндік береді.
ЕЭО азаматтары үшін ішкі еңбек нарықтарын қорғау жөніндегі ұлттық заңда көзделген шектеулердің болуы жұмысынан айрылған еңбек қызметкерлеріне қызметтің өзге салаларында мүмкіндікте қыс мезгілінде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.